Өнер • 17 Мамыр, 2021
Елордада вакцина туралы ашық аспан астындағы театр қойылымы өтті. «Астана мюзикл» театры әртістері ұсынған көрсетілімде «COVID-19» індетінің алдын алу және онымен күресте тиісті талаптардың сақталу керектігі насихатталды. Далада өткен хореографиялық қойылымды елорда жұртшылығы тегін тамашалады.
Қазақстан • 14 Мамыр, 2021
«Рухани қазына – 2021» фестивалі басталды
Ел астанасында мәдениет, өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлері арасындағы IV республикалық «Рухани қазына – 2021» фестивалі басталды. Биылғы байқау мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылып отыр.
Әдебиет • 13 Мамыр, 2021
«...Бәріміз – жазуын ешкім ұқпайтын бір жапырақ қағазбыз...» «Жазу» Ол күнде кешкісін серуенге шыққанда, оқушы дәптерінің жыртылған бір парағы ағараңдап елеусіз ғана жолында жатады. Ол жақындағанда, астынан самал кеулеп, көтеріліп-басылып, көтеріліп-басылып, ұша жөнелгісі келгендей қалбаңдай түсіп, тынши қалады... Тұрсынжан Шапайдың «Жазу» атты қысқа әңгімесінің оқиғасы осылай басталады.
Әдебиет • 12 Мамыр, 2021
Ешкім жазайын деп жазбайды һәм жазбайын деп жазбай кетпейді деседі. Суреткердің қаламынан туған көркем дүниенің бәрі – өмірдің ісі. Мың сан ойды әбден қорытып, көркем тіл кестесімен оқырманға ұсынған жазушылардың айырмашылығы – бейнелі ойлайтындығында ғана. Әлқисса.
Әдебиет • 10 Мамыр, 2021
«Біртүрлі» Ахматова Әкесі Ахматованың ақындығын мойындамапты, тіпті пысқырып та қарамаған. Сондықтан қызына өз тегімен жарияланып, жұртқа масқара болмасын деп лақап атпен жазуын талап етеді.
Әдебиет • 06 Мамыр, 2021
...ішкі дайындығым піспей жатыр
Шартарапты шарлаған пандемия басталғалы әлемде де, елімізде де көптеген өзгеріс орын алды. Экономиканың түрлі салаларынан бөлек, қоғамның мәдени-рухани тіршілігі де тоқтап қалған кездер болды. Осы бір «оқшаулану уақыты» шығармашылық иелеріне қалай әсер етті? Әдеби сауалдамамыздың кезекті авторы – «Құрмет» орденінің иегері, ақын Светқали Нұржан.
Әдебиет • 30 Сәуір, 2021
1857 жылы Парижде екі әдеби шығарманың тағдырына байланысты екі сот отырысы өтеді. Қаңтар айында «Бовари ханымның» авторы Гюстав Флобер сотқа тартылса, шілдеде «қоғамдық мораль нормаларын бұзғаны» үшін «Зұлымдық гүлдері» («Цветы зла») поэтикалық жинағының авторы Шарль Бодлер судья алдында жауап берді.
Әдебиет • 28 Сәуір, 2021
Жазушы – жазушы дегенге жаза берсең...
Кез келген ақын-жазушының жүрек түкпірінде бүлкілдеп жүрген бір ойы, яки тақырыбы болса керек. «Бәрін түгесіп, тауысып жаздым» деген ешкім жоқ. Қалам ұстаған әр жанның көзінің тірісінде, әйтеуір бір жазары бар. Әдеби сауалдамамыздың кезекті авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, кинодраматург Смағұл Елубай. Дәстүрлі сұрақ: «Не жазып жүрсіз? Һәм не жаза алмай жүрсіз?»
Әдебиет • 27 Сәуір, 2021
Үш жыл бұрын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Президент Әкімшілігі мен Жазушылар одағының ұйымдастыруымен әр өңірден арнайы шығармашылық топтар құрылып, облыс-аудандарға әдеби экспедициялар ұйымдастырып, жүргізілген зерттеу жұмыстары негізінде көркем шығарма жазу қолға алынған «Әдеби өлкетануды дамыту» жобасы бастау алған еді. Әлқисса.
Кино • 26 Сәуір, 2021
Оскар жеңімпаздары марапатталды
Лос-Анджелесте 93-ші «Оскар» сыйлығының иегерлері анықталды. Биыл «Оскардың» басты фильмі ретінде Хлоя Чжаоның «Көшпенділер мекені» (Nomadland) фильмі таңдалып, бірден үш аталым бойынша («Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Үздік актриса») жүлдеге ие болды.