Аймақтар • 20 Тамыз, 2021
Қостанайдағы УК-161/1 түзеу мекемесінде интернет-дүкен ашылды. Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, мұнда отырғандардың туыстары енді азық-түлік, гигиеналық заттар және темір тордың арғы жағына өткізуге рұқсат етілетін басқа да тауарларға тиімді бағамен интернет арқылы тапсырыс бере алады.
Экология • 18 Тамыз, 2021
Қазақстанда соңғы онжылдық ішінде дала қырандары күрт азайып барады. Қатары жыл санап сиреп бара жатқан қанатты жыртқыштардың бұл түрін орнитолог мамандар да ерекше қамқорлыққа ала бастады. Мәселен, шілде айында Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының қызметкерлері Қостанай және Ақтөбе облыстарының оңтүстігіне дала қырандарына арналған 71 жасанды ұя орнатқан.
Коронавирус • 15 Тамыз, 2021
Қостанай облысында мейрамханаларға түнгі 2.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді. Ал қоғамдық көліктер демалыс күндері де жүре беретін болды. Өңірдің эпидемиялық ахуалы әлі де мәз емес, жедел штабтың мәліметіне сүйенсек, соңғы тәуліктің ішінде аймақта COVID-19 жұқтырған 264 науқас анықталып отыр. Соған қарамастан, облыстың бас санитарлық дәрігерінің орынбасары Владимир Нечитайло бұрынғы қаулыға карантин талаптарын жеңілдету туралы бірқатар өзгерту енгізді. Бұл өзгерістер пандемия басталғалы кәсібі тұралап қалған бизнес нысандардың қайта жандануына жол ашып отыр.
Коронавирус • 13 Тамыз, 2021
Қостанай облысында Ashyq жүйесінің көмегімен қоғамдық орындарда, көпшілік ортада еркін қыдырып жүрген «қызыл» мәртебелі – 175, «сары» мәртебелі 146 адам анықталды. Олардың ішінде Лисаков, Рудный, Қостанай қалаларының, сондай-ақ Қостанай және Алтынсарин аудандарының тұрғындары бар екені анықталып отыр.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2021
Қостанай облысында карантин шаралары жеңілдеді
Қостанай облысында мейрамханаларға түнгі 2:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2021
Қостанай облысының оңтүстік аудандарында күзгі науқан әдетте тамыздың жиырмасынан кейін қызатын. Ал биыл жаңбырсыз жаздың аптап ыстығынан астығы көтерілмей қалған шаруашылықтар алқаптағы егінді ерте жинап ала бастады.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2021
Қостанай облысында көбелек жұлдызқұрты көбейіп кетті
Мамандардың айтуынша, көбелек жұлдызқұрттарының үлкен көші Ресейден шығып, Қостанай облысы арқылы Батыс Қазақстанға бет алып барады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Тамыз, 2021
Амангелділік шаруалар Маңғыстау облысына екі вагон шөп жөнелтті
Жердің пейілі тарылғанымен, елдің пейілі тарылмақ емес. Биылғы қуаңшылық қатты ұрған Маңғыстау облысындағы ағайынға еліміздің әр өңірінен көп көмегі мен шөп қорегін жөнелтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Тамыз, 2021
Көп болып көмек көрсетіп жатыр
Шөптің шығымы биыл Қостанай өңірінде де мәз емес. Мамыр, маусым айларындағы аптап ыстықтың салдарынан жылда бітік шығатын шабындықтың біраз бөлігі ерте қурап кетті. Сондықтан биыл шабылған шөптің орташа түсімі гектарынан шамамен 4 центнерден ғана келді. Биыл өңірде қысқы мал азығын жеткілікті мөлшерде дайындап алу мақсатында орман іші, су жағалары мен оты мол жайылымдық жерлерге де шалғы түскен.
Қазақстан • 05 Тамыз, 2021
«Шенеунікке обал болды», дейді жұрт...
Мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп жүрген әрбір азамат әбден тәжірибе жинақтап, білікті маман деңгейіне көтерілгенше алты-жеті жылдай уақыт кетеді екен. Және жас маман бас маман болып қалыптасқанға дейін мемлекет оған қыруар қаржы жұмсайды. Алайда өкінішке қарай, біліктілігі артып, тәжірибесі толысып, енді ғана жауапты лауазымға қолы жеткен шенеуніктердің біразы аяқ астынан істі болып, сотталып кетіп жатыр.