Таным • 17 Ақпан, 2020
Әуелгі жазудан оқымастың оқуына дейін
Әуелде сөз пайда болған дейді. Әлқисса. Ақпарат бағзы замандардан бері адамдардың аса маңызды құндылықтарының бірі болып келеді. Натан Ротшильд кемеңгердің: «Ақпаратты білген адам әлемге иелік етеді» деген сөзі осының дәлелі. Тарихқа көз салсақ, хандар мен тайпа көсемдері, король, князьдер ежелден өз мұрагеріне тек екеуіне ғана мәлім ұлттық құпияларды айтып отырған. Негізінен ең құнды ақпарат мұрагерлік жолмен, яғни жеке отырғанда берілетін.
Саясат • 07 Ақпан, 2020
6 ақпан күні Елбасы кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жасампаз идеялары мен жаһандық бастамаларына арналған бес басылымның тұсаукесері өтті.
Әдебиет • 17 Қаңтар, 2020
Айтматов феномені: адам мен адамзат арасы...
Көркем шығарманың атауы әманда авторлық концепциямен, суреткерлік идеямен һәм образдар табиғатымен жымдасып келуі өте сирек құбылыс. Туындының эстетикалық әсерін, бар ой-салмағын сығымдап, бір ғана атауына сыйғызып, символдық мәнге айналдыруға, әрине тек шын таланттың ғана қауқары жетпек. «Ана – Жер-Ана», «Қош бол, Гүлсары», «Ақ кеме», «Боранды бекеттің» образды мағынаға ие болуының астары осында жатса керек. Бұл қалам-қабілет – сөз өнерінде қырғыз әдебиеті поэтикасының құдіретін танытқан Шыңғыс Айтматовтікі. Адамзаттың зілмауыр проблемаларын там-тұмдап шығармасына төккен суреткер әлем мен адам алдына өмірлік құндылықтарды көрсете алды. Бір шығармасымен екіншісі ұқсамайтын Айтматов шығармашылығының тағдырлы кейіпкерлері Жәмиладан басталып, Танабай, Едігеден асып, Авдий Калистратов, Бостан Үркіншиев болып жалғасты. Қанша «жазылып болды, оқылып бітті» дегенімізбен, Айтматов шығармасына қайта оралып жатамыз. Бүгін де сол дәстүрден жаңылмай, әдебиеттанушы-ғалымдармен Айтматов суреткерлігі хақында ой қозғамаққа бекіндік.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2019
Күні кеше ел астанасында Қазақстан Республикасы Үкіметі тағайындаған «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
Саясат • 06 Желтоқсан, 2019
Аңызға айналған абыз – Елордада Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына арналған іс-шаралар басталды
Кіндігі кесіліп, кірі жуылған жерінің табиғатынан айнымайтын төл баласы Кекілбайұлы қаламынан туған аңыз бен ақиқаттың алып кеңістігі қазақ сахарасын толығымен қамтып, тіпті әрі асып жатқандай. Заманында қара сөзбен тарихтың шыңырауын қазған жазушы қаламының сиясын сарқып, қазақтың бастан кешкенін жазарда бір уақыттарда өзі де шежіреге айналарын білді ме екен?! Бүгінде қаламгер хақында айтылып жатқан сансыз ойлар мен жылы пікірлер абыз Әбіштің жаңа дәуірін бастап кетті.
Әдебиет • 28 Қараша, 2019
Абайдан соң... Мұқағали сөздігі
Қоржыны қазынаға толы қазақ әдебиетінің жүріп өткен сүрлеулі, соқпақты жолына көз салсақ, шығармаларымен оқырман санасында жатталып қалған талантты қаламгерлер көп-ақ. Әдебиетке еңбегі сіңген ақын-жазушыларды кейінгі ұрпақтың ұлықтап, мадақтауы заңдылық екенін ескерсек, қазіргі таңда да ұлылардың ұлағаты қадари-халінше насихатталуда.
Руханият • 18 Қараша, 2019
Қазақтың қоғамдық академиясына айналды
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойына арналған «Жаһандық медиакеңістіктегі баспасөздің рөлі мен даму тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Әдебиет • 15 Қараша, 2019
Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастыруымен «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойына арналған «Жаһандық медиакеңістіктегі баспасөздің рөлі мен даму тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Әдебиет • 29 Қазан, 2019
Елордамыздағы Ұлттық музейде халықаралық «Өнердегі доп» арт-көрмесінің салтанатты түрде ашылуы өтті.
Әдебиет • 21 Қазан, 2019
Қара жолға түскен із көп. Бір іздің үстін бір із таптап жатыр. Жүректегі қайрат, жанардағы үміт әркімді әр саққа жетелейді. Діттегеніне біреу жетер, біреу жетпес. Әлімсақтан заңдылық – осы.