Таным • 30 Маусым, 2020
Синергетика. Жаңаша пайымдау стилі
Ақынның өлеңдерін көптен білетінмін. Бір қатарын оқимын да, тоқтап қаламын. Екінші бір қатарын оқып, тағы кідірем. Адам баласының табиғаты қызық қой. Өзіңе таныс емес сезім-күйлерді, беймағлұм сөздерді қабылдау қиын.Барлық уақытта «Іші алтын, сырты күміспен» кездесе бермесек те, көбінде айналасы теп-тегіс, жұп-жұмыр болып келетін өлеңдер оқитын басымыз ақынның ырғаққа бағындырылғанымен, буынға, бунаққа бағына қоймайтын ақ өлеңдерін қабылдай қоймауымыз заңды еді. Оның ар жағында құрығанда көшпенділер поэзиясына тән архетиптерді тани алатындай білімің мен көшпендінің танымындағы еркіндік ұғымын сезіне алатындай шамаң болмаса, ақын өлеңінің тереңіне бойлау да қиын екен.
Руханият • 23 Маусым, 2020
Авторды мойындамау немесе постмодернизмге жол ашқан бағыттар
Әлем әдебиеттануында герменевтика, семиотика, структурализм, модернизм, постмодернизм сияқты бағыттар кең өріс алып, бұл ғылымның зерттеу нысанына айналғаны белгілі. Енді көркем шығармаларды бұрынғыдай тақырып, идея, жағымды, жағымсыз кейіпкерлер арқылы талдау «қызық емес». Жаңаша ой-пайымдардың, анализдердің салмағы басым түсіп жатыр. Осы жазбада постструктурализм, постмодернизм тудырған ұғымдар, сондай-ақ постмодернизмге жол ашқан бағыттар туралы біршама ой қозғасақ дейміз. Оның ішінде структурализм мен постструктурализмнің орны ерекше.
Әдебиет • 17 Маусым, 2020
Үлкен әдебиетте ұсақ штрихтар болмайды. Кемел ойдың кемеңгер ұстасы Әбіш Кекілбайұлының «Бәйгеторысын» оқып шыққанда осындай байламға келдік. Адам жанының қатпар-қатпар сырларына еркін бойлайтын қаламгер жылқының жанына да көріпкелдей үңіледі. Бір кездерде бәйгенің алдын бермеген торының өзі боп «ойланады», «еске түсіреді». Әлемге әйгілі жазушылардың бірталайында бар үлгіні қазақ жазушысы өзінше өрнектеп, қазақы танымға барынша жақындатады. Қазақ баласына жануар атаулыдан ең жақыны жылқы екені аян. Адам мен жылқы арасындағы терең байланысты суреттейтін бұл шығармада негізгі кейіпкер – Бәйгеторы.
Әдебиет • 11 Маусым, 2020
Өткен ғасырдың 70-жылдары әдебиетке келген буынның ішінде көзге жарқ етіп көрінген қаламгердің бірі – Дулат Исабеков. Қай шығармасын оқысаңыз да есте қалады. Есте қалатын себебі, кейіпкер таңдаудағы талғамы мен оны сомдаудағы ерекше қабілетінде болса керек. Мейлі ол «Гаухар тастағы» Қайыркен болсын, «Дерменедегі» Омар не «Тіршіліктегі» Қыжымкүл кемпір болсын, қай-қайсысы да өз мінез-құлқымен, болмыс-бітімімен көзге ұрады, көңілге орнайды.
Әдебиет • 09 Маусым, 2020
Бейімбет Майлиннің сан-салалы шығармашылығында бізді қызықтыратын бір тақырып бар. Ол – Майлин прозасындағы әйелдер бейнесі. Бейімбет дегенде қазақ оқырманының ойына бірден оралатын қыз-келіншектер кімдер еді? Солар жайлы бірер сөз.
Кино • 05 Маусым, 2020
Алты миллиард теңгеге түсірілетін фильмдер
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы өткізген екінші питчингтің нәтижесі белгілі болды, - деп хабарлайды аталған орталықтың баспасөз қызметі.
Әдебиет • 05 Маусым, 2020
Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілегі» – көп талданған роман. Қазақ әдебиетіндегі ең алғашқы психологиялық шығарма дегенде тіл ұшына бірден оралатын да осы «Ақбілек». Бас кейіпкерден бастап жанама кейіпкерлердің де ішкі әлемін жарқырата көрсетуде Аймауытов шеберлігіне бас иесің.
Абай • 05 Маусым, 2020
Ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толуына арналған «Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты мерейтойлық мүшәйра өз мәресіне жетті. Бірнеше жылдан бері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Сәкен Сейфуллин мұражайы ұйымдастырып келе жатқан дәстүрлі жыр бәйгесі биыл Абай рухына арналды.
Әдебиет • 02 Маусым, 2020
Қазақ оқырманы Әуезовтің атын естігенде ең алдымен «Абай жолы» романын еске алады. Ұлы ақын мен даңқты жазушының есімдері бір ғасырдың бедерінде біте қайнасып үлгерді. «Абай жолын» ешқашан оқымаған, оқымайтын оқырман да Абай өмірінің әр кезеңін Әуезовке «сүйеніп» айтып бере алатын жағдайға келсек, бұл қос алыптың халық жадында әлі талай ғасырлар бойы бірге сақталатынының кепілі. Бірақ өз басыма қазақтың классик жазушысының «Абай жолына» дейін жазған шығармалары жақын. Жиырманың о жақ, бұ жағында не ой баққызған отызында жазған әңгіме, повестерін соншалықты тұщынып оқимын. Оның ішінде «Қаралы сұлу» мен «Қорғансыздың күні», «Көксерек» пен «Қараш-Қараш оқиғасы» қатарлы мәңгілік өлмейтін шығармаларының жөні бөлек. Қаралы сұлудың құмарлық билеген жаны мен Ғазизаның тапталған ары, Құрмаштың жазықсыз өлімі мен Бақтығұлдың қайтпаған кегі әдебиет дейтін сиқырлы әлемге емес, өмір атты тылсымның нақ өзіне жетелейді. Жазушы өзі өмір сүрген дәуірдің шындығын, адамдардың болмысын, мінез-құлықтары мен әдеттерін, тұрмысын хас суреткерге тән реалистік әдіспен жасаған. Ол бергі дәуірдің данышпандары сияқты «цитаталарды сапырып» отырмайды. Өз дәуіріне өз көзімен қарайды. Буырқанған мың бояулы тіршіліктің ішінен өзіне керек бояуларды таңдап алып сөзбен сурет салады. Сол үшін оның кейіпкерлері тірі сияқты. Шынында да «Кінәмшіл бойжеткен» бір қалада жалдап алған пәтерінде әлі де өмір сүріп жатқандай. «Сөніп-жанудағы» әйелін өзіне тең көрмей тастап кеткен тәкаппар Сыздық қалада жеңілтек бикелермен ойнап-күліп өмір сүріп жүр ме екен! Солардың ішінде бізге кейіпкерлері дәуірмен бірге жасаса беретін сияқты көрінетін бір әңгіме – «Оқыған азамат».
Руханият • 29 Мамыр, 2020
Сурет Алдыңғы күні табиғат аясында түскен суретін жариялаған. Спорттық костюм киген жігіт ағасы жалғыз өзі жасыл шөпте малдас құрып отыр. Даланың перзенті екендігі есіне түскендегі жайбарақат, жайсаң кейіп. «Тұмса табиғат құшағында» деп жазып қойыпты.