Қоғам • 20 Наурыз, 2022
Өскелең ұрпақ – ел келешегі, ұлттың жалғасы. Бала болашағының іргетасы мықты болуына, ең алдымен тағылымды тәрбие мен сапалы білім ықпал етеді. Яғни бала тәрбиесі мемлекет идеологиясының маңызды бір саласы іспеттес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауының да түп-төркіні осында жатыр. Жастарды қолдауға айрықша көңіл бөлінетін Барыс жылында не жоспарланып, қандай істер атқарылмақ?
Өнер • 15 Наурыз, 2022
Кремль сарайында өнер көрсетті
«Астана Опера» театрының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақтияр Адамжан мен театр солисі Анастасия Заклинская «Андрис Лиепа 6:0» әлем балет жұлдыздарының мерейтойлық гала-концертінде өнер көрсетті. Бақтияр Адамжанның гастрольдік туры Новосібір опера және балет театрының сахнасында қойылымдарға қатысуымен жалғасты.
Руханият • 14 Наурыз, 2022
Ақиқатында, адам жанды картинаға, жақсы өлеңге, тәуір шығармаға һәм сұлулыққа таңғалады. Көркем дүниені таңғала тамашалап, қызығу, бағалау – заңдылық. Шын өнерге тамсану да талғамға байланысты, әрине. Адамның ойын да, көзқарасын да, қағидасын да талғам өзгертсе керек. Яғни жан қалауы, ішкі сын – талғам деңгейі сіздің өмір сүруіңізге де ықпал етеді. Сондықтан да талғам әрқашан биік, кірпияз... Тіпті адамның адамнан артықшылығы да сол талғам деңгейіне байланысты дейміз. Ол «кешкі асқа балық жеймін» деген сөзбен ғана өлшенбейді: талғам одан да үлкен, одан да терең кеңістіктегі ұғым. Алайда уақыт өте келе жақсыға таңғалудың жөні мен жосығы да өзгереді екен. Ол да талғамнан.
Руханият • 13 Наурыз, 2022
Жазу туралы... Жазушы үшін жазудан қиын һәм жазудан оңай дүние жоқ. Әр ақын өзінің әйтеуір бір жақсы өлең жазатынына сенеді, әр жазушы қаламынан алда бір жақсы шығарма туатынын күтеді. Жазудың иесі жазушы болғандықтан, көркем сөз дегеніңіз ақ қағазға судай құйылмай ма дерсіз. Жазу – мехнат, жазу – азап, тіпті «тәтті тозақ». Бұған классикалық шығармалар жазып қалдырған талай автордың сөзі, шығармасы, өмір жолы дәлел. Иә, ардың ісіне баланған әдебиетте жақсы жазу тек талантқа байланысты емес. Ақиқатында, қаламгердің жазуына оның шеберлігінен бөлек болмысы, мінезі, тәртібі, тұрмыс жағдайы, күн режімі, тіпті көңіл күйі де әсер етсе керек. Әлқисса.
Өнер • 10 Наурыз, 2022
Нұр-Сұлтан қаласы №1 Балалар музыка мектебінің үлкен «Эстрадалық вокал» бөлімінің 2-сынып оқушысы Айзада Аманжолқызының «Ғажайып әлем» республикалық олимпиадасында үздік деп танылып, үздік балалар ертегілер топтамасына енген «Айзаданың ғажайып әлемі» ертегісі желісі бойынша М.Дәулетбақ атындағы балалар театры оқушыларының қатысуымен «Айзаданың ғажайып әлемі» атты мюзикл-ертегі премьерасы өтті.
Руханият • 10 Наурыз, 2022
Ақын Гүлнар Салықбай бір сұхбатында: «Өмір тек күтуден тұрады», дейді. Бәлки, пессимистік көзқарас, бәлки, шындық.
Қоғам • 04 Наурыз, 2022
Жуырда Алматы қаласындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Әгугәй мен Игигәй» музыкалық ертегісінің премьерасы өткен еді. Биылғы «Балалар жылы» аясында ұсынылған қойылым режиссері әрі инсценировка авторы – Нұржан Тұтов.
Руханият • 03 Наурыз, 2022
Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы аясында Қазақ радиосының әуе толқынынан «Абай жолы» роман-эпопеясының аудионұсқасы беріледі.
Руханият • 27 Ақпан, 2022
Алаштың рухани көсемі ардақталды
Ұлт тарихында қазақтың ілімі мен білімін негіздеп, қалыптасуына орасан еңбек сіңірген тұлғалар баршылық. Әсіресе «тар жол, тайғақ кешулі» заманда тұтас ұлттың ұстазына айналған Ахмет Байтұрсынұлын ерекше атап өтеміз. Биыл Алаштың рухани көсемінің туғанына 150 жыл толып отыр.
Әдебиет • 23 Ақпан, 2022
«Сағатыңыз қанша болды, жапырақ, Сағатыңыз неше болды, көбелек?» Ерлан Жүніс