Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1830 материал табылды

Мектеп • 26 Ақпан, 2025

Атауына сай мектеп

Мемлекет басшысы бастамашы болған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Қызылорда облысында 21 мектеп бой көтереді. Ұлттық жоба шеңберінде салынған 2700 орындық 5 мектеп пайдалануға берілді. Келесі оқу жылына дейін тағы бесеуі есігін айқара ашады. Білім берумен қатар оқушылардың жан-жақты дамуына бар жағ­дай жасалған осындай білім ошақтарының екеуі облыс орталығынан орын теп­кен.

Аймақтар • 24 Ақпан, 2025

Қызылордадағы түнгі клубтан азот толтырылған шарлар табылды

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы облыс орталығындағы түнгі клубтың бірінде азот оксиді құйылған шарлар ашық сатылып жатқаны туралы әлеуметтік желіде жарияланған дерекке байланысты тексеру жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Экология • 24 Ақпан, 2025

Қызылордада «Таза Қазақстан» бағдарламасы жалғасып жатыр

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Қызылордада ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Өндіріс • 21 Ақпан, 2025

Сұраныс үдесінен шыққан кәсіпорын

Шиелі ауданында «Қазақстанның мұнай-газ химиялық компаниясы Кемикал» ЖШС филиалы 20 жылдан аса уақыт бойы газ және су жүйесіне қажетті құбыр шығарып келеді. Кәсіпорын өнімінің ауқымды бөлігін «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы пайдаланып отыр. Германияның «Крас Маффай» фирмасынан шыққан, автоматты құрылғылармен жабдықталған соңғы үлгідегі технологиялық желіні пайдаланып отырған серіктестік еліміздің әр түкпірінен түскен тапсырыстарды сапалы әрі уақтылы орындайды.

Өшпес даңқ • 21 Ақпан, 2025

Петр – Тілепбайдың баласы

Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарының нақты санын әлі ешкім тап басып айта алмайды. Баласының маңдайынан бір иіскеп, толарсақтан қан кешкізген майданға аттанған талайлар жат жердің топырағын жамылды. Қырғыннан қайтпай қалған Жексенғұлы мен Қосшығұлын сағынған Қаракемпірдің жоқтауы перзентін соғыс жалмаған бар ананың зары болып құлақта қалды.

Аймақтар • 20 Ақпан, 2025

Қарғын су да қажетке жарайды

Кейінгі 4-5 жылдың бедерінде Сырдария қыстың күндері де орта түсіп, кей жері ойдым-ойдым болып, табаны көрініп жататынына көз үй­ренген еді. Дегенмен биыл су жылдағыдан тәуір. Көп жыл­дан бері дария жайы­ла қатып, өзен арнасын көк мұз шіреп тұр. Қазір су шаруа­шы­лығына қатысты мекеме өкілдері көктемгі су тас­қы­нына қарсы қауіпсіздік қамын жасап жатыр.

Қылмыс • 19 Ақпан, 2025

Қызылордада қосымша білім беру орталығының бас есепшісі күдікке ілікті

Қызылорда облысының прокуратурасы бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы мен тиімділігіне талдау жүргізіп, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының бас есепшісінің заңға қайшы әрекетін анықтады, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 19 Ақпан, 2025

Қызылордада есірткіге қарсы көрме өтті

Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, оларды есірткіні қолдану мен таратудан тыятын көрнекі үгітті ұдайы жүргізетін облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бұл жолы оқу орындары арасында есірткіге қарсы үздік көрме байқауын ұйымдастырды.

Айтыс • 18 Ақпан, 2025

Жыр арқауы – адал еңбек

Сырда Қызылорда мен Алматы облысы ақындарының «Адал еңбек – ел ырысы» атты республикалық командалық айтысы өтті. Облыс әкімдігі мен «Amanat» партиясының ұйымдастыруымен «Жұмысшы мамандықтары жылына» орай, еңбек құндылықтарын насихаттаған өнер додасында жұртшылық түре, сүре, қайым және қыз бен жігіт айтысын көріп, жыр, терме, дәстүрлі ән және күй жанрларында сынға түскен өнерпаздарға қол соқты.

Аймақтар • 13 Ақпан, 2025

Қызылордада 24 700 000 теңге жымқырған департамент маманы сотталды

Қызылорда облысы бойына экономикалық тергеп-тексеру департаменті бюджет қаражатын жымқырған қызметкердің жолын кесті. Департамент дерегінше халықты әлеуметтік қорғау саласында қызмет атқарған Д.Мұхтарқызының 2018-2024 жылдар аралығында қызмет бабын пайдаланып, өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иемденгені анықталды.