Қаржы • 20 Қазан, 2022
Жуырда өткен Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы мен республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. Жиынға тиісті сала басшылары мен онлайн режімде өңір әкімдері қатысты.
Туризм • 20 Қазан, 2022
Жыл басынан бері облысқа сапарлаған туристер саны былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 20 пайызға көбейген. Олар негізінен тартылған теңіз табанында серуендеуге, Қамбаштың емдік суларына, Көкарал мен Барсакелмес қорығына қызығушылық танытып отыр. Келушілер арасында өңірдегі ежелгі қалашықтарды аралап, тарихын тани түскісі келетіндер де көп.
Қоғам • 20 Қазан, 2022
Отбасы құндылығын жаңғыртып, әке мен ана мәртебесін арттыру мақсатында ұйымдастырылып келе жатқан «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына Сыр бойынан 2014 жылдан бері 1 700 отбасы өтінім берген. Осы жылы сегізінші рет өткізілгелі тұрған іс-шараға қатысуға облыстан 178 шаңырақ ниет білдірді.
Қоғам • 18 Қазан, 2022
Сырдария өзеніндегі қатарынан бірнеше жылға созылған су тапшылығының зардабы облыстың бар саласына әсер етіп келеді. Әсіресе несібесін жерден терген диқандардың алаңы айрықша. Жерге түскен дән ораққа ілінгенше тыным таппайтын шаруалар биыл да тәуекелмен іс бастап, қара күзде көңіл тоғайтарлық нәтижеге жетті. Диқандар жалпы 188 500 гектар жерге егін екті, оның 78 600 гектары – күріш. Осы негізгі дақылдың әр гектарынан 56,7 центнерден өнім алынды.
Аймақтар • 17 Қазан, 2022
Бизнесте жастарға жөн сілтейді
Қызылордада «Road show Enactus Kazakhstan» республикалық форумы өтті. Халықаралық Enactus ұйымы бастамашы болған жиынға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері, мектеп оқушылары, жас кәсіпкерлер қатысып, инновациялық жобаларын таныстырды.
Аймақтар • 14 Қазан, 2022
Қызылордада қала күні аясында түрлі іс-шаралар, мәдени кештер ұйымдастырылып, Сырдағы шаһардың әр күні жаңалыққа толы болып тұр. Биыл астана болған Ақмешіттің мерекесі аясында тұңғыш рет «Бала барысы» байрақты бәсекесі өтті. Отыз спортшы қатысқан жас балуандар додасына бірқатар компания демеушілік жасады.
Аймақтар • 14 Қазан, 2022
Биыл газбен жабдықтау бағытындағы 14 жобаны жүзеге асыруға 5,8 млрд теңге қаралған. Оның 4,3 млрд теңгесі республикалық, 542 млн теңге облыстық бюджеттен бөлініпті. Облыс тұрғындарын газбен жабдықтауға түрлі бағдарламалардың да көмегі көп болып отырғандығы байқалады.
Аймақтар • 14 Қазан, 2022
Сырдағы қалалар мен елді мекендерді газдандыру бағытында біршама шаруаның басы қайырылды. Бүгінде аймақтағы орталықпен қатар «көгілдір отын» тұтынып отырған ауылдар да көбейген.
Аймақтар • 13 Қазан, 2022
Қаланың қарбаласынан кейін ауылдағы құлаққа ұрған танадай тыныштықты жатырқап тұрады екенсің. Кезінде айдыны кемерін кеміріп жатқан Арал теңізінің бір қолтығын паналаған Ақбасты ауылында келген алғашқы ой осы болды. Сол сәтте-ақ 15 жылдай бұрын дәл осы мекенге ат шалдырғанымыз да еске түсе кетті. Содан бері ештеңе өзгермеген сияқты. Дүние бір орнында тұрып қалғандай.
Медицина • 06 Қазан, 2022
Басым бағыт – ана мен бала саулығы
Қызылордаға жұмыс сапарымен келген Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен кездесіп, өңірдегі медициналық қызмет сапасын арттыру, ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсарту шаралары туралы пікір алмасты. Кездесуде медициналық нысандар құрылысын салу, дәрігерлерге әлеуметтік көмек көрсету мен қауіпті ауруларды ерте анықтап, алдын алу мәселелері де сөз болды.