Ерлан ЖҮНІС
Ерлан ЖҮНІС«Egemen Qazaqstan»
77 материал табылды

Әдебиет • 27 Қыркүйек, 2021

Әуезовтің ғадеті

Жұмыс кабинетіміздің бір қабырғасын тұтас алып Абай мен Шәкәрімнің, Алаш қайраткерлерінің, сол ретте, әрине, Әуезовтің де портреті ілініп тұр. Сол портреттерден азаматтар, арда туған перзенттер ғана емес, дәуір қарап тұрғандай, тау мен дала, тарих пен тағдыр, замана мен ғасырлар, атамыз қазақ көз салып тұрғандай аласапыран бір күйге душар етері де бар.

Әдебиет • 06 Қыркүйек, 2021

Фенимор Купердің «әдеби күнәлары»

Романтикалық фантастика жанрында жазылған романды жүйелеп отыратын 19 ереже бар, тіпті оның ұзын-ырғасы 22 деушілер де табылады. «Аңсақ» (әңгіме Фенимор Купердің «Зверобой» романы жайында – Марк Твен) романында соның 18-і бұзылады. 18 ереже нені талап етуші еді? 

Руханият • 06 Шілде, 2021

Астана метаморфозасы

Әдебиет • 23 Маусым, 2021

Үш, төрт және жалғыздық

«Мүйіз тарақ» әңгімесін оқи бастағанда көз алдыңа бірден үш қоғамдық формация текшеленіп келіп тұра қалады. Біріне­бірі жымдаса жалғасқан, ымыралас, ықпалдас бейнеленген, кейіпкер өмірінің кезеңдері бойынша кестеленіп, өзара келісіп алғандай бірін-бірі алмастыра жүреді.

Әдебиет • 17 Маусым, 2021

Қызғыш құс пен көңқарға

Жастайынан қорғасын зауытында еңбек еткен Тәкен Әлім­құловтың ойы қай шығармасында да қорғасын бұлттардай қопарыла, қотарыла көшіп жатады. Соның бір белгісі де осы әңгімесінен көрінеді. Жалпы, Тәкен Әлімқұловтың «Қараой» әңгімесі – Махамбет өмі­рінің бір күнін ғана суреттесе де, сол бір күн арқылы бір ғұмырдың сырына терең бойлаған, әріден ойлаған, ақынның өмір-дерегі сы­ғымдалып, нығыздалып, бірақ кеңінен қолданылған, әдеби троптарды молынан пайдалана отырып, шеберлікпен сомдалған, піскен, ширыққан әңгіме.

Тарих • 06 Маусым, 2021

Аштықта көз жоқ

Бейімбет Майлинге алғашқы айып 1932 жылы таңылса, кейінгі атылғанға дейінгі 6 жылы да азаппен өтіпті-ау. Үміт пен үрей құшағында өткен үркінді жылдарда жазушы қолынан қаламын тастаған жоқ. Бұл кезең – қандықол тоталитарлық жүйенің ұлт бетіне шығар қаймақтары – зиялылардың желкесіне қылыш қойып тұрған уақыты ғана емес, қазақтың тұтас ұлт ретінде жойылып кету қаупі туған қос аштықтың елесі байтақ даланы кезіп жүрген тұсы еді.

Әлем • 30 Мамыр, 2021

Шағалалар топтанып ұшқанда...

1974 жылы «Нью-Йорк Таймс» газетінде қысқаша ғана қазанама жарық көрген еді: «Айова штаты, Дес Моинес, Помпано бич әуе­жайында өзінің ақырғы ұшуын аяқтаған соң, Джон Г. Ливингстон қайтыс болды. Мағыналы өмірі мен жанкештілігі «Джонатан Ливингстон есімді шағала» атты бестселлердің жазылуына шабыт берген Ливингстон – еліміздің ең үздік ұшқыштарының бірі».

Сұхбат • 20 Мамыр, 2021

Әзербайжан елшісі: Біз – бір атаның балаларымыз

– Құрметті Рашад Эйнаддиноғлы, әуелі Қазақстан және Әзербайжан мем­­лекет­тері Тәуелсіздігінің 30 жыл­дығы­мен құттықтағым келеді. Бүгінгі жас ұрпақ, жаңа ұрпақ осы датаның маңыздылығын, мәнін қалай сезінуі тиіс? Біз бұл күнге қалай келдік?

Әдебиет • 19 Мамыр, 2021

Адам жүрегі дегеніміз не нәрсе?

Гете биіктен қорқатын болған, бұл кәдімгі фобияға айналған, алайда жиырма төрт жасында жарық көріп, оған бүкіләлемдік даңқ сыйлаған, бір жылдың ішінде Еуропа халықтарының тілінен бөлек, теңіз асып, қытай тіліне де аударылып үлгерген, оны шығармашылық адамы ретінде сонша биікке көтерген «Жас Вертердің жан азабы» романының даңқы мен дақпырты оны қорқытқан жоқ, керісінше ойландырды. Ол шын мәнінде таңғалды. Неге бұлай? Жас Вертердің сезімі, құмарлығы, қайғысы мен қасіреті, азабы мен мехнаты, қорқынышы мен үрейі, бозбалаға тән болмашы босаңдығы мен тағдыршешті шешімі, күйгелектігі мен алаңғасарлығы адамдарды неге сонша толқытты, тебірентті, толғандырды, абыржытты?

Әдебиет • 10 Мамыр, 2021

Күнікейдің жазығы

«Күнікейдің жазығы» – өткен ғасыр басында жазылған шығармалардың ішіндегі ең бір қарама-қайшылыққа толы, әлі де пікірталас тудырып келе жатқан, психологиялық иірімдері қарапайым кісіні қанша талпынса да бойлатпас, бір емес, бірнеше ойдың сорабын салар, бір емес, бірнеше сезімнің сүрлеуін көрсетер аса күрделі шығарма.