Аймақтар • 27 Маусым, 2020
Қызылордада Армениядан әкелген 123 көлік заңдастырылды
Қызылордадағы халыққа мамандандырылған қызмет көрсету орталығында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Армениядан биылғы 1 ақпанға дейін әкелінген көлік құралдарын тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 26 Маусым, 2020
Нашақорлыққа қарсы онлайн акция ұйымдастырылды
Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы нашақорлыққа қарсы халықаралық күрес күні аясында онлайн форматта акция ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz
Экономика • 26 Маусым, 2020
Соңғы жылдары ауылшаруашылық құрылымдарын мемлекеттік қолдау жүйеге түсіп, елдегі шаруаның ісі алға басты. Осының нәтижесінде жыл сайын алынған егін көлемі артып, мал басы көбейіп келеді. Бірақ ала жаздай атыз жағалаған ағайынды инвестициялық субсидия талаптарының жиі өзгере беретіні алаңдатады. Осының кесірінен көп шаруашылық қолдауға қолы жетпей, қиналып отыр.
Аймақтар • 24 Маусым, 2020
Қызылордада ұрланған көлік Қазалыдан табылды
Бүгін таңғы сағат 05:10 шамасында полицияның кезекші бөліміне Сырдария мөлтек ауданы тұрғынынан аулада тұрған "Ваз-2114" маркалы автокөлігін белгісіз біреулердің ұрлапкеткендігі туралы хабарлама түседі, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Маусым, 2020
Осыдан 2 жыл бұрын белгілі түркітанушы ғалым Серікбай Қосанов Қызылорданың Аралы мен Ақтөбенің Шалқары арасында өсіп тұрған қарағай орманын видеоға түсіріп, біраз жұртты таңғалдырып еді. Қалың құмның арасында жайқалып тұрған қарағай «Қызылорданың құмына ештеңе өспейді!» деп кесіп-пішіп айтуға құмар біраз ағайынның аптығын басқан болатын. Тіпті осыдан кейін біраз адамның көкейінде «Шалқарда шыққан қарағайды өзімізде неге көрмеске» деген ойдың қылаң бергені де рас еді. Сол қарағайдың көз жетер жердің бәрін жота-жота құм басқан Қарақұмда өсіп тұрғанын көргенде жоғымызды тапқандай қуандық-ау...
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Көкарал бөгетіне неміс құрылғысы орнатылды
Арал теңізіндегі Көкарал бөгеті 2006 жылы САРАТС жобасы аясында пайдалануға берілген. Ұзындығы 13 шақырымдық тоспа салынғаннан кейін кіші теңіздегі су деңгейі көтеріліп, тұздылығы төмендеді. Теңіз кемерінен шегінген сәттен бастап азая бастаған балық түрлері қайта көбейіп, байырғы жұрт атакәсіпке оралды.
Руханият • 21 Маусым, 2020
Сыр жерінің қай пұшпағында да көне тарихтың көп дерегін сақтаған көмбе бар. Олардың бірқатары қазір зерттелу үстінде, әлі көп көзіне түсе қоймаған қазына да аз емес. Қазалы ауданының Қарақұм беткейіндегі Тапа дейтін шағын елді мекенде қола дәуірінен қалған көп жәдігерді осы өңірдің байырғы тұрғыны Аманжол Жұмабеков жарты ғасырдан бері жинап келеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Маусым, 2020
Күріш экспортының көлемі ұлғайды
Сыр бойының бренді саналатын күрішке шетелдер тарапынан да сұраныс жоғары. "Абзал және Компания" толық серіктестігінің "Элита" бренді Ресей, Қырғызстан, Әзербайжан, Түркіменстан, Украина, Тәжікстан, Моңғолия мен Ауғанстанға экспортталады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Маусым, 2020
Гүлшара Әбдіқалықова: Санитарлық талап қатаң сақталуы керек
Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен облыстық жедел штабтың кезектен тыс отырысы өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Маусым, 2020
Сор көлдер сорға айналмасын десек...
Қызылорда қаласындағы жаңа аудандар аумағында жерасты суынан жиналған көлшік көбейіп тұр. Қыста қатпайтын, жазда құрғамайтын осы сор көлдердің зардабын соған жақын қоныстанғандар тартып-ақ келеді. Қалалық әкімдіктегі жауапты мамандардың айтуынша бұл жерлер кезінде үй құрылысы үшін берілген. Облыс орталығындағы 34 жер учаскесі аумағынан 24 сор көл анықталып, биылдың өзінде оның 12-сі жабылды.