Әдебиет • 11 Ақпан, 2022
Халықаралық өнер орталығы Radius (АҚШ), Халықаралық өнер орталығы Pegasus Brucke, сонымен бірге он мемлекеттің халықаралық қоғамдық ұйымдары қазақ жазушысы Роллан Сейсенбаевқа «Әлемнің алтын жазушысы» атағын табыс етті.
Қоғам • 10 Ақпан, 2022
Астанадағы Республика көшесінің бойында «Дареджани» атты әйгілі грузин мейрамханасы бар. Жалпы, бұл аймақ бұрын сол жағалау салынбай тұрып, ескі Ақмоланың орталығы болған. Яғни астананың «өз тұрғындары» көбінесе осы маңда тұрады. Қазір де Республика даңғылының бойы күні-түні қызу тіршілік (тіпті астаналық ереуілшілермен танылған). Бұл көшені кейде Алматыға да ұқсатады. Әлқисса.
Әдебиет • 07 Ақпан, 2022
Кеше Алматы жұртшылығы көрнекті қаламгер, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовті соңғы сапарға шығарып салды. Қаралы жиынға Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин қатысып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту жеделхатын оқып берді.
Әдебиет • 07 Ақпан, 2022
Кейде таңғы кофеңді ішіп отырып ойланасың: егер қоғамдағы «жоғалған оқырман» алда-жалда кітап оқимын десе, қазақ әдебиеті қолжетімді ме? Жалпы, біз осы отыз жылда қазақтілді кітаптардың контентін қалыптастыра алдық па?
Тарих • 04 Ақпан, 2022
Ақмола облысында былтырғы көне және орта ғасырлардағы тарихи ескерткіштерге жасалған экспедицияның нәтижелері бойынша «Ақмола облысының мәдени мұрасы: жаңа зерттеулер» атты ғылыми-танымдық басылым жарық көрді.
Өнер • 03 Ақпан, 2022
Кембридж университеті жанындағы Фицуильям мұражайында «Ұлы дала алтыны» көрмесінің ресми жабылуы өтті. Британдық БАҚ «халықаралық сенсация» деп атаған және Apollo журналы әлемнің үздік алты көрмесінің бірі деп атаған бірегей көрме Ұлыбританияда төрт айға жалғасты.
Әдебиет • 02 Ақпан, 2022
«Табақ бет, таңқы танау» қалай жазылды?
Бүгінгі әдебиетте жазып жүрген авторлардың бәрі әуесқой жазушылар. Оның себебі де анық: қоғамда жазушылықпен кәсіби түрде айналысуға мүмкіндік жоқ. Халық үшін де, билік үшін де әдебиет белгісіз бір орында қалған өнерге айналды. Сондықтан кейде прозашыларға биік талап қоюға дайын тұратынымыз әбестік сияқты көрінеді. Алайда «әдебиет – ардың ісі» емес пе еді?.. Әлқисса.
Әдебиет • 01 Ақпан, 2022
Ағылшын тіліне аударылған алғашқы қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовті Америкамен не байланыстырады? Әрине, жолсапар. Әуезов 1960 жылы Кеңес жазушыларының делегациясы құрамында Америка Құрама Штаттарына барады. Бұл сапарға жазушы Л.Леонов, О.Гончар, С.Щипачевтермен бірге аттанған. Жазушы мұхиттың арғы бетіндегі Вашингтонда, Нью-Йоркте, Калифорнияда, Лос-Анжелес пен сол штаттың Фресно графтығында, одан кейін Аризона штатының орталығы Феникс қаласында, қайтарда Бостон шаһарында бірнеше күн болған. Бір айлық сапардың нәтижесінде «Америка әсерлері» атты жолжазба естелігі жазылды. Әлқисса.
Қазақстан • 01 Ақпан, 2022
«Қазақфильм» жұмысымен танысты
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының жұмысымен танысты.
Қоғам • 31 Қаңтар, 2022
Бүгінде кітап оқымау ғадеті қазақ қоғамында ғана емес, барша әлемде белең алып отыр. Кітап оқуға толық мүмкіндігі бар адамдардың көркем әдебиетке қызықпауының себебі көп. Ең басты дәуірлік себеп, әрине, «сананы тұрмыс билеуінде». Ал мүмкіндігі шектеулі – зағип жандар кеш қарая «Жабайы алманы» оқығысы келсе де оқи алмайды: Брайль қарпіндегі кітап тапшы. Бір сөзбен айтқанда, көзі көрместің кітап оқуына мүмкіндік жоқ.