Қазақстан • 30 Қараша, 2021
Халық тұрмысын жақсарту – басым бағыт
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жетістігі ең алдымен халықтың тұрмыс жағдайымен өлшенеді. Мұны жете түсінген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел тізгінін ұстаған жылдары осы мәселеге баса мән берді. Ауқымды жұмыс атқарылып, маңызды шешімдер қабылданды. Соның нәтижесінде бір кездері тұрмысы тұралап тұрған тұрғындардың әлеуметтік жағдайы бүгінде тұрақты дамудың соны соқпағына түсті.
Аймақтар • 26 Қараша, 2021
Маңғыстауда маңызды жобалар қолға алынды
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аталған аймақтың биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму барысымен таныстырды.
Медицина • 24 Қараша, 2021
Сарыарқаның салқар төрінде қазығы қағылған ел астанасы сәт санап гүлденіп, талайды таңғалдырып түрленіп келеді. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы әлемдік саясаттың сахнасы ғана емес, отандастарымыздың арман-мұраты, талабы мен тілегі сабақтасқан шаһар. Әсіресе, мұнда әлеуметтің әуелгі сұранысы саналатын медицина саласына маңызды мән беріледі. Соның жарқын дәлелі ретінде елордада 256 медициналық ұйым бар. Соның 31-і – қала әкімдігіне ведомстволық бағынысты ұйымдар саналады.
Аймақтар • 15 Қараша, 2021
Әлеуметтік нысандар қатары артты
Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Даниал Ахметов баяндады.
Медицина • 09 Қараша, 2021
МӘМС: Халыққа керегі – сапалы қызмет
Дені сау ұлт – мемлекеттің дамуы мен халықтың жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы тұруының бірден-бір кепілі. Еліміз егемендік алғалы бері ұрпақ һәм ұлт саулығына баса назар аударылып келе жатқаны анық. Жыл санап дәрігерлердің, медицина саласы мамандарының әл-ауқатына, халықтың сапалы медициналық қызметтермен қамтылуына жете мән беріліп келеді. Түптеп келгенде, мұндай қадамдардың барлығы, ең алдымен, дені сау ұлт қалыптастыру мақсатында жасалатыны белгілі. Соған қарамастан, орын алып жатқан олқылық та көп.
Қоғам • 28 Қазан, 2021
Мұқтаждың мұңын бөліскен мейірімді мамандық
Қарияларға қолұшын созып, ерекше күтімді қажет ететін ересектер мен балалардың, табысы төмен тұрғындардың қамқоршысына айналған жанашыр жандар бар арамызда. Отандастарымыз осындай мейірім мен жан жылуын әуелі әлеуметтік қызметкерлердің бойынан көріп келеді. Мұқтаждың мұңын бөліскен мұндай мамандық иелерінің саны Қазақстанда қазір 12 мыңнан асады. Оның 10 мыңы медициналық-әлеуметтік мекемелерде еңбек етеді.
Елорда • 27 Қазан, 2021
Бұқаралық спорт бүр жарған шаһар
Саламатты өмір салтын ұстанып, спортты серік еткен адамның алар асуы да, бағындырар биігі де көп болмақ. Сондықтан шынығып, шымыр болуға ұлт болып ұмтылып келеміз. Соның жарқын дәлелі ретінде Нұр-Сұлтан қаласының аумағында бұқаралық һәм балалар спортын дамытудың дара даңғылы сәт санап қалыптасып келеді. Мәселен, күні кеше елордада «Қолжетімді спорт» жобасы қолға алынды. Соның нәтижесінде, қала тұрғындары спорттың 11 түрі бойынша таза ауада жаттығып жүр.
Өнер • 20 Қазан, 2021
Елорда – өркен жайған өнер төрі
Көзіқарақты көрерменнің талғамын таразылап, рухани көкжиегін кеңейтетін бірден-бір өнер ордасы – театр. Алайда «жаман тұмау» жағадан алған сәттен бері жалғыз театр ғана емес, көптеген көпшілік орынның есігі тарс жабылған еді.
Елорда • 14 Қазан, 2021
Көгілдір отын – қою түтін құрсауынан құтылу жолы
Еліміз егемендігін алып, өз алдына тәуелсіз мемлекет болғалы бері ауыз толтырып айтуға болатын ауқымды жобалар қолға алынды. Сол жобалардың көшбасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Арқа төріне көгілдір отын тарту бастамасы тұр дер едік. Өз кезегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бас қаланы газдандыру жұмысына айрықша назар аударып келеді. Мәселен, күні кеше Алматы ауданындағы Оңтүстік-шығыс тұрғын алабы Майдақоңыр көшесінің тұрғындары да көптен күткен көгілдір отынға қол жеткізді.
Қазақстан • 12 Қазан, 2021
Кеңес Одағы ыдырап, егемендік еншімізге бұйырған жылдары Қазақстан ғана емес, күллі ТМД аумағы абдырап қалғаны анық. Жұмыссыздық пен жоқшылық талай адамның таудай талабын құмдай үгітті.