Қоғам • 20 Желтоқсан, 2020
Авторлық құқық: Жаңа заң жарылқай ма?
Елімізде ақын-жазушыларға берілетін қаламақы тәуелсіздік жылдарынан бері түйткілді мәселеге айналған-ды. Ұзақ уақытқа созылған күрмеулі тақырыптың түйіні – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында бекітілген «Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату қағидалары» арқылы тарқағандай болды. Алайда 2017 жылдан бастап іске асқан бұл бағдарлама автордың құқын 70 жылға шектейтін болғандықтан, қоғамда түрлі наразы пікірлер туындады. Осы себептен жуырда Мәдениет туралы заңға бірқатар өзгеріс енгізіліп, авторлық құқықты сатып алу мерзімі 70 жылдан 5 жылға қысқарды.
Оқиға • 10 Желтоқсан, 2020
Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Абай тағылымы – Тәуелсіздіктің тірегі» атты республикалық ақындар айтысының ақтық мәресі өтті.
Оқиға • 07 Желтоқсан, 2020
«Алтын тобылғы – 2020» иегерлері анықталды
Елбасы қоры әдебиетті қолдау мақсатында ұйымдастыратын «Алтын тобылғы» байқауының жеңімпаздары анықталды. Оған түрлі жанрда қалам тербеп жүрген 18 бен 35 жас аралығындағы қаламгерлер қатысқан еді.
Оқиға • 01 Желтоқсан, 2020
Қарақаттың дауысы қайран қалдырды
Junior Eurovision XVIII ән байқауында ел намысын қорғаған Қарақат Башанова 2-орынға ие болды. Жас талант өнер додасында Forever әнін шырқаған еді.
Кино • 30 Қараша, 2020
Алан Рикман күнделіктері жарияланбақ
Әйгілі британдық актер Алан Рикманның 27 томнан тұратын күнделіктері бір кітап болып жарыққа шықпақ. Баспаның хабарлауынша, қолжазба актердің жиырма бес жылдан астам өмірін қамтиды. Яғни Рикман 1990 жылдардан бастап ғұмырының соңына дейін (2016) күнделік жазған.
Кино • 30 Қараша, 2020
DISNEY-дің тағы бір фильмі – қазақ тілінде
Disney студиясының қазақ тіліне дубляждаған «Мулан» анимациялық фильмінің премьерасы 17 желтоқсанда өтеді. Айта кетейік, бұл – отандық кинопрокат мемлекеттік тілде шығатын 35-ші кинотуынды.
Әдебиет • 26 Қараша, 2020
Мұқабасы тартымсыз, маркетингі мардымсыз балалар әдебиетінің жағдайы жақсара ма?
«Тәрбие – тал бесіктен басталады» деген тәмсілге сүйенген дана халық бала дегенде ет жүрегі елжіремей қоймайды. Адам баласының өмірге деген көзқарасы мен талғамы да балалар әдебиетімен қалыптасады. Демек, балалар әдебиеті – ұрпақ тәрбиесінің талбесігі, тағылым, тәлім ордасы. Сондықтан да бұл сала қай кезде де қамқорлық пен назардан тысқары қалмауы керек.
Оқиға • 24 Қараша, 2020
Әдеби форум аясында – жаңа кітап
Былтыр Қарағандыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған жас ақындар мен жазушылардың республикалық форумы өткен еді.
Әдебиет • 24 Қараша, 2020
«Күніне бір өлең оқыған адам – ақын, аптасына бір өлең оқыған адам – азамат!» Расул Ғамзатовтың осы бір кестелі сөзі нақ бүгінгі қоғамды бейнелеп тұрғандай. «Ақын» деген ардақты есімді өлеңді жазған емес, оқыған адамға берсек, әдеби оқуда озат емес екеніміз тағы анық. ХХІ ғасыр қазақ руханиятына «кітап оқымау» деген мазалы тақырыппен аяқ басты. Жас пен жасамыстың бойына бірдей сіңген бұл ғадет көбеймесе, азаяр емес. Өмірінің алғашқы баспалдағында кітап ұстамаған баладан ертеңгі аузы дуалы қария шығады дегенге сену қиын екен.
Оқиға • 20 Қараша, 2020
Халықаралық онлайн оқу конгресі
Ұлттық академиялық кітапхананың ұйымдастыруымен «Сандық және жаһандық өзгерістер дәуіріндегі оқырман ұлт» тақырыбында Халықаралық онлайн оқу Конгресі өтті.