Қоғам • 16 Тамыз, 2024
Қазақша сөйлеген тағы бір туынды
Қоғамда саяқ өмір сүретін, «ерекше» топтың қатарында саналатын ерекше армандары бар жандар ғажайыпқа көбірек сенеді. Алайда ақ пен қарасы қатар өрілген өмірде ғажайып көп болмаса да, көркем шығармаларда кездесіп жатады. Мәселен, Дэниел Киздің «Алжернонға арналған гүл» (Flowers for Algernon) шығармасындағы Чарли де бір ғажайыпқа сенді, арманына қол созды. Өмірі күрт өзгеріп, «ерекшелігінен» айығатын сол бір сәтті аңсады. Қарапайым адамдардың қатарына асықты. Жуырда «Мазмұндама» баспасынан осы ерекше жанның тағдыры суреттелген кітап қазақ тілінде жарық көрді.
Өнер • 16 Тамыз, 2024
Ел астанасында Халықаралық жастар күніне орай «Bir tolqynda» заманауи би чемпионаты өтті. «Amanat» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты Астана қаласы әкімдігінің «Би спорты дамуының ұлттық одағы» РҚБ қолдауымен өткізілген іс-шарада алты мемлекеттің өнерлі жастары бақ сынады. Өнер додасы биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр.
Елорда • 15 Тамыз, 2024
Халықаралық жастар күні аясында Есіл өзенінің жағасында «Жастармен бірге» Open air музыкалық фестивалі өтті. Мәдени кеште «Жастармен бірге» ұлттық онкүндігі қорытындыланып, белгілі әншілер өнер көрсетті. Іс-шара барысында сөз алған Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев осы онкүндіктің және қорытынды кештің маңызына тоқталды.
Басылым • 15 Тамыз, 2024
Жуырда академик, Сенат депутаты Дархан Қыдырәлінің «Нүкте философиясы» атты кітабы қолымызға тиген еді. Жаңа жинақтың атына қарап, автордың «Egemen Qazaqstan» газетінде (2020 жылы 3 маусым) жариялаған осы тақырыптағы бағаны еске түсті.
Кино • 14 Тамыз, 2024
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Сайын Мұратбековтің «Жабайы алма» повесінің желісімен алты бөлімді сериал дайындап жатыр. Екіжылдық жобаның биыл сценарийі жазылып, жаздық сюжеттері түсіріледі. Түсірілімнің басым жұмыстары қыста болады. Телехикая келесі жылдың мамыр айында эфирге жоспарланып отыр.
Өнер • 14 Тамыз, 2024
Зергер Абзал Молдабек есімін әлеуметтік желі арқылы жұрт жақсы таниды. Әр жұмысына ерекше ден қоятын, әсемдікпен қатар мазмұнға айрықша мән беретін шебер. Мұны оның әр туындысынан байқауға болады. Жұмыс барысынан әлеуметтік желіге салған жазбалары да соны аңғартады. Тіпті кейде «Мына әшекейді жасап болған соң, сатуға қимай қалдым», дейді. Әр әшекейіне тауар деп емес, өнер туындысы деп қарайтын зергердің мазмұнды туындылары да осынысымен сұранысқа ие.
Тағзым • 14 Тамыз, 2024
Өнер мен мәдениеттің алтын ордасына айналған Алматыда қаншама тау тұлғаның ізі қалды десеңізші. Мәселен, алғашқы суреттерін тасқа қашап салған Қазақстанның халық суретшісі, кескіндеме мен графика өнерінің қайнар бастауында тұрған Әбілхан Қастеевтің 1958-1973 жылдары тұрған қарашаңырағы осы қалада. «Қазақстан» қонақүйінің артындағы жер үйлердің арасында көзге оттай басылатын тарихи үй бүгінде мұражайға айналған.
Кино • 13 Тамыз, 2024
Үлкен экранда – «Дала қасқыры»
Күні кеше ғана елордадағы Mega Silk way орталығында Әділхан Ержановтың «Дала қасқыры» фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Киножоба Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы және «Golden Man Media» компаниясының қолдауымен түсірілген. 15 тамыздан бастап ел кинотеатрларына жол тартпақ.
Көрме • 13 Тамыз, 2024
Прага музейінде Алматы қаласы мұражайлар бірлестігі коллекциясының жәдігерлерінен ұсынылған «Уақыт керуені» атты көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Елорда • 10 Тамыз, 2024
Хакім Абайдың туған күні қарсаңында елорда орталығында ақынның үлкен цифрлық бейнесі пайда болды.