Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
898 материал табылды

Қоғам • 02 Маусым, 2021

Алаш көсемінің панно портреті

Семей қаласында оқушылар 3 мың рубик текше­сінен Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның панно портретін жасады.

Өнер • 01 Маусым, 2021

Еуропа мен Азия музыкасы тоғысты

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы камералық хорының Next generation атты XVIII маусымының жабылу концерті өтті.

Руханият • 30 Мамыр, 2021

Кітап оқығанның бәрі сұлу

Қазір бізге кітап оқығанның бәрі сұлу һәм қадірлі. Кітап қай заманда да мәдениеттің бастауы саналғандықтан, кітап оқу – мәдениеттіліктің белгісі һәм кітап оқыған адам әрқашан мәдениетті. Алайда қоғам ауысып, заман дамыған уақытта оқырманның талғамы да, көзқарасы да өзгереді екен. Бұл сөзімізге бүгінгі халық­тың кітап оқушылық деңгейі дәлел.

Сұхбат • 30 Мамыр, 2021

Ақын тағдыры – кино тілінде

Қазақ киносы тарихында жекелеген ақын-жазушылардың өміріне арналған көркем фильмдер көп емес. Тіпті тереңдеп ойлансаңыз, есіңізге деректі фильмдерден басқа ештеңе түспейтін сияқты. Шығармашылық адамдарының тағдыр жолы ауыр, соқпақты деп жатамыз. Әдебиетіне жақсы шығармалар сыйлаған қалам иелерінің өмірі, ортасы, қоғамы оқырманға әрқашан таңсық. Әлқисса.  

Сұхбат • 26 Мамыр, 2021

Балалар әдебиетінің кредосы – шынайылық

Кейінгі уақытта қоғамда балалар әдебиетінің хал-ахуалы жиі талқыланып, түрлі бастама көтеріліп жүр. Оған қоса, биыл Мәдениет және спорт министрлігі жариялаған, «Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында осы саланы дамыту үшін үлкенді-кішілі іс-шаралар ұйымдастыруға қаржы бөлініп отыр. Ендігі жерде балалар әдебиетінің жағдайы сәл де болса өзгере ме? Осы орайда балалар жазушысы Бауыржан Ғұбайдуллинмен аз-кем әңгімелескен едік, деп хабарлайды Egemen.kz.

Руханият • 25 Мамыр, 2021

Burshaq бүр жарды

Жуырда Алматы қаласында ерекше форматта лирикалық кеш өтті. Поэзия кеші. Сахнада өлең ғана салтанат құрды. Әдеттегідей, үлкен мінберден аға буынның ақжарма тілегі мен тегін мақтауы айтылған жоқ. Бата беріліп, шапан да жабылмады. Тек жас авторлардың еркін дауыстары естілді, өлеңдеріндегі нәзік сезімдері сезілді.

Әдебиет • 24 Мамыр, 2021

Жас қалам жайып қанатын...

Уақыт тегершігі қозғалған сәттен бері әр кезеңнің өз жазушысы, өз тарихшысы бар деп білеміз. Яғни кез келген қоғамның психологиясын өз суреткері баяндайды. Ал қазіргі қазақ өмірі көркем шығармада қалай бейнелеп жүр? Әдеби сауалдамамыздың кезекті қонақтары – әдебиетіміздің жас буын өкілдері.

Әдебиет • 21 Мамыр, 2021

Жазу тақталары

Қазақ қоғамының бүгінгі күрмеулі мәселесінің бірі – оқу. Анығырақ айтқанда, оқырманның қазақ көркем шығармаларын оқуы. Бұл мәселенің айтылып жүргеніне көп жыл болды һәм айтыла беретін секілді. Қаламгердің «тәтті тамұғынан» буырқанып шық­қан шығармасы оқылмаса, автордың да жағдайы мүшкіл. Әйтсе де, жазуға жаралған жандар жазбай кете ала ма? Ол мүмкін бе?.. Әдеби сауалдамамыздың кезекті қонағы – жазу стилі ерек Дидар Амантай. Дәстүрлі сұрақ: не жазып жүрсіз?

Өнер • 20 Мамыр, 2021

Өнер адамдарына ортақ прототип

Осы кино деген қалай пайда болды?.. Бұл әдебиетке де, театрға да, тіпті еш­қандай өнерге қатысы жоқ екі француздың 1895 жылы ашқан жаңалығы. Содан бері әлемде түрлі тақырыптағы һәм түрлі деңгейдегі мың-миллион фильм түсірілді. Әлқисса.Кейінгі жылдары қазақ киносында белгілі бір деңгейде өзгеріс орнап, тың ізденістердің әсері сезіледі. Отандық режиссерлер қадари-халдерінше сапалы әрі мағыналы фильм­дер түсіріп бағуда. Ал дәл қазір қандай кинокартина таспалап жатқанын режиссер, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, Францияның әдебиет және өнер орденінің иегері Дәрежан Өмірбаевтан сұрап көрдік.

Әдебиет • 19 Мамыр, 2021

Кофе және әдебиет

Кейде таңғы кофеңді ішіп отырып ойланасың: дарқан даламыздың бір нүктесінде бір талантты жазушы жақсы шығарма жазып отыр ма екен?.. Әгәрәки, бақытымызға қарай жазып отырса, әңгіме не туралы... Оқиға қалай өріледі... Бәрінен бұрын кейіпкердің басынан нендей трагедия өтеді... Оның жаны қалай толқиды? Ең бастысы, оны үлкен Қазақстандағы қазақтілді аз оқырман қашан оқиды екен?.. Санада беймаза сұрақ көп. Әрине, өзің жазбаған соң осылай болады, әрі көңіл шіркіннің арманы биік – классиканы оқығысы келеді.