Кино • 04 Желтоқсан, 2020
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының баспасөз қызметі екінші питчингтің қорытындысы бойынша өндіріске жолдама алған коммерциялық фильмдермен таныстырды.
Абай • 26 Қараша, 2020
Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Эгей университетінде (Измир,Түркия) қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында «Абай – түркі әлемінің ұлы тұлғасы» атты халықаралық онлайн конференция өз жұмысын бастады.
Әдебиет • 24 Қараша, 2020
Екінші мыңжылдық басталған тұста қазақ көркем сөз өнерінің асыл арналары жайлы мақалалар жиі жарық көрді. Авторлардың қай-қайсысы да оқушысын өсіретін, ізденушіге жол сілтейтін керемет танымдық дүниелер жариялайтын. Солардың бірі – жазушы, әдебиеттанушы Айгүл Кемелбаева еді. Жазушының көркем шығармаларын емес, ең алғаш «Жәлеледдин Руми. Мәжнүн жүрек» зерттеуін оқыған екем. Ләйлі-Мәжнүнді қарапайым ғашықтық трагедиялардың қатарында қабылдап жүрген басымыз керемет бір жаңа әлемге топ ете түскендей болдық.
Кино • 20 Қараша, 2020
Күні кеше Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы жылды қорытындылап, екінші питчинг нәтижесі бойынша киноөндіріске жол тартқан жобалар жайлы хабарлады.
Оқиға • 20 Қараша, 2020
Қазақ халқы өзінің ата-бабаларының жері мен елінде төрт мың жылдан бері тұрақты тұрып жатыр. Мұның физикалық антропологияға негізделген нақты ғылыми тұжырымдардың негізінде ғылыми тұрғыдан толық дәлелденгені қазақтың тұңғыш антропологы, академик Оразақ Смағұлов пен көрнекті ғалым-антрополог Айнагүл Смағұлованың «Қазақ халқы және ата тегі» атты кітабында баяндалады. Бұл еңбекте тұңғыш рет қазақ халқының көпсалалы, кешенді морфофизиологиялық және популяция-генетикалық ерекшеліктері ауқымды деңгейде зерттелген.
Таным • 19 Қараша, 2020
Қай қоғамда, қандай жағдайда өмір сүрсе де дананың аты өлмейді. Келер буын ұрпақтың санасына мәңгі өшпестей із қалдырып, даналық қағидалары қатталып, шотталып, ал ілімі бір шоғыр адамдардың, кейде тұтас мемлекеттің не мемлекеттердің өмір сүру ұстынына айналатыны бар. Ондай мысалдар өте көп болмаса да, әлем тарихында баршылық. Мысалы, Будда, Конфуций, Лао Цзы сынды тұлғалар Үндістан, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Вьетнам т.б Шығыс Азия елдерінде пайғамбарлық дәрежеге көтеріліп, ілімдері дінге айналған жағдайды біз нақты айта аламыз. Соның ішінде әлемдік деңгейдегі ғұлама Конфуцийдің (б.з.б 551 жылы өмірге келген), яғни Кұң ұстаздың іліміне тоқталғымыз келеді.
Әдебиет • 18 Қараша, 2020
Жұмбағы шешілмеген жұмақтай мекен...
Тарихқа көз жүгіртсек, адамзат күні бүгінге дейін соғыстан көз ашпады. Жер бетінде бұрын-соңды өмір сүрген елдердің бір-біріне көз алартып, жерін тартып алу, өзіне бағындыру, халқын құл қылу оқиғалары миллиондап саналады.
Әдебиет • 16 Қараша, 2020
Жесір дауы... Ең нәзік, шетін және ескі дау. Тәртіпсіздіктің, күнәнің, құштарлықтың «гүлденуіне» жол бермеу үшін кемеңгер билер үкім айтады, тәртіп бұзғандар дала заңымен жазаланады. Мың жыл бойы солай болған шығар. Ел ішінен қашып шығып, алыстағы, айдаладағы бір туысының ауылына барып жан сақтаған жағдайлар да кездескені мәлім. Көркем әдебиетте бұл тақырып көп шиырланған. Проза тілінде де, поэзия тілінде де. Енді бұған жаңаша қырынан келмесең, алдыңғылардың салған соқпағын таптап, өз ізіңді таппай қалатының анық. Ескі дүниені жаңа мәнермен жазу екінің біріне бұйыра бермейтіні содан.
Әдебиет • 12 Қараша, 2020
Адамзат тарихындағы ең алғашқы прозалық шығармалар туралы ойлана бастағанда ең алдымен еске Геродот түседі. «Тарихтың атасы» атанған осы бір данышпан адам шын мәнінде «грек прозаның да атасы» атануға әбден құқы бар сияқты. Өмірі саяхатпен өткен Геродоттың ең атақты еңбегі «Тарих» бірқатар елдер туралы мәліметтерге бай. Ол Египетте болған. Вавилонды шарлаған. Ұлы далаға келіп, сақтардың тұрмыс-тіршілігін де көзімен көрген. «Тарихтың» жекелеген сюжеттері грек-парсы шайқастарына арналғанымен, тарихшы көбіне өзі барған елдердің географиясы, мәдениеті, этнографиясы мен тұрмысын бейнелеген. Ол көзімен көргенін де, елден естігенін де жазған.
Әдебиет • 12 Қараша, 2020
Авторы белгісіз шығармалар әдебиет тарихында баршылық. Олардың әрқайсысы түрлі себептермен аты-жөндерін көрсетпеген. Нақты бір авторы жоқ, өмір туралы ойлар бедерленген жазба біздің де қолымызға түсті. Байқасақ, дүниетанымы қалыптасу үстіндегі жас адамның жазғаны сияқты...