Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
810 материал табылды

Өнер • 20 Мамыр, 2021

Өнер адамдарына ортақ прототип

Осы кино деген қалай пайда болды?.. Бұл әдебиетке де, театрға да, тіпті еш­қандай өнерге қатысы жоқ екі француздың 1895 жылы ашқан жаңалығы. Содан бері әлемде түрлі тақырыптағы һәм түрлі деңгейдегі мың-миллион фильм түсірілді. Әлқисса.Кейінгі жылдары қазақ киносында белгілі бір деңгейде өзгеріс орнап, тың ізденістердің әсері сезіледі. Отандық режиссерлер қадари-халдерінше сапалы әрі мағыналы фильм­дер түсіріп бағуда. Ал дәл қазір қандай кинокартина таспалап жатқанын режиссер, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, Францияның әдебиет және өнер орденінің иегері Дәрежан Өмірбаевтан сұрап көрдік.

Әдебиет • 19 Мамыр, 2021

Кофе және әдебиет

Кейде таңғы кофеңді ішіп отырып ойланасың: дарқан даламыздың бір нүктесінде бір талантты жазушы жақсы шығарма жазып отыр ма екен?.. Әгәрәки, бақытымызға қарай жазып отырса, әңгіме не туралы... Оқиға қалай өріледі... Бәрінен бұрын кейіпкердің басынан нендей трагедия өтеді... Оның жаны қалай толқиды? Ең бастысы, оны үлкен Қазақстандағы қазақтілді аз оқырман қашан оқиды екен?.. Санада беймаза сұрақ көп. Әрине, өзің жазбаған соң осылай болады, әрі көңіл шіркіннің арманы биік – классиканы оқығысы келеді.

Өнер • 17 Мамыр, 2021

«COVID-19» спектаклі қойылды

Елордада вакцина туралы ашық аспан астындағы театр қойылымы өтті. «Астана мюзикл» театры әртістері ұсынған көрсетілімде «COVID-19» індетінің алдын алу және онымен күресте тиісті талаптардың сақталу керектігі насихатталды. Далада өткен хорео­графиялық қойылымды елорда жұртшылығы тегін тамашалады.

Қазақстан • 14 Мамыр, 2021

«Рухани қазына – 2021» фестивалі басталды

Ел астанасында мәдениет, өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлері арасындағы IV республикалық «Рухани қазына – 2021» фестивалі басталды. Биылғы байқау мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылып отыр.

Әдебиет • 13 Мамыр, 2021

Айсберг ақиқаты

«...Бәріміз – жазуын ешкім ұқпайтын бір жапырақ қағазбыз...»                                                                                        «Жазу» Ол күнде кешкісін серуенге шыққанда, оқушы дәптерінің жыртылған бір парағы ағараңдап елеусіз ғана жолында жатады. Ол жақындағанда, астынан самал кеулеп, көтеріліп-басылып, көтеріліп-басылып, ұша жөнелгісі келгендей қалбаңдай түсіп, тынши қалады... Тұрсынжан Шапайдың «Жазу» атты қысқа әңгімесінің оқиғасы осылай басталады.

Әдебиет • 12 Мамыр, 2021

Тән тұншығулы, жан шыңғырулы

Ешкім жазайын деп жазбай­ды һәм жазбайын деп жазбай кетпейді деседі. Суреткердің қаламынан туған көркем дүние­нің бәрі – өмірдің ісі. Мың сан ойды әбден қорытып, көркем тіл кестесімен оқырманға ұсынған жазушылардың айырмашылығы – бейнелі ойлайтындығында ғана. Әлқисса.

Әдебиет • 10 Мамыр, 2021

Сіз білесіз бе?..

«Біртүрлі» Ахматова Әкесі Ахматованың ақын­ды­ғын мойындамапты, тіпті пыс­қырып та қарамаған. Сондықтан қызына өз тегімен жарияланып, жұртқа масқара болмасын деп лақап атпен жазуын талап етеді.

Әдебиет • 06 Мамыр, 2021

...ішкі дайындығым піспей жатыр

Шартарапты шарлаған пандемия басталғалы әлемде де, елімізде де көптеген өзгеріс орын алды. Экономиканың түрлі салаларынан бөлек, қо­ғамның мәдени-рухани тір­шілігі де тоқтап қалған кездер болды. Осы бір «оқшаулану уақыты» шығармашылық ие­леріне қалай әсер етті? Әдеби сауалдамамыздың ке­зек­ті авторы – «Құрмет» орде­нінің иегері, ақын Светқали Нұржан.  

Әдебиет • 30 Сәуір, 2021

Бодлер бүлігі

1857 жылы Парижде екі әдеби шығарманың тағдырына байланысты екі сот отырысы өте­ді. Қаңтар айында «Бовари ха­нымның» авторы Гюстав Флобер сотқа тартылса, шіл­де­де «қоғамдық мораль нор­ма­ларын бұзғаны» үшін «Зұлым­дық гүлдері» («Цветы зла») поэтикалық жинағының авторы Шарль Бодлер судья алдында жауап берді.

Әдебиет • 28 Сәуір, 2021

Жазушы – жазушы дегенге жаза берсең...

Кез келген ақын-жазушының жүрек түкпірінде бүлкілдеп жүрген бір ойы, яки тақырыбы болса керек. «Бәрін түгесіп, тауысып жаздым» деген ешкім жоқ. Қалам ұстаған әр жанның көзінің тірісінде, әйтеуір бір жазары бар. Әдеби сауалдамамыздың кезекті авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, ки­но­драматург Смағұл Елубай. Дәс­түрлі сұрақ: «Не жазып жүрсіз? Һәм не жаза алмай жүрсіз?»