Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1596 материал табылды

Қоғам • 26 Қаңтар, 2023

Отбасында – 36 бала

Лисаков қаласында тұратын ерлі-зайыпты Шукуровтардың өздерінен туған үш баласы бар. Оған қоса бұл отбасы кейінгі бес жыл ішінде балалар үйінен 33 бала асырап алған.

Экология • 25 Қаңтар, 2023

Қаңтардағы қасқыр санағы

Науырзым қорығында дала қас­қырларын бақылау шара­ла­ры жүріп жатыр. Қорық бас­шы­сының орынбасары Еламан Күмісбековтің айтуынша, 17 қаңтардан бері Қазақстан био­алуантүрлілікті сақтау қа­уым­дас­тығының мамандары мен қо­рықшылары орман алабы мен оған іргелес жатқан ой-қырды кезіп, із кесіп, дала бөрілерін барлайды. Табиғат аясындағы барлау шаралары 10 күнге созылмақ.

Аймақтар • 24 Қаңтар, 2023

Обағанның абат келбеті

Ресейдің Қорған облысымен шекте­сетін шекараның түбінде жатқан қазақы ауылдың бірі Обаған – заманында талай құқайды бастан кешірген тағдырлы мекен. «Атақты Кенесары хан Тобольскіге өтіп бара жатып, осы Обаған өзені­не атын суарған. Бұл өзеннің жаға­сында Шоқан Уәлихановтың ізі қалған. 1966 жылдары Сәбит Мұ­қанов та келген. Обағанның тари­хын отыз күн жырласақ та тауы­са алмаймыз», дейді жергілікті жұрт.

Аймақтар • 19 Қаңтар, 2023

Алапат өрт трактордан тұтанған

Әулиекөл ауданында былтыр күзде болған алапат өртке қатысты сот үкімі шықты. Бас прокуратура қызметкерлері тергеген іске Әулиекөл аудандық соты нүкте қойды.

Қоғам • 18 Қаңтар, 2023

Меңдіқарада да үшем дүниеге келді

Қамбалы Қарқын ауылында тұратын Петров­тар отбасында Николай, Евгений және Виолетта есімді үшем дүниеге келді.

Аймақтар • 18 Қаңтар, 2023

«EWA» қазақша сөйлейді

Сұраған нәрсеңді әп-сәтте біліп бере қоятын «Окей гугл», «Алиса» деген елгезек әрі ақылды құрылғылар бүгінде кімге де болса жақсы таныс. Қостанайдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Әмина Ысқақова мен София Синицина осындай сөйлейтін кеңесші жасап шығарып, оны «EWA» деп атапты. «EWA» қазақша сөйлейді.

Аймақтар • 17 Қаңтар, 2023

Сананы улаған синтетикалық есірткі

Өткен жылы өңірде есірткі бизнесіне қатысты 314 қылмыстық іс тіркелді. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл бағытта жүргізілген тергеу амалдарының үштен бірі синтетикалық есірткіге қатысты болған. Мамандар аса қауіпті қоғамдық індеттің, әсіресе жасөспірімдер арасында белең алып бара жатқанына алаңдап отыр.

Аймақтар • 12 Қаңтар, 2023

Қаңтардағы қарбалас

Қаңтардың қарлы бораны мен қақаған аязы қалаға да, ауылға да оңай тиіп жатқан жоқ. Ауа райының қолайсыздығынан соңғы аптада мектеп оқушылары онлайн режімде оқуға көшті. Ауыл-ауылға кіреберіс жолдарды қар басып, жол қатынасы қиындап кетті. Ол аз болғандай, қырық градустық аязда ірі елді мекендердегі жылу, су құбырлары да сыр бере бастады.

Ауыл • 12 Қаңтар, 2023

Ауыл атакәсіпсіз көркеймейді

Қостанай облысында ауыл шаруашылығы саласына бөлінген 40,3 млрд теңге көлеміндегі қомақты қаржының басым бөлігі мал шаруашылығын кешенді дамытуға жұмсалмақ. Биыл өңірде 8 сүт фермасын салу жоспарланған. Алғашқы 7 ферманың әрқайсысы 1 200 бас сауын сиыр ұстап, жылына 15,2 мың тонна сүт өндіретін болады. Ал 3 мың бас ірі қараға шақталған ең ірі ферма жылына 42,6 мың тонна сүт өндіреді.

Спорт • 11 Қаңтар, 2023

Ұзынтұралар турнирі

Қостанайда 11-ден 16 жас­қа дейінгі мектеп оқу­­шыларының «Shans Winter Cup» респуб­ли­калық тур­нирі мәреге жетті. Үш спорт ғимара­тын­да үш күн бойы өткен ұзын­тұра­лардың доп додасына Астана, Алматы, Ақ­төбе, Қостанай қалала­рындағы 5 жекемен­шік мек­тептен 17 команда қатыс­ты.