Меруерт БҮРКІТБАЕВА
Меруерт БҮРКІТБАЕВА«Egemen Qazaqstan»
562 материал табылды

Технология • 04 Қазан, 2021

Роботтар жұмысымызды тартып ала ма?

Технология көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқан ғасырда қандай да бір жаңашылдыққа таңғалудың өзі артық. Өткен ғасырдың соңында ата-анамызға мүмкін емес болып көрінген дүниелер бүгінде шындыққа айналды. Адамзат ақпараттық дәуірдің жемісін көрген шақта өмір сүріп жатқанымыз хақ. Жасанды интеллектінің жетістігін алдын ала болжау мүмкін болмаса да, бүгінгі даму бағытына қарап, алдағы елу жылдағы толық автоматтандырылған, технологиясыз бір қадам жасау қиын болатынын ішіміз сезеді.  

Әлем • 04 Қазан, 2021

Грузиядағы саяси дағдарыс

Сенбіде Грузияда жер­­гі­лікті билік орган­дары­ның, соның ішінде Тбилиси мэрі­нің сайлауы өтті. Ел­дің бұрынғы президенті М.Саа­кашвилидің Грузияға оралып, ұсталуы да сая­си ахуалды күрделендіріп жіберді. 

Әлем • 04 Қазан, 2021

COVID-19: Өлгендер саны 5 миллионнан асты

Әлемдегі барлық өлімнің жартысынан көбі Америка Құрама Штаттарында, Ресейде, Бразилияда, Мексикада және Үндістанда тіркелген.

Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2021

Тарихи әділдікті қалпына келтіру барысы талқыланды

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның Жобалық кеңсесі мен Алматы облысының әкімдігі большевиктік-сталиндік режімнің шаруаларға қарсы күштеп ұжымдастыру, ет пен астық дайындау және басқа да саяси науқандарының құрбандары бойынша материалдар жинау жөнінде тәжірибе алмасу семинарын өткізді. 

Әлем • 29 Қыркүйек, 2021

Жапонияның жүзінші премьер-министрі

Жапонияның бұрынғы сыртқы істер министрі Фумио Кисида сәрсенбінің сәтінде билеуші Либералды-демократиялық партия (LDP) жетекшілерінің бәсекесінде жеңіске жетті, бұл оның бірнеше күннен кейін Күншығыс елінің келесі премьер-министрі болып сайланатынын білдіреді.

Әлем • 28 Қыркүйек, 2021

Сидней қайта ашылуға дайын

Сиднейдегі карантинді келесі айдан бастап тоқтату жоспары белгілі болды. Де­генмен екпе салдырмаған тұр­ғындарға қарағанда, вакцина алғандардың жүріп-тұруы әлдеқайда жеңілдейді.

Әлем • 28 Қыркүйек, 2021

Үнді фермерлері наразы

Үндістанда фермер­лер­ге қатысты заң қа­был­­­данғанына бір жыл толған­да олар бүкілхалықтық ереуіл ұйымдастырып, кәсіподақ­тар наразылық білдіріп, жол мен теміржол­ды жауып тастап, заңның күшін жоюды талап етіп отыр.

Әлем • 28 Қыркүйек, 2021

Грекияда жер сілкінді

Грекияның ең үл­кен аралы – Критте 5,8 баллдық қатты жер сілкі­ні­сі­нен шіркеу күмбезі құлап, бір адам қайтыс болды. Адамдар үйлерін, қоғамдық ғимараттарды тас­тап шығуға мәжбүр болған. Апат айтарлықтай зиян келтірген.

Әлем • 26 Қыркүйек, 2021

Марафон несімен маңызды?

Соңғы жылдары тренд деген айдар тағылған дүние көп. Оның біріне әлеуметтік желі мен технология тікелей әсер етсе, енді бірін экономика мен туризм ынталандырып келеді. Қазақстанның да жаһандық жаппай марафон жарысына қосылғанына бірнеше жыл болып қалды. Жалпы, көпшілікпен бірге белгілі бір қашықтықты жүгіріп өтудің бір қарағанда кімге, қандай пайда әкелетіні түсініксіз.

Қазақстан • 23 Қыркүйек, 2021

Халықаралық кездесулер

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясы аясында Нью-Йоркте Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және АҚШ елдерінің өкілдері «С5+1» министрлік кездесуін өткізді.