
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2025
Қызылордада жоғалған малшы табылды
7 қаңтардың түнінде Жалағаш ауданы полиция бөліміне 64 жастағы малшының жоғалғандығы туралы хабар түседі. Осы аудандағы Жаңадария ауылының «Құмжарған» учаскесінде фазендадан таңертең мал айдап шыққан азамат кешке оралмаған. Дауылды күні жоғалған ер адамды әуелі шаруа қожалығындағы малшылар өздері іздепті. Одан нәтиже шықпағасын полицияға жүгінуге тура келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Қаңтар, 2025
Қармақшы ауданында №284 мамандандырылған мектеп-лицей интернаты жанынан салынған спорт зал мен «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Қуаңдария ауылынан бой көтерген фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды.
Музей • 27 Желтоқсан, 2024
Музей қорындағы қайраткер мұрасы
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорына ХХ ғасыр басындағы танымал қайраткер Иса Тоқтыбаев өмірінің кейбір кезеңдері таспаланған фотолар қабылданды. Құнды материалдарды тұлғаның немересі Әлия Исаева табыс етіпті.
Ғылым • 24 Желтоқсан, 2024
Сыр бойы шаһарларының байырғы мәдениеті
Сырдың бойы қадым заман тарихы сақталған топырақ. Ұлы даладағы қалалық өркениет алғаш пайда болған өңірде есте жоқ ескі заман ескерткіштері молынан кездеседі. Бұрала аққан жойқын дария арнасы сан ауысқан өлкедегі көне қорымдар мен қалалар орнында талай мыңжылдықтар дерегі көмбе астында көміліп жатыр.
Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2024
Биыл Қызылордада әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылысының қарқыны артты. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қармақшы, Сырдария аудандарында үй кезегін күткен жандар баспанаға қол жеткізді. Облыс орталығындағы 84 пәтерлік 6 үйден 504 адамға кілт табысталды. Биыл облыс аумағында жарияланған «Руханият жылы» аясында мәдениет саласы мамандарына тағы 40 пәтер берілді. Жақында ғана «Сыр жастары» өңірлік бағдарламасының қатысушылары пәтерлі болды. «Сыр жастары» – жылына 100 жас отбасыны баспанамен қамту үшін қолға алынған өңірлік тың жоба.
Оқиға • 18 Желтоқсан, 2024
«Елай» есімді ит бір жылда 72 қылмыс ашты
Жақында Шымкент-Самара күре жолының Жаңақорған ауданы тұсындағы «Шеп» бекетіне кезекшілікке түскен ПД кинологиялық қызмет орталығының кіші инспектор-кинологы, полиция лейтенанты Азамат Пазылов күдік тудырған «Тойота» автокөлігін тоқтатады. Көлікті тексеру кезінде «Елай» қызметтік-іздестіру иті жүк салғыштан мұқият жасырылған күдікті заттар тапқан, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2024
Қармақшыдағы «Руханият орталығы»
Биыл Сырдағы «Руханият жылы» аясында мәдени-көпшілік шаралармен қатар, ауқымды жобалар жүзеге асырылды. Жыл басында 1000 орындық «Өнер орталығы» ашылып, жаңадан симфония оркестрі, инклюзивті театр, Жастар театры, заманауи би және хор ұжымдары жасақталды. Ежелі жыр сарынын сақтаған өлкедегі биылғы жаңалықтың тағы бірі – «Жыраулар үйі».
Білім • 10 Желтоқсан, 2024
Мектеп асханасына мән берсек...
Балалардың сапалы білім алуы мен қауіпсіздігінен бөлек олардың дұрыс тамақтануы да еліміздегі әлеуметтік саясаттың басым бағытының бірі. Өскелең ұрпақтың саулығын ойлаудан туған бұл бастаманы жүзеге асыруда ең алдымен сапаға, санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуына мән беру қажет. Баланың мектеп асханасынан қарын тойдырғанын қанағат тұтпай, оның не ішіп, не жеп жүргенін үлкендер де қадағалағаны жөн.
Еңбек • 07 Желтоқсан, 2024
Қала ішінде жолаушылар тасымалдайтын автобус жүргізушісі Бақытжан Құрақбаевтың таң алагеуімнен басталатын жұмысын қиынсынған кезі жоқ. Бастапқыда жеке компанияларда жұмыс істеді. Кейіннен «Қызылорда автобус паркі» ЖШС жүргізушісі атанды. Көлік тізгініне отырғаннан бәрін ұмытып, назарын жолға салады. Бұл – күніне жүздеген адам мінген автобус жүргізушісінің бойында баяғыдан қалыптасқан әдет.
Тағзым • 06 Желтоқсан, 2024
Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы мен Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Жыр жүйрігі – Жиенбай жырау» атты облыстық жыршы-жыраулар фестивалі өтті. Сыр сүлейлерінің көне сүрлеуін салған жыр жампозының 160 жылдығына арналған кешке өнерсүйер қауым жиналды.