Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1596 материал табылды

Баға • 11 Қазан, 2023

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ: Таскөмір мен тасымал қымбат

Қостанайдың отын қоймалары Қаражыра көмірінің бір тоннасына – 19 мың, Шұбаркөлге – 20 мың, қызуы кемдеу Богатырь көміріне 16 мың теңгеден сұрап отыр. Облыс орталығының маңайындағы газ құбыры жоқ елді мекендердің бәрі отын тасушыларға келісімді жол пұлын беріп көмірді осы қоймалардан жеткізіп алады.

Қылмыс • 09 Қазан, 2023

Сергелдеңге салған есірткі

Қостанайда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан жергілікті колледждің екі студенті 10 жылға бас бостан­дық­та­рынан айырылды. Өзге жастарға сабақ болсын десе керек, қылмыстық істерді қарайтын маман­дандырылған соттың ашық отырысы бұл жолы Ахмет Бай­тұрсынұлы атындағы өңірлік университетте көпшілік сту­дент­тердің алдында өтті.

Егемен Қазақстан • 09 Қазан, 2023

«Егеменнің» ең қарт оқырманы

«Қазпошта» АҚ Қостанай облыстық филиалының қызмет көрсету залында өткен іс-шараға филиал ұжымы, жергілікті және республикалық баспасөз құралдарының өкілдері қатысты.

Аймақтар • 08 Қазан, 2023

Торғайдың Хатикосы

Амантоғайдан бұрылып, Арқалыққа қарай бет алып барамыз. Сәлден соң алдымыздан Кейкі батырдың кесенесі көрініп қалуға тиіс. Тасты ауылдық округінің шекарасына іліккеніміз сол еді, көлік тізгінінде отырған Жарқын есімді жігіт ағасы жүрісін кілт тежеп, күре жолдың оң қапталындағы асфальтталған ашық алаңның арғы бетіне тіреліп тоқтады.

Аймақтар • 05 Қазан, 2023

Дамуға дем берген демеу

Қостанайда «Даму» қорының ұйымдастыруымен өңірдегі шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламаларының жүзеге асу барысы туралы баспасөз конференциясы өтті. Жиыннан кейін БАҚ өкілдері мемлекет қолдауының нәтижесінде іске қосылған, сондай-ақ қызмет аясын кеңейтіп, қанатын кеңге жая бастаған бірнеше кәсіпорынға барды.

Көрме • 04 Қазан, 2023

Теңге тарихын тербейді

Л.Толстой атындағы облыстық кітапханада «Ұлттық валюта – Қазақстан тәуелсіздігінің белгісі» атты кітап көрмесі ашылды. Қазақ теңгесінің арғы-бергі тарихы мен тәуелсіз Қазақстандағы ақша қатынасының қалыптасуы, сондай-ақ еліміздің экономикалық дамуы жөніндегі 100-ге жуық ғылыми-танымдық еңбектер көрініс тапқан көрменің ашылу рәсіміне жергілікті ғалым-ұстаздар, студенттер мен оқушылар, банк саласының өкілдері, әскерилер қатысты.

Аймақтар • 01 Қазан, 2023

Жетелі жеті қадам

Қостанайда өзге тілді мектеп оқушылары арасында өткен «Мемлекеттік тілге жеті қадам» жобасы өз мәресіне жетті. Биыл наурыз айында басталған жоба тұтас облысты қамтып, оған қатысқан 5-11-сынып аралығындағы 200-ге жуық оқушы жеті ай бойы тіл сындырып, тілдік дағды қалыптастыруға талаптанып көрген.

Жастар • 29 Қыркүйек, 2023

Жас экологтер жарысы

Науырзым қорығында бүкіләлемдік туризм күніне арналған «Қазыналы Науырзым» атты іс-шара өтті. Экологиялық ағарту бөлімінің мамандары ұйымдастырған мерекеге аудандық балалар шығармашылығы үйінің «Жас эколог» үйірмесіне барып жүрген оқушылар қатысты.

Шаруашылық • 27 Қыркүйек, 2023

Шығынға батқандар қолдаусыз қалмайды

Өңірге Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыс сапарымен келіп, жергілікті агроқұрылым бас­шы­ларымен жүздесті. Кез­де­су барысында министр шаруалар қойған сауалдарға жауап берді.

Шаруашылық • 26 Қыркүйек, 2023

Мал басын бірізді тіркеу

Биыл төрт түліктің жас төлін біріздендіру жұмыстарына облыс бюджетінен 110 млн теңгеден аса қаржы бөлініп отыр. Ветеринар мамандар жыл басынан бері 128 132 ірі қараны, 136 010 ұсақ малды, 42 966 доңыз, 13 240 жылқы, 15 түйені сәйкестендіру тізіміне енгізген.