Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1563 материал табылды

Коронавирус • 20 Тамыз, 2021

«Вакцина қабылда!» акциясы басталды

Қостанайға Қытайдың Sinofarm компаниясы шығарған Vero Cell вакцинасының 43 мың дозасы жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір жаңа әкелінген вакцина өңірдегі екпе пункттеріне таратылып жатыр.

Аймақтар • 20 Тамыз, 2021

Оқшау мекемедегі онлайн-дүкен

Қостанайдағы УК-161/1 түзеу мекемесінде ин­тернет-дүкен ашылды. Об­лыс­тық қыл­мыстық ат­қару жүйесі де­пар­та­мен­ті­нің мәлі­ме­тін­ше, мұнда отыр­ған­дар­дың туыс­тары енді азық-түлік, ги­гиеналық заттар және темір тордың арғы жағына өткізуге рұқ­сат етілетін басқа да та­уар­ларға тиімді бағамен ин­­­тернет арқылы тапсырыс бере алады.

Экология • 18 Тамыз, 2021

Дала қыранына қамқорлық керек

Қазақстанда соңғы онжылдық ішінде дала қырандары күрт азайып барады. Қатары жыл санап сиреп бара жатқан қанатты жыртқыштардың бұл түрін орнитолог мамандар да ерекше қамқорлыққа ала бас­тады. Мәселен, шілде айында Қазақстан биоалуантүрлілікті сақ­тау қауымдастығының қызметкерлері Қостанай және Ақтөбе об­лыс­тарының оңтүстігіне дала қырандарына арналған 71 жасанды ұя орнатқан.

Коронавирус • 15 Тамыз, 2021

«Қызыл аймақтың» қызықтары

Қостанай облысында мейрамханаларға түнгі 2.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді. Ал қоғамдық көліктер демалыс күндері де жүре беретін болды. Өңірдің эпидемиялық ахуалы әлі де мәз емес, жедел штабтың мәліметіне сүйенсек, соңғы тәуліктің ішінде аймақта COVID-19 жұқтырған 264 науқас анықталып отыр. Соған қарамастан, облыстың бас санитарлық дәрігерінің орынбасары Владимир Нечитайло бұрынғы қаулыға карантин талаптарын жеңілдету туралы бірқатар өзгерту енгізді. Бұл өзгерістер пандемия басталғалы кәсібі тұралап қалған бизнес нысандардың қайта жандануына жол ашып отыр.

Коронавирус • 13 Тамыз, 2021

«Қызылдар» қыдырып жүр

Қостанай облысында Ashyq жүйесінің көмегімен қоғамдық орындарда, көпшілік ортада еркін қыдырып жүрген «қызыл» мәртебелі – 175, «сары» мәртебелі 146 адам анықталды. Олардың ішінде Лисаков, Рудный, Қостанай қалаларының, сондай-ақ Қос­танай және Алтынсарин аудандарының тұрғындары бар екені анықталып отыр.

Аймақтар • 11 Тамыз, 2021

Қостанай облысында карантин шаралары жеңілдеді

Қостанай облысында мейрамханаларға түнгі 2:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 11 Тамыз, 2021

Егінге орақ ерте түсті

Қостанай облысының оңтүстік аудандарында күзгі науқан әдетте тамыздың жиырмасынан кейін қызатын. Ал биыл жаңбырсыз жаздың аптап ыстығынан астығы көтерілмей қалған шаруашылықтар алқаптағы егінді ерте жинап ала бастады.

Аймақтар • 09 Тамыз, 2021

Қостанай облысында көбелек жұлдызқұрты көбейіп кетті

Мамандардың айтуынша, көбелек жұлдызқұрттарының үлкен көші Ресейден шығып, Қостанай облысы арқылы Батыс Қазақстанға бет алып барады, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 07 Тамыз, 2021

Амангелділік шаруалар Маңғыстау облысына екі вагон шөп жөнелтті

Жердің пейілі тарылғанымен, елдің пейілі тарылмақ емес. Биылғы қуаңшылық қатты ұрған Маңғыстау облысындағы ағайынға еліміздің әр өңірінен көп көмегі мен шөп қорегін жөнелтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 06 Тамыз, 2021

Көп болып көмек көрсетіп жатыр

Шөптің шығымы биыл Қостанай өңірінде де мәз емес. Мамыр, маусым айларындағы аптап ыстықтың салдарынан жылда бітік шығатын шабындықтың біраз бөлігі ерте қурап кетті. Сондықтан биыл шабылған шөптің орташа түсімі гектарынан шамамен 4 центнерден ғана келді. Биыл өңірде қысқы мал азы­ғын жеткілікті мөлшерде дайындап алу мақсатында орман іші, су жағалары мен оты мол жайылымдық жерлерге де шалғы түскен.