Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1617 материал табылды

Қоғам • 28 Желтоқсан, 2020

Бюджеттің жұмсалуына бақылау жасауға болады

Бүгінде Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес есептілік пен ашықтықты одан әрі жетілдіру бойынша түрлі шаралар атқарылуда. Соның бірі – «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы. Мектеп, балабақша, аурухана, емхана, жол бюджетіне бірыңғай платформада қол жеткізуге мүмкіндік беретін карта қоғамдық бақылауды іске асырудың пәрменді тетігіне айналды, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2020

Қызылордада отыздан астам мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылды

Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен 31 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылған, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев брифинг барысында айтты.

Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2020

Қазалыда заманауи оттегі станциясы ашылды

Қазалы ауданаралық ауруханасында заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған оттегі станциясы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2020

Қызылорда қаласының әкімі қамқорлықты қажет ететін жандарды қабылдады

Бүгін мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қабылдаған Қызылорда қаласының Нұрлыбек Нәлібаев алдағы жылдан бастап шаһардағы қамқорлықты қажет ететін жандардың жеке көмекшілеріне төлем 8 сағаттық көлемде, 365 күнге жүргізілетінін айтты. Көмекшілерге төленетін кепілдендірілген қаражат есебінен зейнетақы қорына аударымдар жасау мәселесін де шешу үшін құзырлы органдарға тиісті құжаттар жолданғандығын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2020

Қызылорда облысында 201 пиротехникалық бұйым тәркіленді

Облыста «Пиротехника» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында 15 рейд ұйымдастырылды. Үш құқық бұзушылық фактісі анықталып, 201 пиротехникалық бұйым тәркіленді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрмахан Пазылов пен облыстық төтенше жағдайлар департаменті баскарма бастығының орынбасары Асхат Оразбеков қатысқан брифингте айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2020

Қызылордада пәтерлерге ұрлыққа түскен екі күдікті 6 миллионнан астам шығын келтірген

Қызылорда қаласы Полиция басқармасы қызметкерлері бұл мақсатта жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде облыс аудандарының бірінде тұратын 34 жастағы азамат пен оның облыс орталығында тұратын 30 жастағы сыбайласы қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 25 Желтоқсан, 2020

Мемлекеттік қызметшілер арасында тоғызқұмалақтан чемпионат өтті

Еліміздегі мемлекеттік қызмет туралы алғашқы заңнаманың қабылдануына 25 жыл толуына орай тоғызқұмалақтан облыстық чемпионат өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2020

Қызылорда облысына бес миллион дана жұмыртқа келеді

Өңірде жұмыртқа тапшылығын болдырмау мақсатында тағы 2 миллион дана жұмыртқа келеді. Сонымен облысқа Жаңа жыл мерекесіне дейін барлығы 5 миллион дана жұмыртқа жеткізіледі. Сондай-ақ осы аптада сәбіз, пияз, қырыққабаттың бағасы арзандады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2020

«Алтын домбыра» Сырға жетті

Бүгін Нартай Бекежанов атындағы академиялық музыкалық драма театрында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен жуырда ғана өткен республикалық ақындар айтысында өзгелерден мойны озық шыққан Мұхтар Ниязовқа «Алтын домбыра» сыйлығын табыстау рәсімі болып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2020

Арабтарды таңдандырған «Ару-Ана»

Сыр бойындағы ауыл-аймақтарда негізгі кәсіп егін шаруашылы­ғымен қатар мал өнімдерін өңдеуді де жолға қойған кәсіпорындар қатары көп. Мысалы, Шиелі ауданында осыдан 4 жыл бұрын «Ару-Ана» атты шағын цех ашылған. Түйе сүтін өңдейтін кәсіпорын алғашқыда тәулігіне 400 литр шұбат шығаратын. Содан бергі уақытта сұраныс артып, өнім көлемі 1 тоннаға жетті.