Айгүл СЕЙІЛОВА
Айгүл СЕЙІЛОВА«Egemen Qazaqstan»
132 материал табылды

Руханият • 04 Наурыз, 2021

Дәуірлермен бірге жасайтын тұлға

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Алаш қозғалысының көсемі, Алаш Орда үкіметінің төрағасы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, энциклопедист-ғалым Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл толуына орай халықаралық онлайн конференция өтті.

Тарих • 25 Ақпан, 2021

Алтын Орда тарихы киноға айналады

Жуырда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің үндеуінде кинематографис­терге тарихи тақырыпта фильмдерді түсіру қа­жеттігін айтқаны есімізде. «Бүгін­де әлемдік киноиндустрияда тарих тақыры­бындағы сценарийлерге сұраныс жоғары. Осы орайда біздің де тарихымызда ауқымды фильмдерге арқау болатын маңызды белестер мен оқиғалар баршылық. Мысалы, әлемдегі ең қуатты империялардың бірі бол­ған Алтын орда тарихы дайын тұрған жоқ па?! Бұл мәселеге болашақта кино саласы­ның мамандары баса назар аударғаны жөн», деген еді Президент.

Әдебиет • 19 Ақпан, 2021

«Ергежейлі»

Біраз жыл бұрын оқып, санамның бір түкпіріне сақталып қалған шығарманың бірі – «Ергежейлі» еді. Яғымусты өзім шын өмірде көрген ергежейлімен салыстырам, кереуетіне аяғын асып қойып, мырзасып шалқасынан жатқанын, далпылдап жүгіріп бара жатқанын көз алдыма елестетем, әйтеуір ұмыта алмай жүрдім. Алты жасымда тұңғыш рет қаладан ергежейлі әйелді көргем. Азық-түлік сататын дүкеннен. Ол да бірдеңелер сатып алып жатты. Нан алуға барған маған мағынасыз көзімен тесірейіп қарағаны, бет-аузын құбылтып, ыржақтағаны үрейімді ұшырған. Бойы алты жастағы мен шамалас, басы үлкен, бет-жүзі ересек әйелді құбыжық ретінде қабылдағаным рас-ты. Кейіннен оның өмір тарихын естіген кезде кеудемде қорқынышымнан аяушылығым басым түсіп, бірден есейіп кеткендей күй кешкенім бар.

Оқиға • 12 Ақпан, 2021

Дегдар ақын

Соңында іздеушісі, жоқтаушысы бар ақын бақытты. Өмірден ерте озған көрнекті ақын Марфуға Бектемірованы еске алу кештерін ұйымдастырып, оның таңдамалы шығармаларының жарыққа шығуына бастамашы боп жүрген жары, ақын, жазушы Есенгелді Сүйіновтің ізгі әрекеттері осындай ойға жетелейді.

Әдебиет • 05 Ақпан, 2021

Тәкеннің Тәттімбеті

Тәттімбет – жұмбақ, күрделі тұлға. Күйшілік өнердің шыңына шыққан, соңына қырық шақты өлмес мұра қалдырған, қазақтың музыка тарихына есімі қашап жазылған бірегей өнер иесі туралы сәл ертеректе жазушы Таласбек Әсемқұловтың «Тәттімбет сері» дейтін романының біраз бөлігін оқып шыққам. Ол жерде болыс Тәттімбеттің белсенді әрекеттері, аға сұлтан Құнанбаймен байланысы, оның атынан қазақтың соңғы ханы Кенесарыға елшілікке баруы, ел ішіндегі даулы мәселелерді шешуге араласуы, думанды жастық шағы, күйшілік өнерімен елдің ықыласына бөленуі бәрі нанымды суреттелген.

Әдебиет • 28 Қаңтар, 2021

Қарғыс жаудырған қарғалар...

Кітап оқитын, жазу-сызумен айналысатын кез келген адамның басында қарға туралы біраз мәлімет бар. Ал дәл сол қарғаға қатысты ондаған мақал-мәтелді қарға тамырлы қазақтың көбі білетініне күмәніміз жоқ.

Әдебиет • 14 Қаңтар, 2021

Теорияның табысы

Түп-тамыры сонау сақ дәуірінің мұрасы саналатын «Алып Ер Тоңға», «Ергеноқон», «Шу батыр», «Атилла» дастандарына тірелетін қазақ әдебиеті әлемдегі бай әдебиеттердің қатарында. Одан бергі Түркі қағанаты, Алтын Орда, Қазақ хандығы, ХVІІІ-ХХ ғасыр­лар, кеңес дәуірі, тәуел­сіз­дік кезеңінде дүниеге келген шығармалардың халқы­мыз­дың рухани қазына-қорын түр­лі-түрлі асыл мұралармен байыт­қанын шамалай беруге болады.

Әдебиет • 07 Қаңтар, 2021

Сауатты зерттеулер жаңаша пайымдауларға жол ашады

Жаңа кірген жыл қазақ руханиятында ерекше орны бар, көзі тірісінде-ақ жыр алыбы атанған ақын, жыршы, жырау Жамбыл Жабаев жылы аталды. Соған орай жыр алыбының 175 жылдығы республикалық дең­гейде түрлі іс-шаралармен аталып өтетіні анық. Оның ішінде әрине, Жамбыл шығармаларының толық жинағы, оған қатысты ғылыми зерттеулердің бірқатары қайта басып шығарылатыны белгілі.

Өнер • 16 Желтоқсан, 2020

Қайта түлеген «Тұйғындар»

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры «Тәуелсіздік – тірегім» концерттік бағдарламасы аясында «Тұйғындар» атты хореографиялық қойылымын сахнаға шығарды.

Оқиға • 11 Желтоқсан, 2020

Тарихшылар конгресі өтті

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Тарихшылардың ұлттық конгресі Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойлары және «Ұлық Ұлыс» – Алтын Орданың 750 жылдығы аясында «Отандық тарих ғылымындағы тұлға: жаңа зерттеулер мен ұстанымдар» тақырыбында кезекті VIII отырысын өткізді.