Әдебиет • 18 Қараша, 2021
Жақсы жазатын бір ақын досымның Тәңірден тілеген жалғыз тілегі бар: осы ғұмырында Нобель сыйлығын алсам дейді. Туған күнінде жұрттан «Нобель бұйырсын» деп айтуын өтінеді. Құттықтаушылар да ақ-адал ниетпен «Нобель сыйлығын ал» деп жамырасып жатады. Ол ақыныңыз басқа ақындарға ұқсамайды: Мемлекеттік сыйлықты армандамайды. Ал «Алаш» сыйлығына бас қатырып жатпайды: ғұмыры жетіп, осы жазуынан танбаса, бұл сыйлықтарды әйтеуір бір алатынына сенеді. Қызық.
Сұхбат • 17 Қараша, 2021
«Архив қорының 3 пайызы «құпия» белгісімен жабық тұр»
Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің Орталық мемлекеттік архивінің құрылғанына 100 жыл толды. Бұл айтулы мерейтой ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Өткенге үңілсек, құжатсыз архив, архивсіз тарих, тарихсыз мемлекет болмайды. Бұл – аксиома. Сол себептен де егемендігіміздің құжаттық негізі болып саналатын қасиетті қара шаңырақтың ғасырлық мерейтойы – ел тарихындағы айтулы оқиға. Осы орайда Орталық мемлекеттік архивінің директоры Сәбит Шілдебаймен әңгімелесуді жөн көрдік.
Руханият • 16 Қараша, 2021
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапханада мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаев атындағы Мәжіліс залының ашылу салтанаты өтті. Бұл зал ақынның туғанына 90 жыл толуына орай ашылып отыр.
Әдебиет • 12 Қараша, 2021
Жазушылық ғадеттер: Таңданыс пен талғам
Әдебиет тарихында ақын-жазушылардың бойындағы қызық, бәлки оғаш, кейде қорқынышты, ерек ғадеттері мен іс-әрекеттері жиі кездеседі. Шығармашыл адамдардың бұл біртүрлі мінездері – бар болмысы, өмірдегі шынайы қалпы. Кейде оқырман оларды осы тосын мінездері үшін, таңғаларлық әдеттері үшін жақсы көреді. Кейде түсінбей, шошып түседі. Ал бірде әдебиетке құбылыс болып енген классиктердің әр әрекеті мен түр-тұлға, киім киісі жалпыхалықтық еліктеуге айналады. Жазушылардың ерекшелігі де сонда шығар...
Театр • 12 Қараша, 2021
Елордалық Музыкалық жас көрермен театры қабырғасында өнертану докторы, театр сыншысы, Халықаралық театрлар сыншылары бірлестігінің президенті Лаша Чхартишвилимен кездесу өтті.
Елорда • 12 Қараша, 2021
Елорда филармониясында тұңғыш рет сазсырнай және оның түрлерімен шығармашылық концерт өтті.
Өнер • 12 Қараша, 2021
Интерьерлік қуыршақтар көрмесі
Алматы қаласында «Мәңгілік біргеміз» атты Халықаралық авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесі өтіп жатыр. Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде ұйымдастырылған көрме адамзаттың ғарышқа алғаш рет ұшқанына 60 жыл толуы мен Қазақстандағы «Балалар мен жасөспірімдердің оқуын қолдау» жылына арналып отыр.
Өнер • 11 Қараша, 2021
Ахматова: Өлең. Портрет. Өмірбаян.
Әдебиетте бейнесі аңызға айналған ақындар болды. Соның бірі – Ахматованың портреттері. Оның суретін Амедео Модильяни мен Кузьма Петров-Водкин, Иосиф Бродский мен Алексей Баталов салған. Өнертанушы Эрих Голлербах айтқандай, «Ахматованың портреттерінде ондаған сыншының кітаптарына қарағанда әлдеқайда көп шындық бар» деседі.
Әдебиет • 22 Қазан, 2021
Бүгінгідей күздің қоңыр салқынында себепсіз Сайынды оқығың келетіні қызық. Әрине, кезекті рет. Сөреңде оқылмаған түрлі кітаптар сықиып тұрса да, дәл осы мезгілде ешқайсысына зауқың болмайды. Іштегі бір дауыс «Қылауды», «Жабайы алма» мен «Жусан исін» іздеп тұрады. Иә, көңіл күй де кітап талғайды. Әсіресе, күрең күздің сары-ала сағынышқа толы күндерінде кейіпкер-Әсетпен («Басында Үшқараның») бірге сонау өлкедегі туған ауылға, алыс-алыс қыраттарда қалған балалық шаққа – жып-жылы естеліктерге сапар шеккіміз келер. Әлде күн суыса, Сайынға тартатын Аянның көкесінің жусан исі сіңген күпәйкесі ме екен...
Саясат • 15 Қазан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Ел астанасында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шараға Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, депутаттар мен қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.