Оқиға • 19 Қазан, 2020
«Ағады тулап, барады зулап заманым...»
Жуырда Ұлттық академиялық кітапханада Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Несіпбек Айтұлы оқырмандарымен онлайн кездесті. Бұл кездесуді Ұлттық академиялық кітапхана мен Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан филиалы ақынның жетпіс жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырды. Кешті Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы жүргізді.
Сұхбат • 15 Қазан, 2020
Владислав Тен: «Кез келген биікті еңбекпен бағындырасың»
– Владислав, әңгімені өз жайыңыздан бастасаңыз. Білуімше, сіз Өзбекстаннан келген азаматсыз. Нұр-Сұлтанға қашан келдіңіз? Қай кезден бастап көп тіл меңгере бастадыңыз?
Әдебиет • 30 Қыркүйек, 2020
Адасқандардың соңғы аялдамасы немесе Сұлтан Раевтың «Жанжаза» романын оқып шыққаннан кейінгі ой
Қайталап айтқанды тәуір көретін бір сөзім бар: үлкен әдебиетте ұсақ штрихтар болмайды. Адам жанын танитын қаламгер кісінің көз қиығын былай қойғанда, денесінің, аяқ-қолының қозғалысы мен бет-жүзінің ым-ишарасын, тыныс алғанын, кірпік қаққанын, тіпті оның иісіне дейін шеберлікпен суреттеп, жан дүниесіндегі қайнап жатқан ой-сезімдерді ақ қағазға шашпай-төкпей «орналастырады».
Әдебиет • 09 Қыркүйек, 2020
Оралхан Бөкей шығармашылығына асау да албырт һәм мөлдір сезімдер шарпысқан романтизм мен сергек максимализм тән. Оның қаламынан туған тірі бейнелер арманшыл, тәуекелшіл қасиеттері басым жас оқырмандардың жадында ұзақ сақталатынына сенімдіміз. Жазушының жан нұры төгілген шығармалары жап-жасыл жастық аралының жарасымды бір бөлшегіндей. Өз басымызға солай.
Әдебиет • 04 Қыркүйек, 2020
«Арсеньевтің өмірі» – реализм шыңы
Жанының терең қойнауынан төгіліп түскен сөздерімен оқырманын егілтіп, еліктіре алатын жазушылардың бірегейі – Иван Алексеевич Бунин. Орыстың атақты жазушысы, Нобель сыйлығының иегері Буниннің ғұмыр жолы күрделі, бұралаңы көп, дара жол. Шығармашылық әлеуеті кемелденіп, жазушылық қасиеттерін толық игерген елу жасында елден кетіп, отыз үш жыл шет мемлекетте – Францияда өмір сүрген жазушының қаламы әдебиетте орыс адамының бейнесін сомдап, орыс табиғатын суреттеуден танған жоқ. Бунинтанушылар оның бірнеше шет тілін біліп, аударма саласында да мықты еңбектенгеніне қарамай, француз тілінде нашар сөйлегенін, француз жазушыларымен қарым-қатынасы да ойдағыдай болмағанын алға тартады. Оған қоса отыз үш жыл сол елде тұрса да Бунин Францияның азаматтығын алмаған. Тек эмигранттық паспортпен шектелген. Жазушы 1933 жылы орыс жазушыларының ішінде алғашқылардың қатарында «орыс классикалық прозасындағы дәстүрді дамытқан шеберлігі үшін» Нобель сыйлығының иегері атанады.
Кино • 19 Тамыз, 2020
Патшайымдар мен ханшайымдар туралы деректі фильм түсіріледі
Әр ғасырларда Ұлы далада билік жүргізген хандардың жұбайлары мен қыздары, сондай-ақ билік тізгінін қолдарына алған патшайымдар мен ханшайымдар туралы «Властительницы Евразии» жобасы қолға алынып, деректі фильм түсіріледі, – деп хабарлайды Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының баспасөз қызметі.
Руханият • 19 Тамыз, 2020
Жас суретшілер Австрияға жолдама алды
Балалар арасында ұйымдастырылған "Жануарлар – менің достарым!" республикалық конкурсы мәреге жетті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 20 Шілде, 2020
«Жүз томдық фольклор шығарған жалғыз ұлт – қазақ»
Ұлт руханиятының асыл арналарының бірі – сөз өнері. Көркемөнердің басқа салалары секілді, сөз өнерін оқытуда да даму үдерістері жүріп жатыр. Филологияның бүгінгі бағыт-бағдары, зерттелуі мен зерделенуі төңірегінде Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Рақымжан Тұрысбекпен сұхбаттасқан едік.
Әдебиет • 15 Шілде, 2020
Жазушы жанарында алмасқан түстер
Тәуелсіздік жылдарына дейінгі қазақ прозасында қала мәдениетінің фрагменттері бар болғанымен, бүкіл болмысымен, сана-сезімімен, түйсігімен қалаға байланған кейіпкер жоқтың қасы. Қалалық кейіпкерлердің көбеюі соңғы отыз жылдың үлесінде десек, онша қателесе қоймаймыз. Әйтсе де қала мен кейіпкердің тұтастануы, қаланы тірі ағза деңгейінде әспеттеу, өшпестей естеліктер, терең әсерлер негізінен отырықшы халықтардың әдебиетіне тән.
Руханият • 08 Шілде, 2020
Республика даңғылында орналасқан, қазіргі әскери музейге айналып кеткен көк күмбезді әсем ғимарат ол кезде Президенттік мәдениет орталығы деп аталатын. Екі мыңыншы жылдардың бас кезінде жаңа елорданың әдеби-мәдени ортасын қалыптастыруда осы үйдің көп ықпалы болды. Оны басқарған мемлекет қайраткері, атақты ғалым Мырзатай Жолдасбеков апта аралатып түрлі кештер өткізуді үрдіске айналдырғаны есімізде.