
Экология • 24 Ақпан, 2025
Қызылордада «Таза Қазақстан» бағдарламасы жалғасып жатыр
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Қызылордада ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 21 Ақпан, 2025
Сұраныс үдесінен шыққан кәсіпорын
Шиелі ауданында «Қазақстанның мұнай-газ химиялық компаниясы Кемикал» ЖШС филиалы 20 жылдан аса уақыт бойы газ және су жүйесіне қажетті құбыр шығарып келеді. Кәсіпорын өнімінің ауқымды бөлігін «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы пайдаланып отыр. Германияның «Крас Маффай» фирмасынан шыққан, автоматты құрылғылармен жабдықталған соңғы үлгідегі технологиялық желіні пайдаланып отырған серіктестік еліміздің әр түкпірінен түскен тапсырыстарды сапалы әрі уақтылы орындайды.
Өшпес даңқ • 21 Ақпан, 2025
Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарының нақты санын әлі ешкім тап басып айта алмайды. Баласының маңдайынан бір иіскеп, толарсақтан қан кешкізген майданға аттанған талайлар жат жердің топырағын жамылды. Қырғыннан қайтпай қалған Жексенғұлы мен Қосшығұлын сағынған Қаракемпірдің жоқтауы перзентін соғыс жалмаған бар ананың зары болып құлақта қалды.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2025
Кейінгі 4-5 жылдың бедерінде Сырдария қыстың күндері де орта түсіп, кей жері ойдым-ойдым болып, табаны көрініп жататынына көз үйренген еді. Дегенмен биыл су жылдағыдан тәуір. Көп жылдан бері дария жайыла қатып, өзен арнасын көк мұз шіреп тұр. Қазір су шаруашылығына қатысты мекеме өкілдері көктемгі су тасқынына қарсы қауіпсіздік қамын жасап жатыр.
Қылмыс • 19 Ақпан, 2025
Қызылордада қосымша білім беру орталығының бас есепшісі күдікке ілікті
Қызылорда облысының прокуратурасы бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы мен тиімділігіне талдау жүргізіп, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының бас есепшісінің заңға қайшы әрекетін анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2025
Қызылордада есірткіге қарсы көрме өтті
Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, оларды есірткіні қолдану мен таратудан тыятын көрнекі үгітті ұдайы жүргізетін облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бұл жолы оқу орындары арасында есірткіге қарсы үздік көрме байқауын ұйымдастырды.
Айтыс • 18 Ақпан, 2025
Сырда Қызылорда мен Алматы облысы ақындарының «Адал еңбек – ел ырысы» атты республикалық командалық айтысы өтті. Облыс әкімдігі мен «Amanat» партиясының ұйымдастыруымен «Жұмысшы мамандықтары жылына» орай, еңбек құндылықтарын насихаттаған өнер додасында жұртшылық түре, сүре, қайым және қыз бен жігіт айтысын көріп, жыр, терме, дәстүрлі ән және күй жанрларында сынға түскен өнерпаздарға қол соқты.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2025
Қызылордада 24 700 000 теңге жымқырған департамент маманы сотталды
Қызылорда облысы бойына экономикалық тергеп-тексеру департаменті бюджет қаражатын жымқырған қызметкердің жолын кесті. Департамент дерегінше халықты әлеуметтік қорғау саласында қызмет атқарған Д.Мұхтарқызының 2018-2024 жылдар аралығында қызмет бабын пайдаланып, өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иемденгені анықталды.
Жәдігер • 13 Ақпан, 2025
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің сирек кітаптар қорында ХХ ғасырдың басында баспа жүзін көрген Құран кітабы сақталып тұр. Құнды кітап – алдағыны болжаған әулие, темірден түйін түйген ұста Мәмбет Олжабайұлынан қалған жәдігер. Көп жыл әулие ұрпақтарының қолында сақталған кітап былтыр музейге тапсырылды.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2025
Қызылордалық полицей әлемдік дода жеңімпазы атанды
Қызылорда облысы полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы Дубайда өткен SWAT Challenge халықаралық жарысынан жеңіспен оралған әріптестері Лаура Төлекованы салтанатпен күтіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.