Қасымхан ҒАЛЫМ
Қасымхан ҒАЛЫМ«Egemen Qazaqstan»
207 материал табылды

Айбын • 04 Қазан, 2023

Биікке самғатқан арман

Әуе қорғанысы күштеріне қарасты 53898 әскери бөлімінің авиациялық оқу-жаттығу орталығында Әлихан мен Мәдихан есімді егіздердің арманы орындалды. Ол қандай арман десеңіз, екеуі де ұшқыш болуды бала кезінен ойлаған екен. Әскери базада тікұшаққа отырып көрген екеуінің үлкен арманы жақындай түсті.

Сайлау • 04 Қазан, 2023

Әкімдерді сайлау тәжірибесі

Орталық сайлау комис­сиясының төрағасы Нұр­лан Әбдіров инспекциялық сапармен Қарағанды облысында болды. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің қанатқақты сайлауын да­йындау және өткізу аясында ұйымдастырылған сапарға комиссия аппа­ра­тының жауапты қызмет­керлері де қатысты.

Халық • 03 Қазан, 2023

Еңбегімен қадірлі

Қарағанды іргесінде Үштөбе деген ауыл бар. Сол жерде есімі елге сыйлы Сейсенбек ақсақал мен Раушан әжей тұрады. Балаларына «Зейнетке шықтық, бізді бағыңдар» деп отырған жоқ. Еңбекпен ертеден айналысып қалған екеуінің бүгінде бос уақыты жоқ.

Аймақтар • 03 Қазан, 2023

Ел ықыласына бөленген

Күні кеше Қарағандыда қатты жауған жаңбырдың соңы бұршаққа ұласты. Қа­ла­ның кей көшелері көлге айналды. Жұрттың дені аяғымен су кешті, кө­ліктер белортаға дейін жаң­быр суына батты. Осы бір сәтте сағаттап су ортасында тұрып, жол қозға­лысын реттеген жол-патрульдік полиция қыз­мет­керлеріне ел риза болды.

Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2023

Жарықсыз қалған Қарағанды

Қарағандыда жылуды әне-міне қосқалы тұрғанда үшінші жылу электр стансасында апат болды. Абырой болғанда, күн жылылау кезде істен шықты. Әйтпегенде, кеншілер астанасы Екібастұздың кебін киер ме еді? Апат кесірінен Қарағанды 3-4 сағатқа жарықсыз қалды. Облыс орталығынан бөлек, қала, аудандарда электр қуаты өшті. Ал алдыңгүні қатты жауыннан соң, Қарағанды көшелері көлге айналды. Екі күннен бері қарағандылықтар әрі-сәрі күйде.

Еңбек • 26 Қыркүйек, 2023

Түрмеде де түрлі кәсіп игеруге болады

Түрмеде жазасын өтеп жатқандар да кәсіпорында жұмыс істеп, жалақы алады. Қазір тіпті, колледжде оқып, арнайы мамандықты да игереді. Жақында Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №30 мекемесінде шағын және орта бизнес өкілдері үшін ашық есік күні өтті. Іс-шара мекеменің кәсіпорын аумағындағы өндірістік әлеуетті арттыруды көздейді. Сол арқылы сотталғандарды еңбекпен қамту мәселесі ойластырылған.

Сайлау • 26 Қыркүйек, 2023

Әкім сайлауы: партиялар кандидат ұсынуды бастады

Алда тағы бір маңызды саяси науқан келе жатыр. Аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау уақыты жақындап қалды. Саяси партиялар өз кандидаттарын ұсына бастады. Қарағанды облысының екі ауданына Қазақстан халық партиясы да екі кандидатты таңдап, біреуінің құжатын сайлау комиссиясына тапсырды.

Еңбек • 24 Қыркүйек, 2023

Еңбекқор жүргізуші

Жасынан еңбегімен еңсе тіктегендердің бірі – Есболат Қарпықбаев. Күн ертеден қара кешке дейін автобус тізгіндеп жүргеніне он жылдан асты. Бүгінде Қарағандыдағы №3 автопарктің еңбек өтілі ең көп жүргізушісінің бірі.

Күрес • 22 Қыркүйек, 2023

Бабындағы балуан

Қарағандылық балуан Болат Сапардың болашағынан бапкерлері зор үміт күтеді. Күні кеше Доминикан Республикасында өткен жағажай самбосынан ІІІ әлем чемпионатында екінші орын иеленіп, ел мерейін үстем етті.

Ғылым • 20 Қыркүйек, 2023

Өнертапқыш өрендер

София Дасаева мен Лейла Нұрлыбаева есімді Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары кезекті рет олжалы болды. Solve for tomorrow 2023 республикалық әлеуметтік жобалар байқауында екінші орынға ие болып, 2,5 млн теңге көлемінде грант алды.