Әлем • 17 Наурыз, 2022
Украина-Ресей: Келісімге үміт бар
Екіжақты келіссөзде бейбіт келісімге келуге аз да болсын үміт бары айтылғанымен, Украина қалаларына шабуыл тоқтамай тұр. Украина президенті Володимир Зеленский екі аптада екінші рет АҚШ Конгресінің алдында сөз сөйледі. Бұл жолы ол сөзін халыққа арнады. Сауалдамалар көрсеткендей, америкалықтар Украинаға шын қолдау көрсетіп отыр, ал әскері бұл соғысқа араласпайтыны анық болды.
Әлем • 15 Наурыз, 2022
Ресей-Украина қақтығысы: Үрей мен үмітке толы 20 күн
Украинадағы дағдарыстың аяқталып, жағдайдың тұрақталуын күткен жұрт екі ел арасындағы келіссөздердің оң нәтиже беруін тағатсыздана күтіп отыр.
Әлем • 14 Наурыз, 2022
Екі түрлі саяси жүйе: Украина мен Ресей келісімге келе ме?
Украина аумағындағы гуманитарлық ахуалдың күрделі екені айтылып жатыр. БҰҰ елден 2,5 млн адам босып кетті деп хабарлады. Қарулы қақтығыс жүріп жатқан аймақтардың барлығынан халықты бірден көшіру мүмкін болмай тұр. Ал Украина мен Ресей арасындағы кезекті екіжақты келіссөз бұл жолы онлайн форматта өтті.
Әлем • 14 Наурыз, 2022
Өткен аптада үш елдің жаңа президенті анықталды. Түрікменстандағы сайлау нәтижелері енді белгілі болады. Мажарстан тарихында алғаш рет әйел үміткер президент атанса, Оңтүстік Кореяның жиырмасыншы президенті болып оппозиция өкілі сайланды.
Әлем • 14 Наурыз, 2022
Қазақстан-Словакия ынтымақтастығы нығая түсті
Қазақстан мен Словакия арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары мен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау мақсатында Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Братиславаға жұмыс сапарымен барды.
Қазақстан • 09 Наурыз, 2022
Көрнекті ғалым Марат Барманқұловтың туғанына – 85 жыл
Биыл белгілі журналист, көрнекті ғалым Марат Барманқұловтың туғанына 85 жыл. Мерейтойға орай өзі еңбек еткен Әл-Фараби атындағы университетте халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Қоғам • 07 Наурыз, 2022
Қазақ қыздары – жаһандық саясат төрінде
Көп жылдар бойы саясат әйел адамның әлемі емес деген қате түсініктің қалыптасып келгені белгілі. Бір кездері солай болса да, бүгінгі саяси алаңды әйелдерсіз елестету қиын. Тарихта ел басқарып, биік мінберлерден сөз сөйлеп, ақылы мен кәсіби біліктілігінің арқасында жоғары ықпалға, беделге ие болған әйелдер аз емес.
Әлем • 06 Наурыз, 2022
Украина-Ресей: Дағдарыстың шешімі табылар емес
Украина халқының алғашқы жарылыстан бері тыныштық пен ұйқыны ұмытып, жертөле мен метрода тығылуға мәжбүр болғанына он күннен асты. Ресей армиясы бірнеше қаланы атқылап, маңызды стратегиялық аймақтарда, бейбіт аудандарда қиян-кескі ұрыс жүргізіп жатыр.
Әлем • 04 Наурыз, 2022
Украинадағы жағдайға алаңдаған әлем жұрты екі ел билігінің ортақ келісімге келуін тілеп отыр. Алайда әзірге бұл тілектің орындалар түрі жоқ сыңайлы.
Әлем • 03 Наурыз, 2022
Адамзат Украина үшін алаңдаулы
Бүгінде әлем жұрты Украинадағы ахуалды бақылап, жағдайға алаңдап отыр. Батыс елдері Ресейді санкциямен тұсап, экономикасын тығырыққа тіреуге тырысқанымен, соғыс өртінің басылар түрі жоқ.