Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1809 материал табылды

Аймақтар • 12 Ақпан, 2025

Қызылордалық полицей әлемдік дода жеңімпазы атанды

Қызылорда облысы полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы Дубайда өткен SWAT Challenge халықаралық жарысынан жеңіспен оралған әріптестері Лаура Төлекованы салтанатпен күтіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Футбол • 08 Ақпан, 2025

«Қайсар» енді легионерсіз ойнайды

Спорт саласындағы реформалардың лебі өңірлерде де анық байқалады. Мамандар бөлініп жатқан қыруар қаржының қайтарымын саралағанда олимпиадалық спорт түрлерінің қағажу көріп жүргенін жиі айтады. Мысалы, облыста салаға бөлінген қаржының 80 пайыздан астамы олимпиадалық емес спорт түрлерін дамытуға жұмсалып келіпті.

Аймақтар • 07 Ақпан, 2025

Екі нысан пайдалануға берілді

Жалағаш ауданындағы Қаракеткен ауылында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде салынған дәрігерлік амбулатория ашылды.

Заң мен Тәртіп • 05 Ақпан, 2025

Жемқорлықсыз қоғам қалыптастыру – ортақ борышымыз

Елімізде заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін нақты шаралар қабылданып жатыр. Жуырда Мәжілістің жалпы отырысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң жобасын талқылау барысында осындай қылмыс жасағаны үшін сотталғандардың жария тізілімі жасалатыны белгілі болды. Жалпы, ел болашағына қауіп төндіретін осы келеңсіздікпен күрестің өңірде жүзеге асу барысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Қуаныш Ахметқалиевтен білген едік.

Аймақтар • 30 Қаңтар, 2025

Қызылордада полиция үйінде қарасора өсірген тұрғынды ұстады

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісі прокуратура үйлестіруімен Қызылорда облысында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде өз үйінде аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтап, қарасора өсірумен айналысқан 40 жастағы азаматты ұстады, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 28 Қаңтар, 2025

Жоба игілігі жұртқа ортақ

Қызылорда облысында қазірде қай салада да айтарлықтай өсім бар. Аймақ бюджеті өсті, инвестиция тарту жөнінде де өңір көп облыстан көш ілгері тұр. Осыдан екі жарым жыл бұрын 364 млрд теңге болатын облыс бюджеті қазір 750 млрд теңгеден асты. Қазына қаражаты аймақтағы өзекті мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беріп отыр.

Аймақтар • 21 Қаңтар, 2025

Қызылордада мектептің бас есепшісі 7 жылға сотталды

Қызылордадағы мектептердің бірінде жалақыдан бөлек өзінің есепшотына негізсіз артық қаржы аударған бас есепші 7 жыл арқалады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Тәрбие • 21 Қаңтар, 2025

Бала тәрбиесі – баршаға ортақ жауапкершілік

Қызылордада әр жыл басында ұрпақ тәрбиесіне қатысты жиын өткізіп, ел ақсақалдарының, құқық қорғау саласы мамандарының, мектеп мұғалімдері мен ата-аналардың қатысуымен осы төңіректегі мәселелерді талқыға салу дәстүрге айналып келеді. Қаладағы Өнер орталығында өткен биылғы форум «Саналы ұрпақ – болашақ кепілі» деп аталып, оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Бас прокуратура өкілі Жасұлан Даулембаев, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, жауапты сала басшылары қатысты.

Аймақтар • 18 Қаңтар, 2025

Жедел басқару орталықтары іске қосылды

Қызылорда облысының бар­лық ауданында полиция бөлімдерінің Жедел бас­­қару орталықтары іске қосылды. Кез келген қыл­мыстың ізін суытпай ашу­ға септігін тигізетін бұл жоба Ішкі істер министр­лігінің бас­тамасымен және Қызыл­орда облысы әкі­мі­нің қолдауымен елімізде алғаш рет цифрлық мүм­кін­діктерді кеңінен қол­данатын Сыр өңірінде жү­зеге асып отыр.

Аймақтар • 17 Қаңтар, 2025

Мемлекет қаржысы майшелпек емес

Балаларға қосымша спорттық, шығармашылық білім беріп, олардың қарым-қабілетін ұштау мақсатында қолға алынған «Артспорт» бағдарламасының айналасындағы әңгіме таусылар емес. Былтыр Қызылорда облысында түрлі айламен мемлекет қаржысын қалтаға басқандардың қулығы әшкереленіп, біраз кәсіпкер алғанын қайтарып, жұмысын тоқтатқандары да болып еді. Бүгінде облыс прокурорының өкімімен құқық қорғау, жергілікті атқарушы, уәкілетті органдардың өкілдерінен құрылған жұмыс тобы бұл мәселені жіті қадағалап отыр.