Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1596 материал табылды

Аймақтар • 25 Мамыр, 2021

Ерлан Тұрғымбаев Қостанайға жұмыс сапарымен барды

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қостанайға жұмыс сапары барысында жергілікті полицияның жұмысымен танысып, құқық қорғау саласының техникалық мүмкіндіктерін тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz

Тарих • 25 Мамыр, 2021

Әлихан Бөкейхан және Тобыл-Торғай өңірі

Қостанайда «Алаш тарихынан тағылым: Әлихан Бөкейхан және Тобыл-Торғай өңірі» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында ZOOM платформасында өткен жиынды А.Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университеттің «Рухани жаңғыру» кеңсесі ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 25 Мамыр, 2021

Қостанайда мектеп оқушысы суға кетті

Бүгін Қостанайдағы №29 мектептің 9-сынып оқушысы суға батып кетті.  Қайғылы оқиға түске дейін «Аэропорт» шағын ауданындағы шағын су қоймасында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 25 Мамыр, 2021

Адам өлтірген қылмыскер полиция оғынан көз жұмды

Қостанай облысында екі сәбидің анасын аса қатыгездікпен өлтірген қылмыскер полиция оғынан көз жұмды. Полиция Сарыкөл ауданына қарасты Новое ауылында өз үйінде пышақ жарақатынан көз жұмған әйелдің табылғаны туралы мәлімдеді. Қызыл қанға малынған мәйітті таңғы сағат 9.25-те туған анасы тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 25 Мамыр, 2021

Электрмопед құрастырып шығарды

Қостанайлық Александр Ерунов баламалы қуат көзімен жүретін шағын мопед құрастырып шықты. Өнертапқыш өзінің екі аяқты көлігі Кедендік одақтың барлық техникалық талабына сай құрастырылғанын, сондықтан шекара ашылса, Қазақстан мен Ресейдің арасында еш кедергісіз жүре беруге болатынын айтады.

Аймақтар • 25 Мамыр, 2021

Ashyq орнатқанға кедергі жоқ

Қостанай облысында былтыр пандемияға байланысты жабылып қалған боулинг, караоке-бар, тойхана және компьютер клубтары Ashyk жобасына қосылған соң, жұмысын қайта жандандыра бастады.

Оқиға • 25 Мамыр, 2021

Ауылдықтар әкім сайлауынан не күтеді?

Биыл Қостанай облысында 66 ауыл әкімінің өкілеттік мерзімі аяқталады. Бұған дейін аудандық мәслихат депутаттарының таңдауы бойынша сайланып келген әкімдер енді жергілікті халықтың тікелей дауыс беруі арқылы сайланатын болады. Елімізде тұңғыш рет кең көлемде жүзеге асырылғалы отырған саяси реформадан ауылдықтар не күтеді, сайлаудың жаңа жүйесі туралы әкімдердің өздері не дейді? 

Аймақтар • 24 Мамыр, 2021

«Жануарлар» жол апатынан сақтайды

Қостанай облысындағы күре жолдардың бойында үй жануарларының макеттері пайда болды. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, жол шетіне қойылған мұндай макеттер көлік апатының азаюына көмегін тигізеді.

Аймақтар • 23 Мамыр, 2021

Балалар лагері дайындыққа кірісті

Қостанай облысында биыл жазда балаларға арналған 10 демалыс орны ашылады. Қазірдің өзінде 4 сауықтыру лагері жұмыс істеуге рұқсат алып үлгерді. Өңірде эпидемиялық жағдай тұрақты болып тұрса, қала сыртында орналасқан басқа демалыс орындары да жұмысқа кірісетін болады. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, бірінші ауысымдағы жазғы лагерьлер маусым айынан бастап жұмыс істей бастайды.

Тағайындау • 20 Мамыр, 2021

Қостанайда облыс әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Бүгін Президент Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің өкімімен Әбенов Арман Тарғынұлы Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.