Әдебиет • 11 Қараша, 2020
Балалар әдебиеті мемлекеттік қолдауға зәру
Қоғамымызда балалар әдебиетіне қатысты атқарылуы тиіс шаруалардың шаш етектен екені анық. Оны авторларды қойып, беделді тұлғалардың өзі тілге тиек ете бастады. Өйткені балалар әдебиеті дегеніміз – жай ғана көркем шығарма емес, идеологияның өзі. «Еgemen Qazaqstan» газеті бұл жолы балалар тақырыбына қалам тартып жүрген қаламгер Шәкен Күмісбайұлы, филология ғылымдарының докторы, жазушы Нұрдәулет Ақыш, ҚР Мәдениет қайраткері, балалар жазушысы Толымбек Әбдірайым, балалар жазушысы Ділдар Мамырбаева және балалар ақыны Серікбол Хасанды қатыстырып, дөңгелек үстел ұйымдастырған еді. Соны назарларыңызға ұсынамыз.
Өнер • 05 Қараша, 2020
Алдағы желтоқсанда ұлттық балеттің қазынасы тағы бір шығармамен толығады. Яғни композитор Тілес Қажығалиев музыкасын жазған «Дала үні» атты жаңа ұлттық балет хореограф Патрик де Бананың қойылымымен желтоқсанның 12-сі мен 13-інде көрермендерге ұсынылады.
Әдебиет • 04 Қараша, 2020
Жеті қаламгерге стипендия тағайындалды
Ақтөбе облысы әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар одағының бірлесіп ұйымдастырған «Әдебиет. Рух. Қоғам» атты іс-шарасы Ақтөбе қаласында өткізіліп, оған облыс әкімі Оңдасын Оразалин мен Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет бастаған, еліміздің түкпір-түкпірінен шақырылған бірқатар қаламгер қатысты.
Руханият • 04 Қараша, 2020
«Метаморфозадан» басталған құбылулар
Метаморфоза деген сөз ежелгі грек тілінен аударғанда «алмасу», «өзгеру», «құбылу» деген мағынаны білдіреді. Ежелгі грек, рим халықтарының аңыздарында метаморфозалар жиі кездеседі. Әсіресе батырлардың өзенге, тауға, өсімдікке, жануарға айналып кеткені туралы метаморфозалар көп. Овидий ақын сондай метаморфозаларды жинайды. Олардың саны 200-ден астам. Ол осы құбылуларды бірінен кейін бірін аса реттілікпен баяндап шығады. Нәтижесінде «Метаморфозалар» поэмасы дүниеге келеді.
Руханият • 04 Қараша, 2020
Үнді халқының мифологиясында жеті арал, жеті өзен, жеті қат аспан, жеті қат жер, сондай-ақ жер асты жеті әлемі дейтін ұғымдар бар. Назар аударарлық жайт – олардың мифологиясындағы бүкіл кейіпкерлер осы жетінің маңайына шоғырланған. Жетілік ұғымына қатысты айтқанда ең алдымен Джамбудвипа аралы еске түседі. Аралда адамдар тұрады. Аралдың ортасында Меру алтын тауы бар. Оның биіктігі жер бетінен 84 мың йорд жан. (Бір йорд жан шамамен 14 километрге тең). Ал жер астына 16 мың йорд жаны жасырулы.
Оқиға • 29 Қазан, 2020
Жауһар мұраға – жаңаша көзқарас
Ұлы ақын, дана ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеу аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қолдауымен «Абай мұрасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Әдебиет • 28 Қазан, 2020
Нобель сыйлығына кім не сатып алды?
Әдебиет пен ғылым саласындағы ең беделді, қаржысы да қомақты марапат – Нобель сыйлығы. Тіліне, дініне, нәсіліне, жынысына, сондай-ақ азаматтығына қарамай, ғылымда жаңалық ашып, әдебиетте ерекше ойлау қабілетімен, жазу мәнерімен алға суырылып шыққан кез келген талантты адамның алу мүмкіндігі бар сыйлық екені ережесінде ап-анық жазылған.
Оқиға • 23 Қазан, 2020
«Бала дауысының» жеңімпаздары анықталды
«Бала дауысы» ұлттық ән байқауының бесінші кезеңі де мәреге жетті. Жуырда талапты жас дарындар финалда ән шырқап, оны You Tube және КТК арналары арқылы мыңдаған көрермен тамашалады.
Әдебиет • 23 Қазан, 2020
ХІХ ғасырда Францияда Шарль Сент-Бев есімді қаламгер өмір сүрген. Өзі ақын, өзі жазушы, өзі сыншы әмбебап дарын әдеби шығарманы «өмірбаяндық әдісті» қолданып зерттеу туралы кітап жазады. «Әдеби портреттер» деп аталатын сол кітап француз қоғамында кезінде резонанс туғызғаны айқын. Ол еңбек, әсіресе көркем шығарманы зерттеуде ғылыми сипаттағы эстетикалық трактаттарды қолданатын «ауыр салмақтағы» сыншылар үшін жаңалық болған. Сент-Бев көркем шығарманы автордың өмірбаяны арқылы зерттеуді ұсынды.
Кино • 20 Қазан, 2020
Ұлттық кино: қордаланған мәселелердің шешімі қандай?
Ел газеті – «Egemen Qazaqstan» ұлттық киноның тыныс-тіршілігінде қандай проблемалар бар, қазіргі қазақ киносы қайда бет түзеді және осы саладағы тағы басқа мәселелер жайында дөңгелек үстел өткізген еді. Оған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетов, Платиналы «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты, Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, кинорежиссер, сценарист Дәрежан Өмірбаев, кинотанушы, өнертану кандидаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Нәзира Рахманқызы және кинорежиссер, сценарист Данияр Саламат қатысып, жүрекжарды ойларын ортаға салды.