Қасымхан ҒАЛЫМ
Қасымхан ҒАЛЫМ«Egemen Qazaqstan»
207 материал табылды

Аймақтар • 20 Тамыз, 2023

Жаңа автобустар жолға шықты

Биыл Қарағанды облысында 165 жаңа автобус жолға шығады. Іргедегі «Саран Qaztehna» зауытынан №5 автопаркке 59 автобус жеткізілді. Бұл жаңалыққа Пришахтинск тұрғындары ерекше қуанды. Бұған дейін осы бағытта қатынайтын №145 және №45 автобустардың дені ескірген еді. Жолаушылар енді «Еуро-5» экологиялық стандарты талаптарына толық сай жаңа маршрутпен қатынайды.

Аймақтар • 18 Тамыз, 2023

Торқалы тойдан тәбәрік

Сарыарқаның алтын қақпасы атанған, Арқа мен Жетісудың арасын жалғап жатқан Сарышаған кентіне 70 жыл толды. Ынтымағы жарасқан, ырыс-берекесі тасыған ауыл халқы мерейлі жылды торқалы той өткізіп атап өтті. Бұл тойда елге шарапаты тиетін игілікті іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, ауылдың ең биік жотасынан сәні келіскен саябақ ашылды. Ауыл жастарына арналған волейбол мен баскетбол алаңы бой көтерді. Теміржол вокзалындағы жаңадан ашылған мұражайда жолаушылар түрлі жәдігерлермен таныса алады. Мешіт жанындағы діни сауат ашу орталығы мен асхана ауылға жанашыр азаматтардың атсалысуымен салынып отыр.

Төтенше жағдай • 18 Тамыз, 2023

Шахтадағы өрттің өкініші

Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласының іргесіндегі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында апат болды. 170 метр тереңдікте өрт шыққан. Конвейер таспасы өртеніпті. Зардап шеккен сегіз адам ауруханаға жатқызылды. Құтқарушылар төрт адамды іздестіруде. Бір кеншінің денесі табылды. Шахта ішіндегі қою түтіннің салдарынан іздестіру жұмыстары қиынға соғуда. Оқиға орнына облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев барды. Өрттің себептері анықталып жатыр.

Жастар • 17 Тамыз, 2023

Цукер­бергті жолда қалдырар...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жас кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беріліп жатыр. Қарағандылық өрендердің дені алған қаражаттарын сауда-саттыққа, шаруашылыққа, жеңіл өнеркәсіпке, басқа да кәсіптерге бағыттаса, қарқаралылық Әділ Мүси IT саласына қолданып отыр. Дәл қазір күні-түні компьютерінен көз алмай, қызу жұмыс үстінде.

Құтқарушы • 16 Тамыз, 2023

Теміртаулық бала батыр

Арман Максимов суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды. Оқиға тамыздың басында металлургтер қаласындағы техникалық каналда болды.

Зерде • 15 Тамыз, 2023

Бұқардың жыры – бұқараға аманат

Бұқар жыраудың 355 жылдығы Арқа жерінде айтарлықтай атап өтілді. «Бұқарекең жырлайды» атты республикалық фес­ти­вальге елдің түкпір-түкпірінен жиырмадан астам жыршы-жырау келді. Фестиваль Бұқар бабаның атындағы ауданның Ботақара кентінде басталып, нүктесі кеншілер шаһарында қойылды.

Аймақтар • 15 Тамыз, 2023

Ақтөбелік велосаяхатшы Арқаға жетті

Ақтөбеден ұзақ жолға шыққан ардагер велошабандоз Арқаға келді. Бар ғұмырын теміржол бойында өткізген Жұмабай Отарғалиев елімізді аралап жүр. Велосипедті тақымдағанына алты жыл болыпты. Содан бері 20 мың шақырымнан аса жол жүріп өткен. Зейнетке шыға салысымен велосипед алып, құрметті еңбек демалысында ел аралап, жер көруді мақсаты еткен Жұмабай ақсақалдың жасы 75-те.