Руханият • 25 Мамыр, 2021
Жуырда Алматы қаласында ерекше форматта лирикалық кеш өтті. Поэзия кеші. Сахнада өлең ғана салтанат құрды. Әдеттегідей, үлкен мінберден аға буынның ақжарма тілегі мен тегін мақтауы айтылған жоқ. Бата беріліп, шапан да жабылмады. Тек жас авторлардың еркін дауыстары естілді, өлеңдеріндегі нәзік сезімдері сезілді.
Әдебиет • 24 Мамыр, 2021
Уақыт тегершігі қозғалған сәттен бері әр кезеңнің өз жазушысы, өз тарихшысы бар деп білеміз. Яғни кез келген қоғамның психологиясын өз суреткері баяндайды. Ал қазіргі қазақ өмірі көркем шығармада қалай бейнелеп жүр? Әдеби сауалдамамыздың кезекті қонақтары – әдебиетіміздің жас буын өкілдері.
Әдебиет • 21 Мамыр, 2021
Қазақ қоғамының бүгінгі күрмеулі мәселесінің бірі – оқу. Анығырақ айтқанда, оқырманның қазақ көркем шығармаларын оқуы. Бұл мәселенің айтылып жүргеніне көп жыл болды һәм айтыла беретін секілді. Қаламгердің «тәтті тамұғынан» буырқанып шыққан шығармасы оқылмаса, автордың да жағдайы мүшкіл. Әйтсе де, жазуға жаралған жандар жазбай кете ала ма? Ол мүмкін бе?.. Әдеби сауалдамамыздың кезекті қонағы – жазу стилі ерек Дидар Амантай. Дәстүрлі сұрақ: не жазып жүрсіз?
Өнер • 20 Мамыр, 2021
Өнер адамдарына ортақ прототип
Осы кино деген қалай пайда болды?.. Бұл әдебиетке де, театрға да, тіпті ешқандай өнерге қатысы жоқ екі француздың 1895 жылы ашқан жаңалығы. Содан бері әлемде түрлі тақырыптағы һәм түрлі деңгейдегі мың-миллион фильм түсірілді. Әлқисса.Кейінгі жылдары қазақ киносында белгілі бір деңгейде өзгеріс орнап, тың ізденістердің әсері сезіледі. Отандық режиссерлер қадари-халдерінше сапалы әрі мағыналы фильмдер түсіріп бағуда. Ал дәл қазір қандай кинокартина таспалап жатқанын режиссер, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, Францияның әдебиет және өнер орденінің иегері Дәрежан Өмірбаевтан сұрап көрдік.
Әдебиет • 19 Мамыр, 2021
Кейде таңғы кофеңді ішіп отырып ойланасың: дарқан даламыздың бір нүктесінде бір талантты жазушы жақсы шығарма жазып отыр ма екен?.. Әгәрәки, бақытымызға қарай жазып отырса, әңгіме не туралы... Оқиға қалай өріледі... Бәрінен бұрын кейіпкердің басынан нендей трагедия өтеді... Оның жаны қалай толқиды? Ең бастысы, оны үлкен Қазақстандағы қазақтілді аз оқырман қашан оқиды екен?.. Санада беймаза сұрақ көп. Әрине, өзің жазбаған соң осылай болады, әрі көңіл шіркіннің арманы биік – классиканы оқығысы келеді.
Өнер • 17 Мамыр, 2021
Елордада вакцина туралы ашық аспан астындағы театр қойылымы өтті. «Астана мюзикл» театры әртістері ұсынған көрсетілімде «COVID-19» індетінің алдын алу және онымен күресте тиісті талаптардың сақталу керектігі насихатталды. Далада өткен хореографиялық қойылымды елорда жұртшылығы тегін тамашалады.
Қазақстан • 14 Мамыр, 2021
«Рухани қазына – 2021» фестивалі басталды
Ел астанасында мәдениет, өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлері арасындағы IV республикалық «Рухани қазына – 2021» фестивалі басталды. Биылғы байқау мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылып отыр.
Әдебиет • 13 Мамыр, 2021
«...Бәріміз – жазуын ешкім ұқпайтын бір жапырақ қағазбыз...» «Жазу» Ол күнде кешкісін серуенге шыққанда, оқушы дәптерінің жыртылған бір парағы ағараңдап елеусіз ғана жолында жатады. Ол жақындағанда, астынан самал кеулеп, көтеріліп-басылып, көтеріліп-басылып, ұша жөнелгісі келгендей қалбаңдай түсіп, тынши қалады... Тұрсынжан Шапайдың «Жазу» атты қысқа әңгімесінің оқиғасы осылай басталады.
Әдебиет • 10 Мамыр, 2021
«Біртүрлі» Ахматова Әкесі Ахматованың ақындығын мойындамапты, тіпті пысқырып та қарамаған. Сондықтан қызына өз тегімен жарияланып, жұртқа масқара болмасын деп лақап атпен жазуын талап етеді.
Әдебиет • 06 Мамыр, 2021
...ішкі дайындығым піспей жатыр
Шартарапты шарлаған пандемия басталғалы әлемде де, елімізде де көптеген өзгеріс орын алды. Экономиканың түрлі салаларынан бөлек, қоғамның мәдени-рухани тіршілігі де тоқтап қалған кездер болды. Осы бір «оқшаулану уақыты» шығармашылық иелеріне қалай әсер етті? Әдеби сауалдамамыздың кезекті авторы – «Құрмет» орденінің иегері, ақын Светқали Нұржан.