Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1664 материал табылды

Тарих • 15 Шілде, 2021

«Теңдіктен» басталған тарих

1925 жылы Орта Азиядағы ұлттық-аумақтық межелеуден соң Түркістан АКСР-нің құрамында болып келген Сырдария және Жетісу облыстары, сондай-ақ Қарақалпақ автономиялы облысы Қазақ автономиялы республикасының құрамына енді. Сөйтіп ел астанасын Орынбор қаласынан қазақтың қалың ортасына көшіру мәселесі көтерілді.

Аймақтар • 15 Шілде, 2021

Партия үміткері сайлаушылармен кездесті

Осы жылдың 25 шілдесінде Қызылорда облысынан ауыл әкімдерінің сайлауына 131 үміткер қатысады. Облыстық сайлау комиссиясының дерегінше олардың басым бөлігі өзін-өзі ұсынғандар. Үміткерлерді ұсыну және тіркеу кезеңі өтіп, үгіт-насихат жұмыстары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экология • 15 Шілде, 2021

Арал ауданында төтенше жағдай жарияланды

Қызылорда облысының Арал ауданын қуаңшылық жайлап, бірқатар ауылда мал өлімі тіркелгені мәлім. Осыған орай аудандық комиссияның кезектен тыс отырысының ұсынысымен 13 шілдеде ауданда төтенше жағдай жарияланды.

Тағайындау • 13 Шілде, 2021

Гүлшара Әбдіқалықованың баспасөз хатшысы тағайындалды

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы қызметіне Тағыберген Абай Тағыбергенұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан • 11 Шілде, 2021

Қуаңшылыққа қарсы қарекет

Сиыр жылы сырбойылықтар үшін қиын жыл болып тұр. Соңғы уақытта арнасы төмендеп келе жатқан дарияның көктемде толып ақпайтыны қыстың күні-ақ белгілі болған. Мұндайда жауын-шашынның да көмегі көп еді. Алайда синоптиктер осы жылы ылғал жылдағыдан аз түсетінін жиі ескертіп отырды. Шынымен де, көктемде қылтия бастаған шөп шықпай жатып күйіп кетті. Арал ауданында күн жылына көлдер жағалауы ұйыққа айналып, су ішуге барған мал батып өле бастады.

Аймақтар • 09 Шілде, 2021

Қызылорда облысында еңбек заңнамасын бұзған 143 дерек анықталды

Аймақтағы еңбек инспекторлары жыл басынан бері мекемелер мен кәсіпорындарға 81 тексеру жүргізді. Нәтижесінде еңбек заңнамасын бұзған 143 дерек анықталған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы Төреахмет Жолымбетов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz. 

Аймақтар • 09 Шілде, 2021

Қызылордада Мәжіліс депутаттары тұрғындармен кездесті

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл, Ғалым Әміреев, Геннадий Шиповских Қазалы ауданына сапары кезінде Қазалы қаласы және Қожабақы, Бозкөл ауылдарына арнайы барып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады, деп жазады Egemen.kz. 

Коронавирус • 09 Шілде, 2021

Үнді штамы үлкенге де, кішіге де қауіп

Қызылордада облыстық санитарлық-эпидемиялық бақылау депар­таментінің басшысы Динара Жаңабергенова БАҚ өкілдеріне өңірдегі эпидемиялық ахуал туралы айтып берді.

Аймақтар • 08 Шілде, 2021

Қаратаудағы қазына қараусыз жатыр

Аудан орталығы Шиелі кентінен жап-жақын көрінетін Қаратау жеткізіп болар емес. Жатаған тау біз жақындаған сайын шалқайып, тарам-тарам қойнаулары көзге айқын көріне бастады. Осы жол Түркістан облысы аумағындағы таудың теріскейіне жеткізеді. Жазғы күндері екі облыстың арасын жалғайтын көлік көбейіп кетеді екен.

Аймақтар • 07 Шілде, 2021

Қызылорда облысында жыл басынан бері 20 бала суға кетті

Аймақта жыл басынан бері суға кетудің 30 дерегі тіркелген. Қаза болған 35 адамның 20-сы бала. 3 жастағы сәбиден бастап 15-16 жас аралығындағы жасөспірімдер тілсіз жаудың құрбандары болды. Бұл туралы өңірлік коммункациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық ТЖД бастығының орынбасары Саид Молдақараев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.