Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1577 материал табылды

Коронавирус • 26 Қаңтар, 2022

Жастар арасында жылдам тарап жатыр

Биыл 24 қаңтардағы мәлімет бойынша облыста коронавирусқа қатысты 124 жағдай анықталды. Оның 43-інен ауру белгілері байқалған, басым бөлігі симптомсыз. Ал инфекциялық стацио­нарда 368 науқас ем қабылдап жатыр. 40 мыңға жуық тұрғын коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын қабылдады.

Коронавирус • 19 Қаңтар, 2022

Екі ауданда екпе баяу жүруде

Қызылордада облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен онлайн форматта коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі облыстық жедел штаб отырысы өтті.

Қазақстан • 12 Қаңтар, 2022

«Құнды жәдігер» жобасы жалғасады

«Рухани жаңғыру» бағдар­ламасы бойынша Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану му­зейі былтыр қолға алған «Құн­ды жәдігер» жобасы биыл да жалғасын табады. Ел ардақтаған тұлғалардан қалған жәдігерлерді зерттеу мен насихаттауды көз­деген бастама аясында тарихи-этнографиялық экспедициялар ұйымдастырылып, музей қоры толықты, танымдық телехабарлар әзірленді.

Аймақтар • 12 Қаңтар, 2022

Ел көңілі орнына түсті

Күн өткен сайын Қызылорда облысында жағдай тұрақталып, тіршілік қалыпқа түсіп келеді. Ең бастысы, бүліктен үріккен елдің көңілі орнына түсті. Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 қаңтардан бері 365 азамат полиция органдарына жеткізіліп, 54-і қамалды. Олардың арасында төтенше жағдай режімін бұзғандар да бар.

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2022

Жалған ақпарат таратқан Байқоңыр тұрғыны жауапқа тартылды

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Байқоңыр қаласының 49 жастағы тұрғынының Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында арандатушылық сипаттағы жалған ақпарат таратқаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2021

Ауылға ажар берген әлеуметтік жобалар

Сыр бойында мемлекет-жекеменшік серіктестігі аясында атқа­рыл­ған бастама көп. Билік пен бизнес байланысының жаңа фор­матының шарапатын әсіресе шалғай ауылдағылар көріп отыр. Ел Тәуел­­сіздігінің 30 жылдығы қарсаңында облыста аталған се­рік­­тестік аясында бой көтерген бірқатар әлеуметтік нысандар ашыл­­ды.

Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2021

Қазалыда Жалаңтөс баһадүр ескерткіші бой көтерді

Қызылорда облысының Қазалы ауданында даңқты қолбасшы Жалаңтөс батырдың еңселі ескерткіші бой көтерді. Биыл туғанына 445 жыл толып отырған Тұран жолбарысының рухына құрмет көрсетілген шараға облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қатысып, даңқты қолбасшыға арналған ескерткіштің ашылуымен тұрғындарды құттықтады.

Өнер • 26 Желтоқсан, 2021

Жыр жампозы – Көшеней

Қызылордада Сыр сүлей­лерінің жолын жалғаған жыр жампозы Көшеней Рүстембекұлының туға­нына 75 жыл толуына ар­налған «Жүрегі жауһар жам­позым» атты этно-қойылым концерт өтті. Өлмес өнердің отын жақ­қан жырау рухына құрмет танытқан кеш Қармақ­шы ауданы әкімдігі және облыс­тық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қол­дауы­мен ұйымдас­тырылып отыр.

Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2021

Қызылорда шынысына сырттан сұраныс бар

Ұлық мерекеге арналған басты шаралар аясында Қызылордада шыны зауыты ашылды. Ашығын айтсақ, осы өндіріс орны биыл іске қосылып, игілікке жарайды дегенге илана қойғандар аз болды. Олай болатын да жөні бар, бұл сонау 2008 жылы Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасында біріккен кәсіпорындар туралы жасалған келісімге енген жобалардың бірі еді.

Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2021

Мереке қарсаңында баспаналы болды

Қызылордада баспана кезегінде тұрғандарға Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында шаһардың сол жағалауындағы 680 пәтерлік 14 тұрғын үйдің кілті берілді. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мен қала әкімі Ғанибек Қазантаев қатысқан шарада пәтерлі болған­дардың дені көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылар.