Аймақтар • 17 Наурыз, 2020
Азық-түлік бағасын негізсіз көтеруге жол берілмейді
Қостанай облысы әкімдігінде өткен кеңейтілген отырыста өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі мен бағаны тұрақтандыру шарасы талқыланды.
Аймақтар • 16 Наурыз, 2020
Көші-қон қызметі шекараға қойылған шектеу тәртібін түсіндірді
Қостанай облысы Ресейдің Челябі, Қорған облыстарымен шектесіп жатқандықтан, екі ел азаматтары арасындағы қарым-қатынас жиі, келімді-кетімді жолаушы көп. Шекара бекетінен тәулігіне төрт мыңдай адам өтеді. Оның үстіне Ресейден Орталық Азия мемлекеттеріне бет алған көліктің көбі Қостанай облысын кесіп өтеді. Сондықтан облыстық Полиция департаментінің Көші-қон қызметі мемлекеттік шекарадағы уақытша шектеуге байланысты түсінік беріп, облыс тұрғындарын орынсыз дүрлігуден сақ болуға шақырды.
Аймақтар • 16 Наурыз, 2020
Қостанайдағы «Большевичка» тігін фабрикасы медициналық маска шығара бастады
Бұған өңірдегі қазіргі ахуалға байланысты өнімнің осы түріне сұраныстың артуы себеп болып отыр. Кәсіпорын тәулігіне 10 мың маска тігуге қауқарлы.
Аймақтар • 16 Наурыз, 2020
Автобус музей қызметін атқарады
Қостанайдағы облыстық тарихи-өлкетану музейі жергілікті автобус паркінің қолдауымен Жеңістің 75 жылдығына арналған ерекше акцияны қолға алды.
Аймақтар • 14 Наурыз, 2020
Қостанайда арзандатылған азық-түлік жәрмеңкесі өтті
Бүгінгі сенбілік сауда алаңына шығарылған азық-түліктің бағасы нарықтағыдан едәуір төмен. Ең бастысы, мұнда тұтынушы өнімді ешбір делдалсыз, тікелей тауар өндірушінің қолынан сатып алады.
Аймақтар • 13 Наурыз, 2020
Қостанай облысындағы 167 ауылда мектеп жоқ
Өңірлік коммуникация қызметінде БАҚ өкілдерімен кездескен Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Орал Қаппасов: - 167 ауылдық елді мекенде білім беру ұйымдары жоқ. Бұл елді мекендерде мектеп жасындағы 1538 бала тұрады. Олар көрші ауылдардағы мектептерге арнайы бөлінген автобуспен қатынап оқиды. Техника паркі жаңартуды қажет етеді. Осы мақсатта 2022 жылға дейін 30 автобус сатып алу жоспарда бар, - деді.
Аймақтар • 13 Наурыз, 2020
Қостанай облысы: 17 мыңға жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылды
Қостанай облысында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында өткен жылы 22 жарым мың адам жұмыспен қамтылған.
Аймақтар • 13 Наурыз, 2020
Тобыл өңірінде дәл керек кезінде полицияға қол ұшын созып, көмекке келушілердің саны жыл санап еселеніп келеді. Тұрғындардың қоғамдық жауапкершілігі мен құқықтық сауатының артып келе жатқанын сақшылар да айтып отыр. Мәселен, өткен жылы облыстағы тәртіп сақтау шараларына мыңнан астам ерікті қатысып, 12 қылмыстың ашылуына, 517 әкімшілік құқық бұзушының ұсталуына атсалысқан.
Өнер • 13 Наурыз, 2020
«Жадыраның» жан жадыратар әндері-ай!
Қостанайдағы Достық үйінде «Жадыра» халықтық вокалдық ансамблінің концерті өтті. Қазір не көп – ансамбль көп, ән көп. Бірақ «Жадыраның» жөні бөлек. Ансамбльді 1991 жылы әнші-композитор Қайрат Нұрғазин ұйымдастырған еді. Рудныйда алғаш «Әжелер» ансамблі болып құрылған ұжым сол кезде көп айтыла қоймайтын ұлттық бояуы қанық дәстүрлі халық әндері мен қазақ композиторларының туындыларынан ғана тұратын ерекше репертуарымен әнсүйер қауымды өзіне бірден баурап алған.
Аймақтар • 12 Наурыз, 2020
Жеңіс эстафетасы Қостанайға жетті
Эстафета ережесі бойынша, 1941 жылы Жетісуда генерал Панфилов жасақтаған әйгілі 316-шы атқыштар дивизиясының Жауынгерлік Туының көшірмесін бүкіл Қазақ жерін аралап шығуы керек.