Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1600 материал табылды

Мирас • 16 Қазан, 2023

Ел ішіндегі елеулі мұра

Қызылорда облыстық тарихи өлкетану музейі «Сыр бо­йын­дағы діни-ағартушылар мұрасын кешенді зерттеу» жобасын қолға алды. Музейдегі мамандар осы күні Тапал ахун (Нұрмұхаммед) Қадірұлы (1848-1921), Қалжан ахун Бөлекбайұлы (1862-1916), Марал ишан Құр­манұлының тікелей ұрпағы Әмит (Абдулхамид) ишан Әбді­рахманұлы (1905-1961) пайда­ланған араб, парсы, шағатай тіл­деріндегі кітаптар мазмұнын талдап, құнды мұра туралы деректер дайындап жатыр. Алда осы уақытқа дейін жеке адамдар қолында сақталып келген осы кітаптардың көшірмелері жасалып, музейге қойылады.

Ауыл • 15 Қазан, 2023

Шағын ауыл шаттығы

Биыл «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша Қазалы ауданында 3 дәрігерлік амбулатория салынып жатыр. Соның бірі аудан орталығына жақын Абай ауылында бой көтеріп келеді.

Аймақтар • 11 Қазан, 2023

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: Қор да, баға да бақылауда

Қызылордада күзгі жиын-терінмен қатар алдағы жылу беру маусымына да дайындық жүріп жатыр. Мамандар есебінше, алдағы қысқа 238 мың тонна көмір қажет, бүгінде осының біраз бөлігі жеткізілді. Тоннасы 16-21 мың теңге аралығында сатылады. Жалпы, облыс бойынша 41 өңірлік оператор және 11 көмір қоймасы бар.

Жануарлар • 11 Қазан, 2023

Табиғи қорықтың табысы

Барсакелмес табиғи қорығы ЮНЕСКО-ның әлемдік және мәдени мұрасы мәртебесін иеленді. Табиғи қорықтың «Барсакелмес», «Қасқақұлан» және «Дельта» учаскелерінде болып, олардың ерекшеліктерімен таныс­қан Халықаралық табиғат қорғау одағы сарап­шыларының сапарынан кейін биосфералық резерватты дүниежүзілік мұра тізіміне енгізу туралы шешім қабылданыпты.

Аймақтар • 10 Қазан, 2023

Иісшіл иттің көмегі

Жыл басынан бері Қызылордада қызметтік иттердің көмегімен 46 қылмыстың беті ашылды.

Шаруашылық • 09 Қазан, 2023

Орташа түсім – 53,4 центнер

Сыр бойында егін науқаны аяқталуға жақын қалды. Бүгінге дейін егілген 89 мың гектар күріштің 63 мың гектары орылып, оның 53,4 мың гектары бастырылды. Осы күнге дейін 285,3 мың тонна Сыр маржаны жиналды. Гектарына орташа 53,4 центнерден келіп отыр. Маңызды науқан ұзағанда апта көлемінде аяқталып қалады.

Тағзым • 09 Қазан, 2023

Өлеңі әнмен үйлескен

Қызылордада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Шөмішбай Сариевті еске алу кеші өтті. Айдынды Арал жағалауында өмірге келген ақын рухына арналған іс-шара Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханадағы «Күнге қарай жүремін...» атты поэзия кешінен бастау алды. Кітапханада «Теңіз тудырған талант» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, жастар өлең оқыды. Әншілер ақын өлеңіне жазылған әндерді орындады.

Отбасы • 06 Қазан, 2023

Ұлттық дәстүр бәрінен биік

Осы күні Қызылорда облысындағы 141 мыңнан асатын отбасының 48 мыңы – көпбала­лы­лар үйелмен қатарында. Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған өңірде 17 мыңға жуық «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегері тұрады. Жақында шаңырақ тіктеген жастардың жұбайлық өмірге қатар басқан қадамдары жаңа Неке сарайы­нан бастау алды.

Мәдениет • 01 Қазан, 2023

Түркі қарашаңырағындағы Қорқыт сазы

Қызылордада түркітілдес елдер өнерпаздарының басын қосқан «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фольклорлық-музыкалық өнер фестивалі өтті. Алтыншы мәрте өткізіліп, отырған мәдени іс-шараға Түркия, Тыва, Саха, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан елдерінен 200-ге жуық өнерпаз келді.

Еңбек • 21 Қыркүйек, 2023

Қамыстан табыс тапқан

Сырдария бойына, көл табандарына қаулап өсіп, өзіміз өртеп тастайтын қамыс өзге елде қадірлі деп кім ойлаған? Рас, кезінде бұл жарықтықты үй құрылысына пайдаланды, тіпті ыза теппеу үшін іргетастың астына тас­тағандарды да көр­ген­біз. Қазір жігіт ағасы жасынан асып бара жатқан замандас­тарымыз қолы тілімделіп, талай мәрте бау-бау қамыс орған шығар-ау.