Театр • 12 Наурыз, 2021
12, 13, 14 наурыз күндері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрында Н.Мошинаның «Дүние-Ғапыл» метафизикалық драмасының премьерасы өтеді.
Әдебиет • 12 Наурыз, 2021
Әйгілі швед жазушысы Астрид Линдгреннің қазақ тіліндегі «Ұзыншұлық Пиппи» кітабының тұсаукесері өтті. Мира Сембайқызының тәржімасымен «Фолиант» баспасынан басылып шыққан балалар шығармасы қазақ тіліне алғаш рет аударылып отыр.
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Ұлттық академиялық кітапханада балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында өңірлерден келген шығармашыл балалармен кездесу өткізді.
Руханият • 04 Наурыз, 2021
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Қазақ баспасөзінің қатары тағы бір жаңа газетпен толықты. Қарағанды қаласынан «Qaraǵandy habary» апталық газеті 4 наурыз күні алғашқы санын шығарды. Айта кетейік, жаңа басылымның тұңғыш нөмірі қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханұлының туған күніне орай жарияланып отыр.
Руханият • 04 Наурыз, 2021
Жамбыл жырлары ұлттық кодқа айналуы керек
Ұлттық академиялық кітапханада қазақ халқының ұлы ақыны, жыршы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Ғасырлар жырлаған ғажап ақын» атты кітап көрмесі өтті.
Руханият • 03 Наурыз, 2021
Жеңіске жеткізген «Жұмыр қылыш»
«Ұлытау» этно-рок тобы АҚШ-тағы әлемнің 83 елінен музыкалық топтар додаға түскен DJOOKY Music Awards халықаралық байқауында рок/металл санаты бойынша жеңіске жетті. Өнер ұжымы Махамбет Өтемісұлының «Жұмыр қылыш» күйін орындаған.
Театр • 02 Наурыз, 2021
Кішкентай көрермен кімге өкпелейді?
Тылсымын ішіне бүккен қуыршақ өнері ерте замандардағы жәрмеңкелерден бастау алып, бүгінде балаларға рухани-мәдени өмірдің алғашқы баспалдағы болып отыр.
Әлем • 02 Наурыз, 2021
Беларусьпен байланыстың бір белесі
Жуырда «Барша адамзатты біріктіруші құрал – кітап» ХXVІІІ Минск халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінде ел павильонын Ұлттық академиялық кітапхана Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен және Қазақстанның Беларусь Республикасындағы елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды.
Өнер • 26 Ақпан, 2021
Көмбедегі көне күй күмбірлейді
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ұлттық академиялық кітапханада «Аманат» қазақ күйлері антологиясы» атты қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі жинақтың тұсаукесер рәсімі өтті. Байырғы әрі бірегей күйлер жазылып, цифрлы тасығышпен жабдықталған көлемді еңбек «Сауап» қоғамдық қорының демеушілігімен шығып отыр.
Әдебиет • 19 Ақпан, 2021
Бәрін басынан бастауға бола ма, тағдыр?Өзімді таппай адасқан кезімді ақтайтын. Бәрін басынан бастауға бола ма, уақыт? Енді күтпейін жолды ешкімі қайтпайтын... Айжан ТАБАРАКҚЫЗЫ Ақиқатында, өлеңсүйер оқырманның көбі лириканы жақсы көреді. Өйткені лирика – мөлдір өлең. Онда махаббат мен ғадауат, сұлулық пен нәзіктік, көңілге ұялаған мұң, сағыныш, арман мен аңсар, әрине, ең бастысы сезім бар. Қоңыр тіршілікте жақсы өмір сүруге һәм жақсы адам боп жүруге тырысатын әрқайсымызда айналамызға көрсете бермейтін (бәлки, одан ұяламыз) сезімдер болады. Жан тереңіндегі осы бір «құпия» сезімдер лирикада ақын жүрегінен нәзік иіріммен құйылып түседі. Сол үшін де мына жұрт «сезімшіл» өлеңдерді жиі оқитын болар. Ал өлеңнен әркім өзін іздейтіні екібастан.