Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
810 материал табылды

Кино • 26 Қаңтар, 2021

Жаңа драма: «Туған күніңізбен, анашым!»

Алматыда StartDrama театр лабораториясы Фархад Молдағалидің режиссерлігімен OzgeEpic өнер кеңістігінде «Туған күніңізбен, анашым!» атты қойылым қойды. Спектакль жас жазушы Әлішер Рахаттың аттас пьесасы желісінде сахналанып отыр.

Әдебиет • 25 Қаңтар, 2021

Жыр бәйгесі мәресіне жетті

Осыдан бір ай бұрын Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Көңілде алаң басылса…» атты ақындар мү­шәй­расын жариялаған болатын. Күні кеше жыр дода­сының жеңімпаздары анықталып, марапаттау рәсімі өтті.

Әдебиет • 21 Қаңтар, 2021

Халің қалай, қазақ журналы?

Кезінде көп оқылған һәм әдеби ортаның белгілі бір деңгейде күші бола алған журналдар несімен құнды болды? Мәселен, «Жұлдыз», «Жалын» әдеби журналдары жабық бәйгелерімен атақты. Кіл мықтылардың жаңа шығармаларының бәрі тек осы журналдардан оқылды. Өйткені сол басылымға мұқтаждық бар еді. Ал қазір әдебиеттің кеңістігі кеңейді. Әдебиетке жаңа келген кез келген жазарманның есімі һәм шығармасы интернет бетінде тұр. Яғни қазір әдеби журналдар ақын-жазушылардың жаңа дүниесін жариялау арқылы қажеттілік тудырып, абырой жинай алмайды.

Әлем • 19 Қаңтар, 2021

АҚШ-та асқақтаған қазақ әні

АҚШ президенті Джо Байденнің инаугурациясы қарсаңындағы апталықтың ашы­луы­на арналған салта­натты кеште Димаш Құдай­бер­ген «Самалтау» халық әнін орындады. Бауырлас қалалардың халықаралық қауым­дастығы – Sister Cities Inter­national ұйымы өткізген іс-шара пандемияға байланысты онлайн режімде болды.

Оқиға • 18 Қаңтар, 2021

«ДАЛА BATTLE»: Көрерменге жаңа жоба жол тартты

«Хабар» телеарнасында қа­зақстандық шоу-биз­нес және спорт саласы жұл­дыз­дарының қатысуымен «Дала battle» реалити-жоба­сы­ның тұсаукесері өтті. Атал­ған те­левизиялық шоудың он ке­зеңінде нағыз шабандоздар қиын тапсырмаларды орындап, қауіпті сынақтардан өтіп, ұлттық һәм халықаралық спорт түрлерінен күш сынасады.

Кино • 15 Қаңтар, 2021

Отандық фильмдер Түркия мен Қытайда көрсетіледі

Режиссер Рүстем Әбдіраштың «Алмас қылыш» (2017), «Алтын тақ» (2019) көркем фильмдерін және «Қазақ хандығы» тарихи телехикаясының екі маусымын Түркия («Duru Filmcilik») және Қытайдың («Magic Fair») дистрибьютерлік компаниялары сатып алды.

Оқиға • 14 Қаңтар, 2021

Әлия Молдағұлова атындағы әуежай

«Ақтөбе» халықаралық әуежайына Шығыстың шынары, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың есімі берілді.

Әдебиет • 13 Қаңтар, 2021

Happy birthday to you, Лондон!

Бірде «Сан-Франциско дауысы» газетінде он жеті жастағы бейтаныс автордың «Жапон жағалауындағы Тайфун» атты очеркі басылады. Оқырман қауымды елең еткізген бұл туынды әйгілі Джек Лондонның дебюті болатын. Күні кеше – 12 қаңтарда талантты жазушының туғанына 145 жыл толды.

Сайлау • 12 Қаңтар, 2021

Халықаралық стандарттарға сәйкес

Қазақстандағы Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының сайлауы барысында ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ. Бұл туралы баспасөз мәслихатында түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі Хатшысының орынбасары, сайлау байқаушылары делегациясының басшысы Омер Кожаман баяндады.

Таным • 12 Қаңтар, 2021

«Ұлы Гэтсбидің» құпиясы ашыла ма?

АҚШ-та америкалық жазушы Майкл Фаррис Смиттің «Ұлы Гэтсби» (авторы Фрэнсис Скотт Фицджеральд) шығармасына кіріспе (приквел) ретінде жазған «Ник» романы жарияланды. Кітап 25 ақпаннан бастап Ұлыбританияда сатылымға шықпақ.