Аймақтар • 28 Ақпан, 2020
Қостанайда пара алды деген күдікпен екі полицей ұсталды
Қостанай облысында жол полициясының қызметкері мен Қостанай қаласының Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік бөлімнің жедел кезекшісі пара алды деген күдікпен қамауға алынды.
Аймақтар • 28 Ақпан, 2020
Қашанда көгінде ән қалықтап, төрінде күй шалқыған Батпаққара өңірінде «Әр үйде – бір домбыра» деп аталатын ерекше өнер акциясы басталды. Мәдени шараның шанағына сайын даланың жұмбақ тарихын тұтас сидырып, екі ішегінен ескі заманның зарынан күй төккен қазақтың киелі қара домбырасының қадір-қасиетін қараша жұрттың қаперіне салып, ел ішінде ұлттық өнерді ұлықтауды, ауыл-ауылда дәстүрлі ән-күйді кеңінен насихаттауды көздейді. Акция Қостанай облысына қарасты Аманкелді ауданының барлық елді мекенінде жүріп жатыр. Оны аудан әкімі бастап, игі жақсылар қоштап, көпшілік қолдады.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2020
Қостанай: 900-ге жуық бала кепілдендірілген әлеуметтік пакет алды
Бүгін Қостанай қаласының әкімдігі мен «Rauzet Сауда» серіктестігінің өкілдері көп балалы отбасыларға арналған азық-түлік және гигиеналық пакеттерді тапсырды. Кепілдендірілген әлеуметтік пакет алғандардың ішінде көп балалы Бекжановтар отбасы да бар.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2020
Қостанай облысында 3 ірі мәдениет ошағы күрделі жөндеуден өтеді
Өткен жылы Қостанай облысы бойынша 22 ауылдық мәдениет ошағы жабылып қалған. Бұған шағын ауылдардағы тұрғындар санының кемуі себеп болып отыр.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2020
Қостанай облысындағы шағын тігін цехтары жаппай жабылып қалуы мүмкін. Цехтар индустриялық сертификаттың жоқтығынан бұған дейін өздері қызмет көрсетіп келген мекемелерден тапсырыс ала алмай отыр. Былтыр қыркүйек айынан бастап мұндай тапсырыстар мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы ғана қабылдана бастаған. Содан бері талап та өзгерді.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2020
Қостанайда «Электронды үкімет» порталын пайдалануды үйрететін сыныптар ашылды
Қостанай облысында жер телімінің кадастрлық құнын анықтау, жер телімдері жобаларын бекіту сияқты мемлекеттік қызмет түрлері электронды түрге көшуі мүмкін. Сондай-ақ «Электронды колледж» деп аталатын жаңа жүйе қалыптаспақ. Бұл арқылы техникалық және кәсіби білім алғысы келетін үміткер жастар өзі таңдаған оқу мекемесіне құжаттарын үйде отырып-ақ тапсыра алады.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2020
Бос жатқан жерлерге бақылау күшейді
Қостанай облысында қараусыз жатқан алқаптар мен мақсатсыз пайдаланымдағы жер телімдеріне бақылау күшейтілді. Әсіресе ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мен коммерциялық құрылыс нысандары түсетін жер телімдері қатаң қадағалауға алына бастады.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2020
Жаңа заң жобасы қоғамдық кеңестердің белсенділігін арттырады
Бүгін «Nur Otan» партиясы жанындағы Құқықтық кеңестің кеңейтілген отырысында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин «Қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері бойынша Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының негізгі ережелерін таныстырды.
Абай • 25 Ақпан, 2020
Қостанай студенттері «Абай» спектаклін сахналады
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде көп жылдан бері дәстүрлі өнер мектептері жұмыс істеп келеді. Олардың жастарға тәрбиелік ықпалы зор. Мәселен, университет табалдырығын аттағанға дейін қолына домбыра ұстап көрмеген талай жастың сабақтан тыс уақытта халық ақыны Әсия Беркенованың мектебіне барып жүріп, төрт жылдан соң домбыраға кәдімгідей бауыр басып, күйшілік, әншілікті жансерік етіп алғанын көрдік.
Аймақтар • 24 Ақпан, 2020
Қостанайда ұлттық орталық жетекшілері бас қосты
Жиынға өңірдегі 17 этномәдени бірлестіктің жетекшілері қатысты. Басқосуда Ассамблеяның өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты дамытуда маңызды орынға ие екендігі айтылып, ұлттық бірлестіктердің бүгінгі қоғамдағы тыныс-тіршілігі туралы сөз болды.