Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1651 материал табылды

Аймақтар • 09 Мамыр, 2020

Қостанай облысының әкімі ардагерлерді құттықтады

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Отан соғысының ардагерлері Михаил Подоляков пен Қасымхан Алдабергеновті құттықтады.

Аймақтар • 09 Мамыр, 2020

Тоғызақ айдаһары туралы не білеміз?

1941 жылы Тобыл өңіріне Украина мен Ресейден бірнеше зауыт-фабрика эвакуацияланды. Солардың бірі – Мәскеу маңындағы Егорьевск қаласынан көшіп келген «Комсомолец» әскери зауыты. Қазіргі Қарабалық ауданының бертінге дейін Комсомол ауданы болып келуі де осы кәсіпорынмен байланысты. Зауыттың өндірістік құрылғылары 1941 жылдың күзінде 52 вагонға тиеліп әкелініп, Тоғызақ стансасына түсірілген.  1942 жылы толықтай іске қосылып, мина және әскери техниканың қосалқы бөлшектерін шығара бастаған. Мұнда 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер жұмыс істепті. Зауыт шығарған ең басты қару түрі – Т-34 танкіне арналып жасалған АТО-41, АТО-42 автоматты отшашқыштары. Талай қанды шайқастарда аждаһадай жалын шашып жаудың үрейін ұшырып, құтын қашырған бұл қару одақ көлемінде осы Тоғызақта ғана шығып тұрған.

Аймақтар • 09 Мамыр, 2020

75 жыл кешіккен «Қызыл жұлдыз»

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарының ақтаңдақтары уақыт озған сайын жаңғырып, отан үшін от кешкен талай жауынгер аталарымыздың айтылмаған ерлігі тарихқа жаңа жазылып жатыр. Мәселен, қостанайлық майдангер Темірбек Есенжоловтың 1945 жылы «Қызыл жұлдыз» орденіне ұсынылғаны туралы дерек кеше ғана белгілі болып отыр. Оны ардагердің АҚШ-та тұратын немересі Динара Досова интернет арқылы тауып алыпты.

Тарих • 09 Мамыр, 2020

Тыл қызының әңгімесі

Қайраткер тұлға Оразалы Қозыбаев пен академик Манаш Қозыбаевтың туған қарындасы Сәулеш Қошпанова бүгінде Қостанай облысының Меңдіқара ауданында тұрады. Әжейдің балалық шағы соғыс жылдарына дөп келіпті. Сұрапыл кезеңдегі ауылдың ауыр тұрмысы мен тыл еңбеккерлерінің жанкештігі кейуананың күні бүгінге дейін көз алдында.

Қоғам • 06 Мамыр, 2020

Арқалықта 1000 отбасы әлеуметтік көмек алды

«Халық» қайырымдылық қоры Арқалық қаласында тұратын тұрмысы төмен отбасылар мен көп балалы аналарға Күріш, ұн, макарон, жарма, өсімдік майы, шай, қант, қою сүт, түрлі тәтті тағамдар салынған  азық-түлік себеттерін таратты. Әр себеттің салмағы шамамен 60 келі тартады.

Аймақтар • 06 Мамыр, 2020

Қостанайда тұңғыш рет «Қаһарман ұлт» онлайн акциясы өтеді

Қостанай облысында биыл Жеңіс күні қарсаңында жылдағыдай майдангерлер рухына тағзым ету митингтері мен Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою, мерекелік концерт ұйымдастыру сияқты бұқаралық шараларға тыйым салынды. 

Аймақтар • 06 Мамыр, 2020

Шекарада тәркіленген миллион маска дәрігерлерге берілді

Мамыр айының бірінші күні Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Қайрақ» бақылау бекетінде Алматыдан Мәскеуге тауар алып бара жатқан жүк көлігінен тәркіленіп алынған миллионға жуық  маска Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды. Бұл туралы Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Аймақтар • 06 Мамыр, 2020

Ерлік ескерусіз қалмайды

Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданына қарасты Әйет ауылының тұрғындары осыдан екі ай бұрын болған оқиғаны әлі ұмыта қойған жоқ. «Ыстығы бет қаратпайтын қою түтін ішіне полицей ойланбастан қойып кетпегенде үй ішіндегілердің тірі қалуы екіталай еді» - дейді Жабағы батыр көшесіндегі жұрт. 

Коронавирус • 06 Мамыр, 2020

Қостанайда студент қыздан COVID-19 вирусы анықталды

Қостанай қаласында індет жұқтырған тағы бір науқас тіркелді. Өңірлік жедел ақпарат штабының хабарлауынша, Ресейде білім алып жатқан 17 Қазақстан азаматы таяуда елге оралған.

Аймақтар • 05 Мамыр, 2020

Қостанайда армениялық көлік жол апатына түсті

Кеше Ақтөбеге Қостанай облысы арқылы өтіп бара жатқан «Хонда» автокөлігі жойқын жол апатына ұшырады. Көлік тізгінінде 29 жастағы Атырау тұрғыны болған.