Таным • 29 Сәуір, 2022
Мейірім деген не осы? Сезім бе, қасиет пе, әлде эмоция ма? Мүмкін көңіл күйдің әсерінен туындайтын мінез шығар? Сол мейірім адамда таусыла ма екен? Бәлки, жүрек қатайып, ыстық сезімдер өшкен кезде мейірім де мұзға айналар. Егер ол тек саналы жанға тән қасиет болса, онда неге әлемде соғыс болып жатыр? Неге адамдар бір-біріне әділетсіз? Осы жолдарды жазып отырып, мейірім деген сөзді гуглдан іздеп көріп едік. Сығанақ 19 көшесіндегі «Мейірім» медициналық орталығы атып шықты. Ал біз ізгі мінез туралы сөз қозғап отырмыз...
Әдебиет • 27 Сәуір, 2022
Ақындық абырой ма?.. Жақсы өлең жазу жақсы өмір сүру ме?.. Әр оқырманның араға уақыт салып қайта оқығысы келетін шығармасы болады. Біреу Қасымды, біреу Сайынды, енді біреу Айтматовты сағынып жүріп оқиды. Толстой, Достоевский, Чехов, Хэм екібастан. Тіпті кей оқырманның әр жазушыны әр мезгілде оқитыны қызық. Мәселен, қазір Алматыға барсаң, Есенғали есіңе түседі. «Сол Алматы, сол өзен...»
Өнер • 26 Сәуір, 2022
«Неге екенін білмеймін, жұлдыздарға қараған сайын ылғи армандағым келеді».Винсент Ван Гог
Таным • 22 Сәуір, 2022
Жұмыс кабинетіндегі қабырғада қазақ руханиятына еңбегі сіңген бес тұлғаның портреті ілініп тұр: Абай, Әлихан, Шәкәрім, Міржақып және Әуезов. Бұл бейнелерге қарап отырып, түрлі ойға қаласың. «Осы адамдар халықтың қазіргі жағдайын һәм қандай дәрежеге жеткенін біле ме екен... сезе ме екен? «Жаңа Қазақстан» идеясына көзқарастары қандай? Жалпы, осы бесеудің ішінде кім жақсы өмір сүрді? Абай ма?.. Әуезов те жазушылық еңбегінің игілігін көрді емес пе?...»
Қоғам • 08 Сәуір, 2022
Газет бетінде түрлі мәдени-рухани, әдеби мақалалар жазып жүрміз. Мәселен, оқырманға ұнаған кітап, өлең, спектакль, кино, ән... Аталған көркем шығармалардың ішінде халық қазір кино мен әннен ғана алыстамаған секілді. Иә, белгілі бір деңгейде. Кейінгі уақытта отандық фильмдер жиі түсіріліп жатыр. Айталық, өмірде болған оқиғаларға құрылған «5:32» деректі сериалының қаралымы жақсы болды. «Мұқағали», «Ахмет. Ұлт ұстазы», «Мұқағали. Бұл ғасырдан емеспін...», т.б. телесериалдар бұл секілді жаппай көрілген жоқ. Ал көптеген жас бүгінде кімнің әнін тыңдап жүр? Қандай әнге билеп жүр? Әрине, «ИК». «Кеттік, бәрін таста» немесе «Не әңгіме? Не әңгіме?».
Тарих • 07 Сәуір, 2022
Сахарамызды кезген санаткерлер
Қазақ даласының әр қиырындағы қызықты һәм таңғаларлық оқиғалар мен адамдарды, халықтың тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, әні мен күйін зерттеген шетелдік ғалымдар мен өнертанушылар аз болған жоқ. Оған зерттеушілердің ұлт тарихына куә болған түрлі жазбалары дәлел. Мұндай еңбектер қазір де жазылып, басылып шығуда. Мәселен, жуырда ғана елордада британдық жазушы-саяхатшы Ник Фильдиңнің «Ұлы дала саяхатшылары: папа елшілерінен бастап, Ресей революциясына дейін» атты кітабының қазақ-орыс тілдеріне аудармасы таныстырылды. Автор өз жұмысын Қазақстан астанасына арнайы келіп ұсынды.
Театр • 05 Сәуір, 2022
Жуырда «Астана Балет» сахнасында қазіргі заман биінің дауылпазы Иржи Килианның Стивен Райх музыкасына қойған «Жолдан тайғандар» хореографиялық миниатюрасының премьерасы өтті. Қоюшы-хореограф – Стефан Жеромски. Өнер ұжымы Килианның даңқын әлемге жайған ақ-қара түсті балет ішіндегі танымал туындысын сахналады.
Театр • 04 Сәуір, 2022
Әділеттен арсыздыққа дейін немесе премьера кезіндегі дезинфекция сыры...
Жұмыр жердің бетінде тіршілік басталғалы бері жақсылық пен жамандық, ақиқат пен жалған, әділет пен қиянат, махаббат пен ғадауат қатар жарысып келеді. Әділетсіз өмірдің заңдылығы солай ма дерсің. Алайда қым-қуыт тіршілікте әр адамның өз даусы бар – өз шындығы бар. Ол өмір бойы сол көзқарасы үшін күреседі, қоғамға өз ақиқатын дәлелдегісі келеді. Әлқисса. Жуырда ғана Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында қойылған А.Н.Островскийдің «Жылы орын» әлеуметтік комедиясының премьерасы көрерменді осындай ойларға жетелейді. Айта кетейік, аталған спектакль қазақ сахнасында алғаш рет қойылып отыр.
Елорда • 31 Наурыз, 2022
Елордадағы Юнус Эмре түрік мәдениет орталығы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен «Түрік шайын таныту» іс-шарасын өткізді.
Қоғам • 31 Наурыз, 2022
Балалар жылында республикада түрлі жобалар жүзеге асырылуда. Мәселен, күні кеше ғана «Астана Опера» музыкатанушыларының шығармашылық тобы ұйымдастырған «Балаларға арналған классикалық музыка апталығы» фестивалі аяқталды. Аталған жоба 5-15 жастағы балаларға арналды.