Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1652 материал табылды

Экономика • 29 Шілде, 2022

Шетелдік жүк көліктері отандық тасымалдаушылардың алдын орап кетіп жатыр

Іргедегі елге салынған санкциялардың салдары Қостанайдағы көлік компанияларына да тиіп жатыр. Бұл кәсіпорындардың алысқа тауар тасымалдайтын ауыр көліктері біраздан бері жүк таппай, жұмыссыз қаңтарылып тұр. Кәсіпкерлердің айтуынша, өз компанияларын Қазақстанда уақытша тіркеуге қойып алған Ресей мен Беларусьтегі бәсекелестері санкцияларды айналып өту үшін көк туды жамылып алып, Еуроодақ мемлекеттеріне емін-еркін жүк тасып жүр.

Аймақтар • 27 Шілде, 2022

Ауыл әкімі қалай жұмыс істеп жатыр?

Қостанай облысында бүгінге дейін 89 ауылдың әкімі тікелей сайланды. Олардың 77-сі – мем­лекеттік қызметші. Сая­си науқан барысында 57 ауылдың тұрғындары бұрын­ғы әкімдерін қайта сай­лап алды. 24 шілдеде әкім­дерінің мерзімі аяқ­талған 10 ауылда сайлау өтеді. Сондай-ақ жылдың екінші жартысында 16 ауылдың әкімін сайлау жоспарланып отыр. Бү­гінде өңірдегі аудандық ма­ңызы бар қалаларда, ауыл­дар мен ауылдық округтерде 196 әкім жұмыс істеп жа­тыр. Олардың 31-і – әйелдер қауымы.

Аймақтар • 26 Шілде, 2022

Әшкерелегіш экран

Қаланың әр бұрышында беталбаты шашылып жатқан қоқыс үйінділерінен көптен бері арыла алмай келе жатқан рудныйлықтар бұл тығырықтан шығудың жолын енді тапқан сыңайлы.

Ахмет Байтұрсынұлы • 25 Шілде, 2022

Ахметтің музыкалық мұрасы

Ахмет Байтұрсынұлының музыкалық мұрасы жөніндегі екіұдай пікірлер көптен бері айтылып келеді. Мәселен, кейбір өңірлерде ұлт ұстазының шығармасы деп орындалып жүрген «Аққұм», «Екі жирен», «Қарғаш», «Қаракөзайым» әндері бар. Бірақ кәсіби музыка мамандары мұны мойындай қоймайды. Олар Ахаңдікі деп айтылатын әндердің бәріне халық шығармалары деп қарайды.

Коронавирус • 25 Шілде, 2022

Инфекциялық орталық қайта ашылды

Тобыл-Торғай өңірінде коронавирус індетінің өсімі байқалады. Бұған қоса, Рудный қаласында мидың қабынуына әкеліп соғатын қауіпті менингит тіркелді.

Аймақтар • 21 Шілде, 2022

Қостанай облысына 700 адам қоныс аударады

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында жұмыс орны қат өңірлерде тұрып жатқан 550 азамат Тобыл өңіріне көшіп келмек. Сондай-ақ биыл тарихи Отанына оралғысы келетін 150 қандас астықты өңірге тұрақтап қалуды ниет етіп отыр.

Қазақстан • 19 Шілде, 2022

44 мың гектар жайылым қайтарылды

Ауылға тіршілік нәрін беріп, әрі қарай гүлденіп, дамуына дәрмен боларлық күретамырдың бірі – жайлы жайылым. Өкінішке қарай, жабайы жекешелендіру кезінде, көбіне, жалпы жұрттың жағдайы ескерусіз қалып, көптеген ауылда жекенің меншігіне өткен жер шеткі үйдің табалдырығына дейін келіп тірелді. Көп жұрттың ауылдан ауа көшуінің де бір себебі осы еді.

Қазақстан • 19 Шілде, 2022

Қағаз жүзіндегі малға субсидия алған

Мал шаруашылығы саласында АСЖ – ақпараттық сараптамалық жүйе деген электронды бағдарлама бар. Бүкіл малын осы жүйеге тіркеген шаруашылықтар ғана мемлекеттің қол­да­уына арқа сүйей алады және жергілікті мемле­кет­тік мекемелер осы жүйе арқылы санақ алып, қай шар­уа­шы­лық­та қанша мал бар екені туралы есеп беріп отырады. Бір сөз­бен айтқанда, АСЖ-ға тір­кел­ме­ген бас – жоқ малдың есебінде.

Қоғам • 18 Шілде, 2022

Маусым басталғалы 13 адам суға кетті

Шілденің шыжыған ыстығында бір ауық суға түсіп сал­қындап алғанға не жетсін. Алайда қапырықтан қашқан қалалықтар арнайы құтқару қызметі мен қоршауы бар қауіпсіз жағажайларды қомсына ма, әйтеуір өзен-көлдердің шомылуға рұқсат етілмеген қалтарыс-қаупі көп тұстарына тоқтап, суға түсуге құмар.

Аймақтар • 18 Шілде, 2022

Үш күнде 400 шақырымды еңсерді

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, Қостанай велосипед қауым­дастығы ұйымдастырған үш күндік веломарафон өз мәресіне жетті. Алдымен ұлт ұстазының Қостанайдағы ескерткішіне тағзым еткен велошабандоздар Әулиекөл асып, Шолақсайдан кері қайтты.