Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
795 материал табылды

Аймақтар • 02 Маусым, 2020

300 баспаға субсидия беріледі

Іргеміздегі Ресейде шартарапты шарлаған коронавирустың салдарынан жапа шеккен 292 баспаға мемлекеттік бағдарлама аясында 116 миллион рубль көлемінде субсидия берілмек. Бұл сумма 641 атаулы әлеуметтік маңызы бар кітаптардың жариялануына жұмсалады.

Әдебиет • 01 Маусым, 2020

Шолохов творчествосы – суахили тілінде

Михаил Шолоховтың 1956 жылы соғыс тақырыбында жазған «Адам тағдыры» («Судьба человека») әңгімесі алғаш жарияланғанда оқырман санасын дүр сілкіндіріп, әлем әдебиетінде құбылыс саналған еді. Міне, енді араға ширек ғасырдан астам уақыт салып, осы әңгіме Танзания елінде жарық көріп отыр.

Әдебиет • 01 Маусым, 2020

Кім қалай оқып жүр?

Гогольдің «Өлі жандар» шығармасындағы құл Чичиков кітап оқуды сұмдық жақсы көреді. Оған не оқыса да бәрібір еді – ол мәтіннің сұлулығынан емес, адам­­ның әріптерден сөз, сөздерден мән­ді сөйлем құрауынан кәдімгідей ләз­зат алатын. Бүгін жаһандық мәселеге айналған «кітап оқымау» хақында сөз қозғаймыз: бірақ, қоңыр әуенге салмаймыз. Тек, шартараптағы оқудың аяқалысын барлап, бағамдап көрмекпіз.

Руханият • 31 Мамыр, 2020

Ұлттық кітапхана қоры құнды кітаппен толықты

Ұлттық академиялық кітапхананың қоржыны сирек кездесетін ерекше мазмұнды кітаппен толықты. Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Байменов кітапхана қорына құнды  кітап сыйлады. Жануарлар әлемі туралы бұл энциклопедияны («Хаяту Хаяван») 14-ғасырда Мысыр ғалымы Абу Бака Камалуддин Мухаммед ибн Мұса Иса ибн Али «насх» каллиграфиялық жазумен жазған.

Руханият • 27 Мамыр, 2020

Көрнекті әдебиетшінің туғанына – 80 жыл

28 мамыр күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Жазушылар Одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалымен бірлесе отырып, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, әдебиеттанушы, академик,  филология ғылымдарының докторы Рымғали Нұрғалидың туғанына 80 жыл толуына орай «Қазақ руханиятының ардакүреңі» атты ғылыми академиялық сұхбат өткізіледі.

Әлем • 27 Мамыр, 2020

Пандемия: Стивен стихиясы

Шартарапты шарлаған мына пандемия қоғамға үнсіздік әкелумен қатар жер бетіндегі барша адамдардың тіршілігін құбылтты. Таңның атысы, күннің батысы ары-бері сабылған қауым әдепкі әдетінен жаңылып, тек үйлерінде болды. Ешкім ешқайда асыққан жоқ (һәм кешіккен жоқ): бұрынғы тынымсыз өмір саябырсыды. Бұл карантиннің заты жаман болса да рухани өмірімізге бір пайдасы тиді десек, артық айтпаспыз, сірә. Кітап оқығысы келіп, бірақ әттеген-ай, күнделікті тұрмыстан қолы бір босамай, былайша айтқанда, жұмыстан мойны жар бермей жүрген оқырман үшін бұл бір рахат уақыт болды. Оқимын десе де, жазамын десе де өз еркі (өйткені бос уақыт көп). Сонда патша көңілді оқырман кімді оқыды? Қай жанр талғам парағынан орын алды?

Әдебиет • 22 Мамыр, 2020

Толстой тәмсілі

Өз заманында Толстой ақсақал: «Келешекте жазушылар біз сияқты том-том шығармалар жазбауы мүмкін. Тіпті көркем нәрселерге бару да бірте-бірте тыйылуы мүмкін. Мақалалық дүниелермен шектеліп, соны әдебиет деп есептеп, сондай бағытқа ауып кетуі мүмкін» деген екен. Бұл пайымның айтылғанына да, міне ғасырдан да ұзақ уақыт өтіпті. Әу баста бұны оқыған жұрт «Құдай сақтасындап», алғаусыз кәдік келтіргенмен, Толстой тәмсілі алысқа кетпепті.

Әдебиет • 21 Мамыр, 2020

«Фолиант» баспасы кітап жәрмеңкесін өткізді

Бүгін «Фолиант» баспасы бағасы 100 теңгеден басталатын кітаптарын саудаға шығарып, жаппай сатылымын бастады. 21-23 мамыр күндері өтетін кітап жәрмеңкесі баспа үйінің ауласында өтті.

Әлем • 19 Мамыр, 2020

Американдық журналист Бенджамин Мозер Пулитцер сыйлығын иеленді

2020 жылдың ең үздік биографиясы американдық журналист Бенджамин Мозердің өткен ғасырдың әйдік қаламгері, ағылшындардың әдеби, мәдени кеңістігінде құбылыс болған Сьюзен Зонтагтың (Susan Sontag) өміріне арналған кітабы деп танылды. Америкадағы интеллектуал адамдардың бірі һәм бірегейі деп мойындалған ол творчестводағы әйел образын өз болмысымен көрсеткен еді.

Әдебиет • 17 Мамыр, 2020

Америкалық дипломаттар «Мастер мен Маргаританы» оқыды

Күні кеше өз ісінің хас шебері, жазушы, драматург, театр режиссёрі әрі актер Михаил Афанасьевич Булгаковтың туған күні өтті. Орыс әдебиетінің ұлы өкілі жарық дүние есігін ашқанына биыл 129 жыл.