Коронавирус • 24 Ақпан, 2022
Өңірде ақпанның басынан бері асқынып кеткен қауіпті індет өткен аптада қайтадан бәсеңдей бастады. Мысалы, 1 ақпанда 586 адамнан COVID-19 анықталса, 18 ақпанда бұл көрсеткіш 97-ге дейін түсті. Алайда дәрігерлерді короновирус жұқтырып алып жатқан балалардың әлі де азаймай тұрғаны алаңдатады. 18 ақпанның өзінде 17 баладан КВИ белгілері анықталған.
Қоғам • 24 Ақпан, 2022
Мемлекет басшысының Жарлығымен 2021 жылғы 1 шілдеде құрылған Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына бүгінге дейін 700 шағым келіп түсіпті. Сот өткен жылдың соңына дейін 284 істі қарап, 211 іске қатысты шешім шығарған. Ал 64 іс медиация жолымен реттеліп, дауласушы тараптар өзара бітімге қол жеткізіп отыр.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2022
Қостанай көшелерінде жол ережесін бұзғандарды тоқтатып жатпай-ақ, сыртынан автоматты түрде айыппұл ресімдеп кете беретін патрульдік полиция көліктері жүре бастады. Бұл көліктердің құпиясы – үстіндегі түрлі-түсті жарқылдатқыш құрылғысында.
Аймақтар • 21 Ақпан, 2022
Балықтың су құрамында болатын оттегімен тыныстайтыны белгілі. Ал Жітіқара ауданының тұрғындары биыл су қоймаларының қыста қармақ қаппайтын тайыз тұстарынан балық байқапты. Тәжірибелі балықшылар мұндайда қалың мұздың астындағы тіршілікке оттегі аздық етіп жатқанын бірден біледі.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2022
Қостанай облыстық кәсіпкерлер палатасында экспорт өнімдерін шығаратын кәсіпорын басшылары мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне қарасты облыстық департаменттің өкілдері бас қосып, кәсіпкерлерді түрлі салада бой көрсетіп қалып жататын жемқорлық тәуекелдерінен қорғау мәселесін сөз етті. Сонымен қатар жиында ауыл шаруашылығын субсидиялау барысында туындайтын жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жолдары қарастырылды.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2022
Қостанай облысының оңтүстік аудандарында орналасқан елді мекендердің арасы шалғай болғандықтан, қыста сапарға шыққан жолаушыға жолда көлденең қауіп төнетін кездер аз емес. Әсіресе, қысқа күнде қырық құбылған ақпанның алдын болжап білу қиын. Күн райы күрт бұзылып, қарлы боран көтеріліп кетсе, жолға шыққан адамның айдалада қар құрсауында қалып қоюы әбден мүмкін.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2022
Алаш арыстарының Торғайдағы музейі
Торғайдағы ең көне ғимараттың бірі – Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатовтың әдеби музейі орналасқан үй. 1901 жылы салынған бұл ғимарат кезінде атақты көпестер ағайынды Яушевтердің Торғай қаласындағы саудасын басқарған ноғай саудагері Фазылжан Назмутдиновтің үйі екен. Фазылжан – Ахаң мен Жахаңды жақсы білген, аралас-құралас, сыйлас болған кісі. Ұлт ұстазының өзі де бұл үйге бір-екі рет келген деседі.
Медицина • 15 Ақпан, 2022
«Аяла» қоры мен Bayer компаниясының өкілдері Қостанай қаласындағы облыстық аурухананың перинаталдық орталығына шала туған нәрестелерді қарқынды емдеуге арналған жаңа инкубатор, бес неонаталды пульсоксиметр және бір электр сорғыш табыс етті.
Коронавирус • 14 Ақпан, 2022
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінге дейін өңірде 12 жастан асқан 8 мыңға жуық оқушы Pfizer вакцинасының бірінші кезегін алды. Екінші компонентті вакцина ектірген бес мыңнан астам бала бар.
Аймақтар • 14 Ақпан, 2022
Тазалық қоқыс орнынан басталады
Өңірдегі қоқыс полигондарында бір жыл ішінде 250 мың тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдық қордаланып қалады екен. Осыншама қоқыстың әрі кетсе 12 пайызы ғана өңдеуге жіберіледі. Облыста тұрмыстық қалдықты қосымша шикізат ретінде кәдеге асырып, одан дайын бұйымдар өндіріп жатқан он шақты кәсіпорын бар. Бірақ олар қатты қалдықтың санаулы түрлерін ғана сұрыптап, өңдеумен шектеліп отыр.