Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
797 материал табылды

Сайлау • 12 Қаңтар, 2021

Халықаралық стандарттарға сәйкес

Қазақстандағы Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының сайлауы барысында ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ. Бұл туралы баспасөз мәслихатында түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі Хатшысының орынбасары, сайлау байқаушылары делегациясының басшысы Омер Кожаман баяндады.

Таным • 12 Қаңтар, 2021

«Ұлы Гэтсбидің» құпиясы ашыла ма?

АҚШ-та америкалық жазушы Майкл Фаррис Смиттің «Ұлы Гэтсби» (авторы Фрэнсис Скотт Фицджеральд) шығармасына кіріспе (приквел) ретінде жазған «Ник» романы жарияланды. Кітап 25 ақпаннан бастап Ұлыбританияда сатылымға шықпақ.

Әдебиет • 12 Қаңтар, 2021

Футболшы Әуезов, велошабандоз Толстой...

Жер-дүниені ақ қар, көк мұзға орап келетін қыстың да өзіндік қы­зықтары көп. Сырғанақтан бас­тап, қарым-қабілетіңізге қарай коньки, шаңғымен шебер үйлесім тауып жатсаңыз, ол да өнерліліктен. Өйткені екінің бірі шаңғымен тау­дан төмен ызғытып құлдилай ал­майды және бұл қыстық өнер тү­рі мамандық таңдамайды екен. Жазудың классикалық үлгісін көр­сеткен қаламгерлер де спорттан кенде емес. Әлқисса.

Әдебиет • 12 Қаңтар, 2021

Талғам таразысы ізімен...

Бүгінгі оқырман классикалық шығармаларды немесе мотивациялық һәм психологиялық кітаптарды таңдаса, ол оның талғамына байланысты. Яғни талғам дегеніміз – көзқарас. Адамның эстетикалық ой биігі. Бұл талғам дегеннің өзі кейде екіұшты ойға қалдырады. Мәселенки, қазіргі қоғам, егер оқыса, адамның табысты әрі бай өмір сүруіне, бизнесті ілгерілетуге және отбасындағы түрлі қиындықтарды еңсеруге үйрететін кітаптарды оқиды: классиканы емес.

Әдебиет • 08 Қаңтар, 2021

Жыл кітаптары анықталды

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы оқырмандар арасында қалыптасқан дәстүрге айналып келеді. Аталған жоба қазақ әдебиетінің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулуға бағытталған.

Қоғам • 06 Қаңтар, 2021

Баспа саласында басы ашылмаған мәселе көп

Әлемдік статистика бойынша киноиндустрия мен кітап саудасын салыстырсақ, кітап шығару әлдеқайда көбірек пайда әкеледі. Бұл тұжырымды естіп, біл­генімізбен еліміздегі баспа саласы мен кітап нарығының жағ­дайы оңалар емес. Мәселен, қазір­гі таңда 300-ге жуық баспа мен 800-ге тарта баспахана жұмыс істей­ді. Сонда да қоғамда кітап өндірі­сінің имиджі төмен. Оған себеп, кітап басып шығаруда нақты жүйе мен маркетингтің жоқтығы. Со­дан болар, кітап сатудан түсетін табыс­тың тек 25 пайызы ғана отан­дық өнімге тиесілі.

Әдебиет • 30 Желтоқсан, 2020

Модернист Мо Янды қазақша оқимыз

Жақын арада қазақ оқырманы тағы бір классикалық шығармамен танысатын болады. «Фолиант» баспасы қытайлық жазушы, Нобель сыйлығының иегері (2012) Мо Янның «Өмір мен өлім азабы» романын қазақ тілінде жарыққа шығармақ.

Әдебиет • 30 Желтоқсан, 2020

Жазу – қаламнан бұрын санада бастау алады

Шексіздік, ең алдымен адамның ой-қиялына тән. Ал терең ойдың жемісі – жазу. Жақсы жазу. Ол дегеніңіз әдебиет. Кез келген ақын-жазушының жан түкпірінде бүлкілдеп жүрген бір ойы болады. Бәрін түгесіп, тауысқан классик жоқ. Бәрінің де, әйтеуір жазары бар. Әлқисса. Бүгін Әдебиет бетінде «Не жазып жүр­сіз? Һәм не жаза алмай жүрсіз?» деген әде­би сауалдама бастап отырмыз. Қазіргі қазақ авторларының шығармашыл өміріне барлау жасай отырып, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты, жазушы-драматург Роза Мұқанованың не жазып һәм не жаза алмай жүргенін сұрап көрдік.  

Театр • 29 Желтоқсан, 2020

Жасөспірімдер театрға барсын десек...

Қоғамда сахна мәдениеті қалыптасып, адамдар «хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнермен» қауыша бастаған уақыттан бері театр биік талғам мен парасат мекеніне айналған-ды. Драматургияның шын шеберлік пен суреткерлікті қатаң талап ететіні де осыдан. Асыл өнердің табиғаты туралы неміс сыншысы Лессинг: «Лирикада болмыстың шындығы сезіледі, прозада болмыстың шындығы баяндалады. Ал драмада болмыстың шындығы жасалады», дейді.

Өнер • 25 Желтоқсан, 2020

Елена Әбдіхалықова: Күйінгенім де, сүйінгенім де – өнерімде

Бүгінгі қоғамда таза өнерді, шын өнерді бар болмысымен қолдап, қорғап һәм сахнаның абыр-дұбырынан саяқ жүретін, ал жеке кездесе қалсаңыз, ән туралы шын пейілімен ақтарылатын өнер адамдарын кезіктірудің өзі қиын. Әнші, композитор, ақын Елена Әбдіхалықова сол саптағы аздаған өкілдің бірі. Жақсы ән тудырып, тыңдарманның жүрегін тазарту арқылы қазіргі қазақ сахнасындағы бейбастықпен күресіп жүрген талант иесімен шығармашылықтың қызығы мен қиындығы туралы әңгімелескен едік.