Аймақтар • 16 Қаңтар, 2023
«Бай ауыл» бастамасына жұмылсақ...
Сыр өңіріндегі «Егінші» ЖШС атқарушы директоры Ерұлан Өмірсеріков «Бай ауыл» атты жобаны қолға алғалы біраз болған. Бұл бастама арқылы кәсіпкер еліміздің басқа өңірлеріне қарағанда өзіне тән тіршілігін біршама сақтап қалған аймақтағы ауылдарды жаңаша дамытуды көздейді.
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2023
Дария деңгейі: Дүрлігуге негіз жоқ
Жуырда ғана әлеуметтік желіде Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы Қарғалы ауылын орталықпен жалғап тұрған понтон көпірді жинап жатқан сәт жарияланды. Дария арнасында мұз ұстасатын қыс пен өзен суы молаятын көктемде мұндай көпірлердің арнадан алынып тасталатынынан бейхабар жұрт понтонды суға кеттіге жорып, бір шулап барып басылды. Құрыққа сырық жалғағандар суалған самауырды су алған Самарқанға айналдырғандай болды. Анығы – көпір аман. Қарғалыдан бөлек осы аудандағы Жуантөбе, Ботабай, Қызылқайың ауылдары мен көршілес Жаңақорғанның біраз тұрғынының қажетіне жарап отырған көпір көктемде қайта қойылады.
Қоғам • 13 Қаңтар, 2023
Аясы кеңейген аудандық басылым
Басты міндеті оқырманға жаңалық жеткізу болып саналатын медиа саланың өзінде осы күні жаңалық көп. Оның бастысы, оншақты жылдан бері дәстүрлі БАҚ қасына жаңа медиа қоңсы қонды.
Саясат • 13 Қаңтар, 2023
Тар жолдың мәселесі қашан шешіледі?
Өткен жылы 15 желтоқсан күні «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолының Арал қаласына жақын тұсында «КамАЗ» бен «Мерседес» көлігі соқтығысып, жеңіл көліктегі 4 жолаушы оқиға орнында тіл тартпай кетті. Осы жол апатына байланысты облыстық полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттерін бастады.
Білім • 11 Қаңтар, 2023
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмысын қолдауға бағытталған ректор грантына конкурс ұйымдастырды. Байқауға 22 жұмыс ұсынылып, солардың арасынан 6 жас ғалымның жобасы үздік деп танылды.
Руханият • 10 Қаңтар, 2023
«Қазақ қызын» жазғанда көз алдымда Ләззат тұрды
1986-ның Желтоқсаны азаттыққа ұмтылған жастарды Алматыдағы алаңға жинап еді. Бейбіт шеруге шыққандарды мұздай құрсанған кеңес әскері озбырлықпен таптап өтсе де ұлт азаматтары «қызыл құрсаудың» көбесін сөгіп, іргесін шайқалтты. Жарты әлемге билігін жүргізген империяға қарсылық кезінде қаракөз қыздарымыз да қайсарлық танытты. Ақын Исраил Сапарбайдың «Желтоқсан айынан кейінгі ой» атты өлеңі мұзға алау жаққан сол аруларымызға арналған. Сәл кейін ол «Қазақ қызы» атты әнге айналды. Қазақ қыздарының ерлігіне қойылған мәңгілік ән-ескерткіштің әуенін жазған – белгілі композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Тайманов. Желтоқсан көтерілісіне қатысқан өнер иесімен танымал туынды тарихы туралы әңгімелескен едік.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2023
Ақау себебін комиссия анықтайды
Жаңа жылдың алғашқы күндері жауынды болып, облыс орталығының кейбір аумағы мен бірқатар ауылдық елді мекенде электр жарығы өшті, тоқтаусыз жауған нөсерден тұрғын үйлер ауласы суға толды. Сөнген жарық салдарынан жылу, ауыз сумен қамту қызметтері де тоқтап қалды.
Аймақтар • 06 Қаңтар, 2023
Жақында Қазалы қаласының тұрғыны Мағрипа Лепесованың баспанасы отқа оранып, қысты күні қырауда балаларымен далада қалған еді. Бұл жағдайдан хабардар болған қала жастары оқыс жағдайға ұшыраған отбасына көмек көрсетіп, жабырқағанның жанынан табылды.
Қоғам • 04 Қаңтар, 2023
Заңсыз ойын бизнесіне қатысты Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеген бес қылмыстық іс бойынша сот үкім кесті. Жалпы, заңды айналып өтіп, пайда табуды көздейтіндердің экономикаға келтіріп отырған залалы орасан. Дегенмен оған заңдылық шеңберінде тыйым салуға болады. Ең қиыны, жастардың осы заңсыз ойындарға әуестігі. Қазір әлеуметтік мәселеге айналып отырған бұл проблеманың алдын алу оңай болмай тұр.
Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2022
Қызылорда облысында аққуды айырмен шаншып өлтірген тұрғын анықталды
Кеше әлеуметтік желіде балыққа шыққан адамның аққуды айырмен түйреп өлтіргені туралы бейнежазба тарады. Қызылордада болды деген осы оқиғаға байланысты облыстық полиция департаменті тарапынан жедел түрде тексеру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.