Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
898 материал табылды

Әдебиет • 14 Қыркүйек, 2021

Сіз білесіз бе?..

Театр • 13 Қыркүйек, 2021

Күләш Байсейітованың есімі берілді

«Астана Опера» Камералық залы Күләш Байсейітованың есімімен аталды. Осыған орай 13 қыркүйекте «Қазақтың бұлбұлы» концерті өтті.

Әдебиет • 12 Қыркүйек, 2021

Абайдың «Қарасөздері» экрандалып жатыр

  Президент телерадиокешені «Абай­­дың қарасөздері» кино­­жо­басының түсірілім жұмыста­­рын бастады. 15 бөлімнен тұра­­тын туын­ды «Ұлттық киноны қол­дау мемлекеттік орталығы­ның» қол­дауымен жүзеге асып отыр. Түсі­рілім жұмыстары Алматы қа­ласы мен Алматы облысының аумағында 25 қазанға дейін жал­ғасады.

Әдебиет • 07 Қыркүйек, 2021

Қазақ ақындарының жырларымен танысты

Қазақстандық зиялы қауым өкілдері мен кітапханашылардан құрылған делегация өкілдері «Соғыс және бейбітшілік» атты халықаралық экспедиция жобасы бойынша Ресей мемлекеттік кітапханасында Абай Құнанбайұлы, Жамбыл Жабаев пен Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған халықаралық көрмеге қатысуда.

Әдебиет • 07 Қыркүйек, 2021

Сиқырлы әлемнің бесінші кітабы

Былтыр әлемдік балалар әдебиетінің жауһарына айналған «Хәрри Поттер» топтамасының бірінші кітабы «Хәрри Поттер мен пәлсапа тас» романы тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көрген еді. Одан кейін «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме», «Хәрри Поттер мен Азкабан тұтқыны», «Хәрри Поттер мен от-сауыт» атты бөлімдері де аударылып, барлығы төрт кітап басылып шықты. Айта кетейік, британ жазушысы Жоан Роулиң ойлап тапқан сиқыршы бала Хәрри Поттер мен оның сиқыр әлемі туралы еңбектерді қазақ тілінде басып шығару құқығы Steppe & WORLD Publishing баспасына тиесілі.

Кино • 07 Қыркүйек, 2021

«Қызыл анар» – поэтикалық фильм

Режиссер Шарипа Оразбаеваның «Қызыл анар» («Красный гранат»/Red Pomegranate) атты жаңа фильмі 26-шы Пусан кинофестивалінің басты байқау бағдарламасына енді. Кинотуынды «Жаңа ағымдар» (New Currents) номинациясында бақ сынамақ.

Әдебиет • 07 Қыркүйек, 2021

Сіз білесіз бе?..

Қоғам • 06 Қыркүйек, 2021

«Сөзтүзер» – сүбелі еңбек

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғысөзімен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған «Сөзтүзер. Қате қолданыстар сөздігі» жинағы жарық көрді. Бүгінде баспасөз беттерінде сөздер мен тіркестерді орынсыз немесе қате қолданушылар жиі кездеседі. Бұл мәселенің шешімі ретінде сөздерді қате қолданудың 2 мыңнан астам нақты мысалы жинақталған сөздік дайындалды. Айта кетейік, мұндай сөздік елімізде тұңғыш рет құрастырылып отыр.

Өнер • 06 Қыркүйек, 2021

«Үдеріс» пен «Нәтиже»

Ә.Қастеев атындағы ­Ме­м­­лекеттік өнер музе­йінде кеше ресейлік жас суретші Юлия Вирконың Work in progress көрмесі ашылды. Автор суреттері мен кескіндемесі музей кол­­лекциясындағы жұ­мыс­­тар­мен біріктірілген жо­­ба бір айға созылады. Көр­­мені Grabar Gallery – Наталия Грабарьдің гале­реясы ұйымдастырып отыр.

Абай • 06 Қыркүйек, 2021

«Достық» орденімен марапатталды

Британдық ақындар Шон О’Брайен мен Джон Бернсайд II дә­режелі «Достық» орденімен марапатталды. Құрметті атақ ел Пре­зиденті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан мен Ұлы­британия және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі ара­сын­дағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін, сондай-ақ қазақтың ұлы ақыны, философ және ағар­тушысы Абай Құнанбайұлының мұрасын халықаралық аренада ілгерілетуге сіңірген еңбегі үшін берілді.