Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1617 материал табылды

Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2021

«Сыр журналистикасының тарихы» жарық көрді

Қызылордадағы Достық үйінде «Сыр журналисти­касының тарихы» 5 томдық жинағының тұсауы кесіліп, оған Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы Амантай Шәріп, «Бас редакторлар клубы» ҚБ президенті Бибігүл Жексенбай, Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының жетекшісі Ғалымжан Елшібай, «Түркістан медиа холдингі» ЖШС басқарушы директоры Тельман Бейсен, «Сыр медиа» ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаев қатысты.

Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2021

«Қаламгерлер аллеясы» ашылды

Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаевқа облыс орталығында «Қаламгерлер аллеясын» ашу жайлы ұсыныс айтылған еді. БАҚ өкілдерімен еркін форматта өткен емен-жар­қын жүздесуде қала бас­шысы қаламдастар ұсы­­нысын қолдаған. Тұңғыш Президент күні мере­кесі қар­саңында об­лыс орта­лығындағы Қал­тай Мұха­меджанов, Әб­ділдә Тәжі­баев, Зейнол­ла Шүкі­ров­тердің ес­керт­кіші орна­лас­қан аумақ­тан аллея ашылып, қа­ла әкімінің орынбасары Бек­тас Нұридинов жинал­ған қауымды мерекемен құттықтады.

Экономика • 29 Қараша, 2021

Несие портфелі 6 есе ұлғайды

Сыр бойында бизнесті дамытуға мемлекеттік және өңірлік бағдарла­малардың барлық мүмкіндігі пайдаланылды. Биыл 1 975 жоба «Бизнестің жол картасы-2025», «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалары мен «Қызылорда» өңірлік инвестициялық қоры арқылы 23,8 млрд теңгеге қаржыландырылды. Былтырмен салыстырғанда осы жылы несие портфелі 6 есе ұлғайыпты.

Аймақтар • 29 Қараша, 2021

Құрбандарды ақтау мәселесі ғылыми тұрғыда зерделенді

Қызылордада облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі өңірлік комиссия отырысы өтті. Жиынға өңірлік комиссия мүшелері, облыстық жұмысшы тобы мамандарымен қатар қала және аудандық жұмысшы топ өкілдері онлайн режімде қатысты.

Қазақстан • 22 Қараша, 2021

Туған жерге ырыстан қазық қаққан

Сыртқа шыққанда Сыр бойы, Шиелі туралы әңгіме айтыла қалса кешегі тарих есінде қалған елдің «Е-е, жарықтық Ыбекең түлеткен топырақ қой» деп жататыны бар. Ыбекеңі – кәдімгі екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаев.

Коронавирус • 19 Қараша, 2021

1150 тұрғын Ashyq тәртібін бұзған

Індет белгісі байқалғалы бері облыста коронавирус инфекция­сын жұқтырған 19 170 жағдай тіркеліпті. Әсіресе, осы жылы бойынан вирус табылғандар көп. Былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда биыл аурушаңдық көрсеткіші 3 есеге ұлғайған. Дегенмен соңғы 2 айда індетке шалдыққандар қатарының азайғаны байқалады.

Аймақтар • 16 Қараша, 2021

Қызылордада ақылы жол іске қосылады

Осы айдың ортасынан бастап республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» күре жолы ақылы негіздегі жүйеге қосылады. Ақылы жол тарифі жеңіл көліктерге 1 шақырымға – 1 теңге, жүк көліктері мен автобустарға техникалық көлеміне байланысты 5 пен 25 теңге аралығында болады. Бұл туралы Қызылорда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлап отыр.

Аймақтар • 12 Қараша, 2021

Жарығы жиі сөнетін қала

Қызылордада облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен энергетика саласындағы өзекті мәселелер бойынша отырыс өтіп, онда аймақтағы электр жарығының тапшылығы талқыланды.

Аймақтар • 11 Қараша, 2021

Қызылордада – қымбатшылық

Қызылорда облысында тұтыну бағаларының индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 106,8% болып отыр. Азық-түлік тауарлары 8,3%, азық-түлік емес тауарлар бағасы 6,7%, ақылы көрсетілетін қызметтер құны 4,9%-ға өскен. Бұл – облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен азық-түлік емес тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша кеңейтілген отырыста айтылған статистикалық деректер.

Аймақтар • 10 Қараша, 2021

Қызылорда облысында электр энергиясына шектеу тоқтатылады

Соңғы күндері Қызылорда облысында электрмен қамту жүйесіне арнаулы шектеулер қойылған болатын. Ертеңнен бастап осы шектеу алынып тасталып, тұтынушылар электр энергиясымен толық қамтылады.