Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1642 материал табылды

Руханият • 24 Қараша, 2020

Еріктілер қатары еселеп артты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Волонтер жылы» деп жарияланған биылғы жыл Сыр өңірінде құрамына азаматтық қоғам өкілдері және белсенді жастар енгізілген облыстық фронт-офис құры­лып, 7 бағытта өңірдегі мұқтаж отбасыларға, қиын жағдайға тап болған азамат­тарға волонтерлік көмек көрсетіліп келеді. Атаулы жыл аясында Syr Volonterlary орталығы ашылып, еріктілер күні бүгінге дейін 545 қайы­рымдылық шара өткізіп, 19 723 адамға жәр­дем беріпті. Жыл басынан бері жа­сал­ған жұмыстарды бір сара­ласақ, волонтерлердің талай игілікті істің басын­да жүргенін байқай­мыз.

Аймақтар • 23 Қараша, 2020

Негізгі басымдық – халықтың тұрақты табысы

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауының Қызылорда облысында жүзеге асырылуы және өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова баспасөз мәслихатын өткізді.

Аймақтар • 21 Қараша, 2020

Қаржы пирамидасының қақпанына түскендер үшін

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы қаржылық пирамида құрып, оның қызметіне басшылық жасап, жүргізу дерегіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабы 2-бөлігінің 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 20 Қараша, 2020

Қазалыда «Алтын дән – 2020» мерекесі өтті

Бүгін Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында өткен салтанатты шарада аудан әкімі Мұрат Ергешбаев тұрғындарды береке мен молшылықтың бастауы – «Алтын дән – 2020» мерекесімен құттықтап, ауыл еңбеккерлерінің еңбектерінің ақталғанын атап өтті. Табысқа жеткен озаттарды марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.

Аймақтар • 20 Қараша, 2020

Орманшыларға бағынбағандар ұсталды

18 қараша күні кешкі мезгілде облыстық жануарлар дүниесін қорғау және орман шаруашылығының қызметкерлері Тасбөгет кентінде сексеуіл тиеп алған «Газель» автокөлігін тоқтатады. Алайда автокөлік жүргізушісі қызметкерлердің заңды талаптарына бағынбай қашып, бір үйдің алдына барып тоқтап, қасындағы жолаушы екеуі орманшыларға күш қолданып, дене жарақаттарын салған. 

Аймақтар • 20 Қараша, 2020

Мемлекеттік қызметшілер қан тапсырды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті науқастар үшін қан тапсырып, аймақтағы барлық мемлекеттік қызметшілерді осы акцияға қатысуға шақыруда. Акция агенттіктің #Игіістеруақыты  бастамасы аясында өткізіліп отыр.

Аймақтар • 20 Қараша, 2020

Қызылордада фармацевтикалық қызмет қағидаларының бұзылғаны анықталды

Есірткінің заңды айналымы саласында қылмыстарды анықтау мақсатында өткізіліп жатқан «Дәрмек» іс-шарасының 4 күнінде полицейлер дәріханаларда фармацевтикалық қызметтің қағидаларының сақталуын тексеріп, ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтың 8 және ҚР ӘҚБтК-нің 464-бабы бойынша лицензия нормалары талабын сақтамаудың 1 дерегін анықтады. 

Аймақтар • 20 Қараша, 2020

Екі инвестициялық жоба бойынша меморандумға қол қойылды

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен инвестициялық жобалар бойынша мәжіліс өтті. Мемлекеттік орган өкілдері мен инвесторлар қатысқан жиында экспортқа бағытталған 2 жоба таныстырылып, жүзеге асырушы компания құрылтайшыларымен меморандумға қол қойылды.

Аймақтар • 20 Қараша, 2020

Қызылордада терроризмді насихаттаумен айналысқан азамат ұсталды

 Облыстық Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті қызметкерлері бірлесіп жүргізген жедел шаралар барысында түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан 43 жастағы Түркістан облысы тұрғынының діни алауыздықты қоздыруға бағытталған уағыз таратумен айналысқаны анықталды.

Аймақтар • 20 Қараша, 2020

Ақтөбеде жоғалып, Қызылордадан табылды

Қараша туысымен өңірде күн қабағы күрт өзгерді. Ауа райы 20-25 градусқа дейін суытып,  полицейлер «Қаңғыбас»  шарасын қолға алды. Көше кезген кезбелерге көмек беретін шара аясында қалалық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген әкімшілік аймақтарда қиын жағдайға ұшыраған азаматтарды анықтауда, - деп жазады Egemen.kz